Ахмет Йасауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 8-сабақ.


  • Суреттер мен өлең шумағының бір-бірімен байланысын табыңыз.

Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейітін.

  • Сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Бұл сәулет өнерінің ортағасырлық ескерткіші қай өңірде?
  • Өлеңде сөз болатын дариялар қазір қалай аталады?
  • «Киелі, қасиетті» деген сөздер қандай ой тастайды?
  • Этномәдениетіміздің тарихынан сыр шертетін ғимарат туралы не білеміз?
  • Ғимарат кімнің құрметіне тұрғызылған?
  • Ел арасында Ахмет Йасауи мен тарихи ескерткіштің бой көтеруі туралы қандай аңыздар мен әңгімелер бар?

1-тапсырма. Хикметтерді оқып, негізгі ойды, сюжеттік желіні анықтаңыз.

 Жеті жаста Арыстан баб келді маған,

 Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

 Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

 Нәпсім өліп, тәңірі жолына түстім мен де.

 

 Құрма беріп, басым сипап назар салды,

 Сол заматта кеудемде шырақ жанды.

 Еркелете шақырып қасына алды,

 Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.

 

  Уа, дариға, махаббаттың дәмін тартпай,

 Дүние-мүлік, малдан-жаннан аулақ қашпай,

 Күнә толы кір-қоқыстан бойды тартпай,

 Шайтанға еріп, жан берерде састым міне.

 

 Уа, дариға, махаббаттың дәмін тартпай,

 Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай.

 Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тартпай,

 Жан берерде жанталасқа түстім міне.

 

 Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,

 Дамыл таппай, көз ілмей, зырлай жүрдім.

 Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,

 Сосын да мен қанат қағып ұштым міне.

 

 Сөзімді айтам, зейін қояр барша жанға,

 Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.

 Демеу болсын ғаріп, бақыр, шарашағанға,

 Кекірейген кердеңдерден қаштым міне.

 

 Сөзімді айтам, кімдер болса дидар талап,

 Ашық сөйлеп жан ашырдай жанға балап,

 Ғаріп, пақыр жетімдердің көңілін  аулап,

 Пейілі бөтен халайықтан қаштым міне.

 

 Қам көңілдің қайғысына дауа болғын,

 Жолда шаршап, асыққанға сая болғын.

 Мақшар күні мархабат ет, пана болғын,

 Мейірімі жоқ, менмендерге қаспын міне.

  

 Қайда жүрсең көңілі жұмсақ сырдаң болғыл,

 Мүсәпірлер жолда қалса, қорған болғыл

 Махшар күні дәргәһіна құрбан болғыл,

 Менменсіген меңіреулерден  қаштым міне.

 Ақылды алсаң ғаріптардың көңілін аула,

 Мұстафадай, жетімдердің жанын жаула,

 Дүниепарас пасықтарға үйір болма,

 Бойды жиып дария болып тастым міне.

 

 Ақылды алсаң, жараңдарға қызмет қылғыл,

 Адал жолды тұтқандарға ізет қылғыл,

 Арамдықтан қайтқандарға құрмет қылғыл,

 Сол себептен 63-те ендім жерге.

 

 Даналардың айтары келер болды,

 Қияметтің қиянаты төнер болды.

 Ақымақтар айқаймен жеңер болды,

 Бұл не деген замана болды, достар?

 

 Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,

 Қыз-бозбала, жастардан әдеп кетті.

 Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,

 Бұл не деген замана болды, достар?

 

 Өз көркіңе – һзің мәз бола берме,

 Өзіңе-өзің сұқтанғаның, сірә жөн бе№

 Алланы айтып, тәубе қылғын жөнге кел де,

 Түн ұйқыңды төрт бөліп, алдыңды ойла.

 

 Күмәнсіз ғой бұл дүниеден барша жанның өтері,

 Мал-мүлкіңе мәз болмағын, бәрі қолдан кетеді.

 Ата-анаң, бауырлар, қайда кетті ойланшы,

 Төрт аяқты ағаш ат саған бір күн жетеді.

2-тапсырма. Мәліметтердегі түйінді сөздерді пайдаланып, щығарманың эпилогын өсиет түрінде жазыңыз.

  • Сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы (үгіт, насихат, өсиет үлгісінде, тәлім-тәрбие сипатында жазылған).
  • Көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды.
  • Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.
  • Ақынның «Диуани Хикмет» жинағындағы даналық сөздерінің саны - 4 мың 400 жол.
  • «Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
[attachment=28374:aza-debieti_-8-synyp_-1-tarau_-8-saba_-ahmet-jasaui-danaly-kitaby_-didaktikaly-materialdar_-1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу