Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 16-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 16

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны

Оқу мақсаты

А/И2. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

 Бағалау критерийі

Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі жайында ойларын айтады;

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдап жаза алады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында шығармашылықпен жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: автор, автор бейнесі, автор көзқарасы, кейіпкер, тілдік көрініс, мықты болған, көзі өткір, жауға батыл, балгер болған, екі көзін қан жауып, Қорқыттың күйін тартып, т.б.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі жайында былай ойлаймын...

Ақын көзқарасы мына жолдардан анық байқалады:

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық ерекшелік, үлкенді сыйлау, адамгершілік

Пәнаралық байланыс

Кейіпкер сипатын ашуда бейнелеу өнері пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік- Кебек» дастанындағы кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді түсініп, сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут

1.Миға шабуыл

«Алфавит» әдісі

Сынып оқушыларына «Е», «К», «Н» әріптері жазылған үлестірме қағаздар таратылып, дыбыстар арқылы топқа бірігеді. Оқушылар «Алфавит» әдісі бойынша «Е», «К», «Н» топтарына бөлінеді. Топ мүшелері бірінші дыбысқа байланысты кейіпкер атын анықтайды, екінші пазл түріндегі кеспе қағаздарға жазылған «қара көзді, тапалдау, мықты болған, орта бойлы, кең иықты, жауға батыл, балгер болған, Қорқыттың күйін тартып, ішімде қайғым жатыр, өлген соң бірге қосып таспен бастыр, бір сорлымын, екі көзін қан жауып» сөз тіркестерін кейіпкер сипатына байланысты топтастырады. Жұмыстың соңында әр кейіпкердің сипаты пазл түрінде жинақталады. Құрастырылған пазлдағы кейіпкер сипатын анықтағаннан кейін, тапсырманы «Сөздер сыр шертеді»тақырыбы бойынша қорытындылайды.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.

  • Автор бейнесін анықтайды;
  • Автордың тілдік қолданысын талдайды.

Әріптер, сандар жазылған үлестірме қағаздар, маркер, фломастер, түрлі түсті қарындаш, постер, интерактивті тақта, диктофон.

Сабақтың ортасы

28 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«Консенсус» әдісі

Тапсырма «Консенсус» немесе «Бірі барлығы үшін және барлығы бірі үшін» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс оқушылардың жеке, шағын топта, сыныппен жұмыс істеуіне бағытталған.

Оқушылардан «1-4» сандары арқылы «бірінші», «төртінші» болып бөлінуді ұсынасыз.Осы сандар арқылы жылдам және тез топтасуы қажет. Оқушылар 4 адамнан тұратын топқа бірігеді. Топқа тапсырма нұсқасы жазылған А4 қағаз таратылады. Оқушылар мәтіндегі көркемдегіш құралдарды тауып, сөздердің мағынасын анықтайды. Топ мүшелері бірінші кесте бойынша шығармадағы сөздердің көркемдік қолданысын «сөйлем», «сөз», «тілдік көрініс» арқылы айқындап, әрқайсысы тапсырманы 3-5 минут жеке орындайды. Содан кейін жұмыстарын топпен талқылап, «біздің анықтама» мен «сөздіктегі анықтамасын» бірге табады. Қорытындысында әр топ өз жауаптарын жалпы сыныпқа таныстырып, ортақ шешімге келеді.

Сөйлем

Сөз

Тілдік көрініс

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

3. Мағынаны тану

2-тапсырма

«Суретті болжа» тәсілі

«Суретті болжау» тәсілі бойынша оқушыларға алдымен интерактивті тақтадан немесе проектордан Кебек пен Еңлік бейнесін сипаттайтын бірнеше суреттер көрсетіледі. Содан кейін Еңлік пен Кебектің сипатын ашатын дастан шумақтары таратылады. Оқушылар бірінші үзіндіні өздері оқиды, содан кейін жұпта талдайды. Дастан бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетін талқылап болғаннан кейін топпен дастан бойынша өздері таңдаған кейіпкер бейнесінің суретін постерге салады. Салған суреттерін сынып бөлмесінің қабырғасына іледі. Әр топ суретке баға береді. Постердегі суреттер сынып қабырғасына ілінеді, әр жұмыстың астына топ мүшелері баға беріп, жазып отырады.

Қабілеті жоғары оқушыға кейіпкер бейнесін ауызша сипаттап айту тапсырылады, қабілеті орта оқушы «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жазып алады.

3-тапсырма.

Оқушылар дастан бойынша кейіпкерлердің өзара қатынасын топ ішінде талдап, кестені жеке толтырады. ( кейіпкерді әр топ өзі таңдап алады).

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын әңгіме арқылы дәлелдеу

Тапсырманы орындап болғаннан кейін топ спикеріне тапсырады.

4. Бекіту

4-тапсырма

«Зерттеу сұрақтары» тәсілі

Сынып оқушылары алдымен «Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы пікірлер» бейнежазылымын көреді.( https://www.youtube.com/watch?v=5HAtCako26s) Бейнежазылымды көргеннен кейін өздері ғаламтордан ақын туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Көргендері мен жинақтаған ақпараттарына сүйене отырып зерттеу сұрақтарын құрастырады.

Мұғалім қабілеті жоғары оқушыны автор рөліне таңдап алады. Сынып оқушылары авторды дөңгелене қоршап отырады. Автор ортада отырып, олардың сұрақтарына жауап береді. «Ыстық орындықта» отырған оқушы 5 сұраққа жауап бергеннен кейін автор рөлін басқа оқушымен алмастыруына болады.

Сынып оқушылары 3-4- тапсырмаларға бағалау критерийлері арқылы сараптама жасайды.

5.Салыстыру

5- тапсырма

Сен білесің бе?

Оқушылар дастан нұсқасы бойынша берілген үзіндіні бірінші- оқып шығады, екінші- ондағы автор сипаттаған кейіпкер әрекетін жұппен талқылайды, үшінші- қарсы жұптың пікірімен салыстырып, алған әсерін сипаттап жазады.

Бұл қасиет кімнің бойынан табылады?

Кейіпкердің әрекеті

Автор қандай тілдік тәсіл арқылы көрсеткен?

Әсер

Өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытқан;

жаны жомарт, үлкенге ізетті, кішіге мейірімді;

елін сыртқы жаудан қорғау үшін шайқасқа дайын;

Тоқтамыстың құрметіне бөленген.

Ел қамы үшін өлуге жанын салып,Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.Жауға батыл, жақынға және әдепті,Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.

«Жасы бала болса да, жаны отты» деп,Артық көріп не сабаз жолдасынан.

Он бесінде ....аты шықты,Атты жаяу бәріне бірдей мықты.Көзі өткір, қараторы жігіт екен,Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.

6.Бағалау

«Шығармашылық матрица» әдісі

Тапсырманы орындап болғаннан кейін алдыңғы тапсырмадағы «Алфавит» әдісі бойынша топқа бөлініп, кейіпкер сипаттаудағы автордың тілдік қолданысы негізінде кейіпкер монологын құрастырады. «Е» дыбысын алған топ «Еңлік монологын», «К» дыбысын алған топ «Кебек монологын», «Н» дыбысын алған топ «Нысан абыз монологын» құрастырып жазады. Монологты бірінші жұп мәнерлеп оқиды, екінші жұп «Диктофон» әдісі бойынша жазып алады. Жазып алған жұмыстарын топта бір рет тыңдайды. Ең жақсы оқыған оқушы монологы таңдалып алынады. «Кейіпке кіру» тәсілі арқылы әр топтан бір оқушы рөлге еніп, монологты сынып алдында мәнерлеп оқиды. Сынып оқушылары тыңдап, «Біз бұл тапсырмада нәтижеге жеттік..., Біз өте жақсы нәтижеге жетер едік, егер..., Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда біз жасар едік...» деген бағалау парағы арқылы қорытынды ойларын айтады.

Қабілеті жоғары оқушыға топ жұмысына сараптама жасап отыруға, қабілеті орта оқушыны рөлге еніп, кейіпкер монологын мәнерлеп оқуға бағыттаңыз.

Бейнежазылым: Youtube 14.05.13 Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы пікірлер. Өмірі мен шығармашылығы, «Еңлік- Кебек» дастаны

https://www.youtube.com/watch?v=5HAtCako26s

Сабақтың соңы

4 минут

Кері байланыс: Оқушылар «ББТЗО» кестесін толтырып, мұғалімге тапсырады.

Б

Автор туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?

Кері байланыс парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Консенсус», «Зерттеу сұрақтары»,«Ыстық орындық», «Суретті болжа» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, зерттеушілік дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға «Шығармашылық матрица», «Суретті олжа» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Үстелдер мен орындықтардың әр оқушының жеке жұмыс жасауына қолайлы болуына назар аудару қажет.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылардың дауыстарын диктофонға жазу кезінде бір-бірінің дауыстарын жақсы еститіндей, жазуға бөгет болмайтындай етіп қойылуы керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу