Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 17-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 17
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны | ||||||||
Оқу мақсаты | А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу. | ||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады. | ||||||||
Бағалау критерийі | Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Мақсатқа сай шығармадан үзіндіні таңдай біледі; Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей алады; Өз көзқарастарын жазылым жұмысында креативті жеткізеді. Пәндік лексика мен терминология: креативті жазу, барымта алмай, жанын аяп,талап қылма, талап пен іс, теріс бата,таспен бастыр, әрекетсіз отырмақ , жұмбақтамай, жанын салып, батыл, әдепті. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ: Шығарманың құндылығы мынада деп білемін: | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік, жастардың бас бостандығы, махаббат | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп жазу кезеңінде бейнелеу өнерімен, қазақ тілі пәнімен байланыс болады. Қазақ тілі :«Шығармашылыққа бағытталған жазылым түрлері» | ||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Шәкәрімнің «Еңлік- Кебек» дастанындағы автор бейнесі мен тілдік қолданысын талдау барысында сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 7 минут | 1.Миға шабуыл Бұл тапсырма «Джеффа жаттығуы» тәсілі бойынша орындалады. Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтар «Шырқырап тау басында қалған жас сәбидің тірі қалуы мүмкін бе?» тақырыбы бойынша біреуі «мүмкін», біреуі «мүмкін емес» деп пікір таластырады. Сонымен қатар топ ішінде «жоқ, олай болмауы да мүмкін», «келісемін, бірақ сенімсізбін», «білмеймін» деген пікірлер де болады. Белгіленген уақытта пікірталас аяқталғаннан кейін оқушылар сыныппен ортақ пікірге тоқталады. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
| «Еңлік- Кебек» дастаны , шығарма үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар. | |||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
| 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Пайдалы кеңестер» әдісі Оқушылар жазба жұмыстарын бірге жазған жұптарымен топқа бірігеді. Оқушылар алдыңғы сабақта сынып болып өздері диктофонға жазған «Еңлік», «Кебек» монологы мен ғаламтордан «Еңлік монологын» (Youtube 24.02.14 Еңлік-Кебектен үзінді, https://www.youtube.com/watch?v=Zk-db3V3Ekk ) тыңдайды. Оқушылар бірінші жеке, екінші жұппен, үшінші топпен жұмыс жасайды. «Уақыт» әдісі бойынша тыңдағандары мен дастан үзінділерінен: «Жатып алса, табамыз қайтіп жөнін?», «Қалып жүрмелік теріс батаға...», «Сүйтсе де бізге міндет- талап пен іс...», «Талап қылма талпынба деп өзіңе...» тақырыптарына сәйкес келетін жолдарды іріктеп алады. Осы тақырыптар бойынша шығарма үзінділерін өңдеп қайта жазады. Жазған жұмыстарын басқа жұппен ауыстырып оқып шығады. Бір оқушы үш оқушының жұмысын оқиды, әр жұмыстан ең үздік бір жұмыс таңдалып алынады. Бірінші ең үздік жұмысты «Пайдалы кеңестер» әдісі арқылы топта талдап, өз пікірлерін қосады. 3. Мағынаны тану 2-тапсырма «Сен ақынсың» әдісі Оқушыларға алдымен «Түсінік картасы» таратылады. Түсінік картасында тапсырмаға байланысты қолданылатын сөздердің тізбегі жазылады. Екінші оқушылар «Сен ақынсың!» әдісі арқылы естігендері мен тірек сөздерді пайдалана отырып жұппен 5 жолды өлең құрастырады. Құрастырған өлеңдерін топқа бағалауға ұсынады. Топ спикері «Жетістік» кері байланыс бағалау парағындағы «Ол бұл тапсырмада нәтижеге жетті..., Өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер..., Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда былай жасауға болар еді...» жолдарды толтырып, жұмысты бағалайды. Қабілеті жоғары оқушы спикер ретінде топтық бағалаудың қорытындысын шығарады, қабілеті орта оқушы топтың ортақ ойымен сынып оқушыларын таныстырады. 4.Бекіту 3-тапсырма «Домино» әдісі Оқушылар «Домино» әдісі бойынша төрт адамнан тұратын топқа бірігеді. Негізгі ойын үш адамның арасында жүреді. Бір оқушы бақылаушы болады. Жүрісті бастаған оқушы әр қадам сайын тақырыпқа қатысты бір сөз айтуы керек. Қарсыласы өз жүрісінде оның сөздерін қайталамай жаңа сөз айтып жүрісін жалғастырады. Бақылаушы уақытты, қарсыластардың сөздерінің дұрыстығы мен қайталанбауын қадағалайды. Тапсырма екі минутқа негізделеді. Қабілеті жоғары оқушы «Еңлік -Кебек» – ғашықтық жыры» тақырыбында ең түйінді ой тұжырымын шығаруға, қабілеті орта оқушыны бақылаушы болуға бағыттаңыз. 5.Салыстыру 4- тапсырма «Жобалау техникасы» әдісі Бұл тапсырма «Жобалау техникасы» әдісі бойынша орындалады. Оқушыларға алдымен М.Әуезовтың «Еңлік- Кебек» пьесасынан (Youtube 03.09.14 Отрывок из "Еңлік-Кебек", https://www.youtube.com/watch?v=VJaBAaRgIZQ) үзінді көрсетіледі. Оқушылар пьеса оқиғасының шығарма үзіндісімен сәйкес келетін кезеңдерін салыстырып, белгілеп отырады. Оқушылар екі-екіден отырғызылады. Әрқайсысына шығарманың Еңлік пен Кебектің кездескен бөлігі жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Үзіндінің соңында : «Мен мынаны қосар едім...», « Мен былай болғанын қалар едім...», « Егер мен жазушы болсам ..... аяқтар едім» деген толықтыруды қажет ететін сөйлемдер жазылады. Оқушылар үзіндіні оқып болғаннан кейін шығарма бөлігін өз қалауымен өзгертеді. Жазып болғаннан кейін жұмыстарын жұппен ауыстырып оқиды. «Еңлік пен Кебектің кездесуін сен қалай өзгертіп жазар едің?» тапсырмасы бойынша екі жұмысты қосып, шығарманың «Мен қалаған кездесу» бөлігін жазып шығады. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті орта оқушылардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды. 6.Бағалау 5- тапсырма «Жаубыңды маған көрсет» тәсілі Бұл тапсырманы орындау кезінде «Жауабыңды маған көрсет» тәсілі қолданылады. Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген шағын топтан бес кісілік топқа бірігеді. Топ мүшелері дастан бөліктерін бір-бірден бөліп алады. Оқушылар үзінділеріндегі «жоғалған сөздерді» тауып жазады. 1. Еңлік айтты: «Таң қалдым бұл сөзіңе,Ұқсамайды түндегі мінезіңе.Егерде біреу айтса ұнар ма едің, .............?, талпынба деп өзіңе.Рас, құдай жазбаса бітпес жұмыс,Сүйтсе де бізге міндет – ..........?................................? дұрыс болса,Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс? 2. Барымта алмай бітімге көнсе елің,Қанша мал алса аярым жоқ қой менің.«Қызды қайтар, әйтпесе бітпейміз» депЖатып алса, табамыз қайтіп жөнін?Матай алса, Тобықты тек жата ма,Азбын деп .......? ар сата ма?Ауыл шауып, мал алып, қан төгілер,Ойла! Қалып жүрмелік …....?! 3. Кебекпен мені азғана араздастыр,Өлген соң бірге қосып .......?.Мына бала — Тобықты баласы ғой,Мұны өлтірме, ............? биге тапсыр». Қабекең сөз айтпайды .....................?:«Ей, Көбей, сұңқар қалай, тауық қалай?Тоқтамыс жолаушылап кетіп еді,Сол келгенше өтпей ме уақыт талай? 4. Он бесінде Кебектің аты шықты,Атты жаяу бәріне бірдей мықты...........?, .................? жігіт екен,Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.Ел .......................? жанын салып,Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.Жауға ........?, жақынға және.........?,Кішіні іні, үлкенді ағатайлап. Тауып жазған сөздерін өздеріне қарсы отырған жұптардың тапсырмаларымен салыстырып, «дұрыс» деп тапқан нұсқасын келесі топ мүшелеріне көрсетеді. Көп нүктелі жолдарды толықтырғаннан кейін үзінділерді өңдеп, бөліктерді өз сөздерімен қайта жазып шығады. «Шарлау» тәсілі арқылы бір топ екінші топтың жұмысын оқып, топтық бағалау жүзеге асады. | Youtube 24.02.14 Еңлік-Кебектен үзінді «Еңлік» монологы https://www.youtube.com/watch?v=Zk-db3V3Ekk «Еңлік –Кебек» пьесасы Youtube 03.09.14 Отрывок из "Еңлік-Кебек" 2-курс Жүргенов атындағы КАЗНАИ https://www.youtube.com/watch?v=VJaBAaRgIZQ | |||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс: «Менің миымның суреті» Оқушылар «Менің миымның суреті» тәсілі арқылы өз миларының екі түрлі суретін салады. Бірінші сабақтың басындағы миының суреті, екінші сабақтың соңындағы миының суреті болуы керек. Суреттің астына бүгінгі сабақ бойынша меңгерген дағдылары мен алған білімдері туралы екі сөйлем жазып, тақтаға апарып іледі. Жұмыстарын мұғалім жинап алып кері байланыс береді. | Кері байланыс парағы | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Жобалау техникасы», «Домино», «Сен ақынсың» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, шешендік қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Жауабыңды маған көрсет», «Домино», «Пайдалы кеңестер» әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарды орындау барысында еркін қозғалып, бір-біріне бөгет жасамайтындай етіп қойылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?