Ахмет Йасауи «Даналық кітабы». Адамгершілік, имандылық, ұлттық болмыс. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 9-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Дананың сөзі - ақылдың көзі

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»

Адамгершілік, имандылық, ұлттық болмыс

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

8.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

 Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

 Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: хикмет, тәкәппар, ар, мал-мүлік.

Пән лексикасы және терминология: пафос, идея

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

имандылық

 Пәнаралық байланыс

тарих, этнография, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»

Пафос, ұлттық мүдде туралы алған білімді кеңейту

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

8-12

Қызығушылықты ояту

1-тапсырма. TED әңгімелері (talks)

төмендегі тақырыпшалар бойынша 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) топта дайындау тапсырылады.

Ахмет Йасауи сақтандырған 5 нәрсе:

1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол.2. Менмен, тәкәппар болма.3. Дүние - мүлік үшін арыңды сатпа.4. Арамдықтан аулақ бол.5. Еріншек болма.

2-тапсырма. 9-хикметтен берілген үзінділерді өздері құрастырған TED әңгімелерімен (talks) салыстырады, имандылық қағидаларымен байланыстырады.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесіп талқылайды.

http://kozhalar.kz/20173582-3582

Сабақтың ортасы

13-16

17- 30

31-35

Мағынаны тану

  • Мұғалім оқушылардың пафос ұғымы бойынша түсінік береді.

Пафос (гр. pathos — сезім,құмарлық), құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде Пафосты қаламгердің шығармашылық ойының сын-сипатын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақын-жазушының қоғамдық-әлеуметтік идеалын анықтау да қалыптасты. Көркем шығарманың идеалы мен оның Пафосының тығыз байланыста болатындығы осы екі ұғымды бірде ыңғайлас, бірде қарама-қарсы сапада қарастыруға негіз болды. Пафос қаламгердің “соты” мен “үкімі” деген де көзқарас бар. 

  • Әдеби-теориялық ұғымды шығарма мазмұнымен байланыстырады.

1-тапсырма. Оқушылардан оқулықта «Даналық кітабынан» берілген өмірдің мәні мен ақиқат туралы үзінділерді оқу тапсырылады. Оқушылар Йасауи сақтандырған бес нәрсе негізінде шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Әдебиетшілер - хикметтердің тақырыбы мен идеясын талдайды, идеясымен автор көзқарасымен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.

Тарихшылар – тарихи кезеңге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін, өлең жолдарын теріп жазып, тарихпен байланыстырады, авторлық пафоспен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.

Этнографтар – шығармадағы ұлттық және адами құндылықтарға зерттеу жүргізеді, автор көзқарасымен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.

Лингвистер – автор қолданған көркем тіркестерді теріп жазады, автор қолданысына пікір білдіреді.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді

TED әңгімелерін (talks) топта дайындайды

сабақ тақырыбына қатысты тақырыпшалардың мағынасын ашады

TED әңгімелерін (talks) 9-хикметпен салыстырады

имандылық қағидаларымен байланыстырады

әдеби-теориялық ұғымды түсінеді

өмірдің мәні мен ақиқат туралы үзінділерді оқиды

Йасауи сақтандырған бес нәрсе негізінде хикметтердің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады

авторлық пафос, идея мен көзқарасқа ғалым тұрғысынан пікір білдіреді

презентация

http://adebiportal.kz/kz/news/view/465

https://www.inform.kz/kz/kozha-ahmet-yasaui_a2182932

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Бортты журнал

Болжам жасау арқылы тақырып бойынша бұрыннан не білемін?, бұл туралы не білуім керек? сұрақтарын талдап, оқушылар журналда берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа ақпарат бөлімін толтырды, жұп болып бір-бірінің жұмыстарын тексерді.

«Даналық кітабы» бойынша бұрыннан не білдім?

«Даналық кітабы» бойынша бүгін не білдім?

  • мәтіннен
  • сабақтан
  • сыныптасымнан
  • мұғалімнен

Үй тапсырмасы

  • «Даналық кітабының» Есенбай Дүйсенбайұлы аударған нұсқасынан ұсынылған үзінділерден адамгершілік, имандылыққа қатысты әрекеттерді тізбектейді.
  • Ұсынылған үзінділерден адамгершілік, имандылыққа жатпайтын жат әрекеттерді теріп жазады.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу