Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 15-сабақ.


1-тапсырма ЖЖ/Т.

«Дойбы» әдісі

Ойын шарты:

  • Мұғалім ұсынған толғау мәтінімен танысыңыздар.
  • Жұбыңызбен өз мәтіндеріңіздегі көркемдегіш құралдарды табыңыздар.
  • Дайындалуға берілген уақыт аяқталған соң, ойынға кірісіңіздер. Мысалы, жүрісті бастаған жұп «эпитет» десе, қарсылас жұп өз мәтіндеріінен эпитетке мысал келтіреді. Жауап дұрыс болса, дойбы тасын алға жылжытады. Қате болса, дойбы тасы шаршыдан алынып тасталады.

Ескерту: егер қарсылас жұп талап еткен көркемдегіш құралдар түрі мәтінде болмаса, басқасын атау керек.

2- тапсырма ТЖ.

«Қақпа» ойыны

шешендік сөз

пафос

риторикалық сұрақ

мета

фора

портрет

теу

мінездеу

тұрақты тіркестер

мақал-мәтелдер

символ

психология лық параллелизм

Орындалу барысы:

- тақтадағы қақпаның суретіне назар аударыңыз:

- қақпа алдына көркемдегіш құралдар түрлері жазылған

қалташалар орналастырылған.

- сіздің топтың міндеті - мұғалім айтқан көркемдегіш сөздің қандай көркемдегіш құрал түріне жататынын табу. Бірден қол көтеріп, қалташаға гол (мұғалім алдын ала таратқан өз тобының аты жазылған жетон) салуға тырысыңыз.

Соңынан ең көп гол соққан команда (топ) анықталып, марапатталатынын есте сақтаңыз. Жеңімпаз топ мүшесі болуға ұмтылыңыз!

 3- тапсырма ТЖ.,Ж.

 2 түрлі тапсырманың бірін таңдаңыз: топтық тапсырма және

 жеке орындауға арналған креативті жазу.

 

 3-тапсырма ТЖ.

  •  Толғаудан алынған үзіндіден көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызыңыздар.
  •  Тұсына қандай көркемдегіш құрал түрі екенін жазып қойыңыздар.
  •   Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазыңыздар.

1-топ

Үзінді

Мәні

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күренді мінер ме екеміз?!

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екеміз?!

Ор қояндай жүгінтіп,

Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды

Тандап мінер ме екеміз?!

Сол шұбарға мінген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол төңкерер ме екеміз?!

Тұмар мойын ат мініп,

Қоныс та қарар ма екеміз!

Ел жазылып жайлауда,

Жақсылар кеңес құрғанда,

Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екеміз?! 

Бағалау критерийі

Дескриптор

А/И3. Көркем шығарманың тілі

Үзіндідегі көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызады.

Қандай көркемдегіш құрал түрі екенін анықтайды.

Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазады.

3-тапсырма ТЖ.

  • Толғаудан алынған үзіндіден көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызыңыздар.
  • Тұсына қандай көркемдегіш құрал түрі екенін жазып қойыңыздар.
  • Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазыңыздар.

2-топ

Үзінді

Мәні

От басар орны отаудай,

Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,

Ор қояндай қабақты,

Қиған қамыс құлақты,

Сары мысықтай азулы,

Саптыаяқтай ерінді,

Қидасын кәрі жілікті,

Омырауы есіктей,

Ойынды еті бесіктей,

Табаны жалпақ тарланды

Таңбалап мінер ме екеміз?!

Сол тарланға мінген соң,

Өзен де өзен, өзен су,

Өрлерде жортар ма екеміз?!

Аңдысып жүрген дұшпанның

Бұлттан шыққан ай бетті,

Мұнардан шыққан күн бетті,

Айттырса, бермес сұлуын

Аппақ қылып мандайын,

Бұғақ қылып таңдайын,

Қиылдырып қастарын,

Төгілдіріп шаштарын,

Күнінде аламанға

Тегін олжа қылар ма екеміз?! 

Өзенге бие байлатып,

Төскейге орда орнатып,

Төрткілдеп ошақ қаздырып,

Төбел бие сойғызып,

Төменде бидің кеңесін

Біз де бір құрар ма екеміз?!

Құлаты тауға қол салып,

Садақтың оғын мол салып,

Бетпақтың ен бір шөлінен

Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды бір бастар ма екеміз?!

Бағалау критерийі

Дескриптор

А/И3. Көркем шығарманың тілі

Үзіндідегі көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызады.

Қандай көркемдегіш құрал түрі екенін анықтайды.

Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазады.

3-тапсырма ТЖ.

  • Толғаудан алынған үзіндіден көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызыңыздар.
  • Тұсына қандай көркемдегіш құрал түрі екенін жазып қойыңыздар.
  • Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазыңыздар.

3-топ

Үзінді

Мәні

Майданда дабыл қақтырып,

Ерлердің жолын аштырып,

Атасы басқа қалмақты

Жұртынан шауып бостырып,

Түйедегі наршасын,

Әлпештеген ханшасын

Ат артына мінгізіп, 

Тегін бір олжа қылар ма екеміз?!

Кеуде бір жерді жол қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам!

Асқар бір тауды жайласам,

Желілеп бие байласам,

Күнде жиын, күнде той,

Қыз-бозбала ойнатсам,

Тентегін түзеп байқа деп,

Ішінен биді сайлатсам,

Құлым бір ұлдай киінсе,

Көркемін көрген сүйінсе, 

Атымтай Жомарт секілді

Атағым жұртқа білінсе!

Өзім бір бөлек жайласам,

Жігіттен нөкер сайласам,

Ойпаң жерге он отау,

Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,

Қонағымды жайғасам!

Май жемесе қонағым,

Қан жемесе арағым,

Он кісіге жараса

Бір кісіге арнап тартқан табағым!

Халыққа атым білініп,

Шүлеңгір мырза

атанар ма екеміз?!

Бағалау критерийі

Дескриптор

А/И3. Көркем шығарманың тілі

Үзіндідегі көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызады.

Қандай көркемдегіш құрал түрі екенін анықтайды.

Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазады.

3-тапсырма ТЖ.

  • Толғаудан алынған үзіндіден көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызыңыздар.
  • Тұсына қандай көркемдегіш құрал түрі екенін жазып қойыңыздар.
  • Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазыңыздар.

4-топ

Үзінді

Мәні

Төскейде кеңес топтанып,

Жақсылар үйде баптанып,

Нокерлер жүрсе сап түзеп, 

Қос-қосымен шаттанып.

Қиуадан ақыл алатын,

Қияннан айла табатын

Ерлерден салсам нөкерді

Дұшпаннан кекті алатын!

Боталаған бозінген

Азан-қазан, у да шу

О да бір алса мазамды-ай!

Алғайдың құба жонына

Жайылған қойым сыймаса,

Жүз бүркеншек, жүз қоспен

Қатар жүріп жинаса!

Көк алалы көп жылқы

Көлге бір түссе көз жетпей,

Санап санын алуға

Есебіне жан жетпей... 

Беглерім мінсе шұбарын,

Жұлындай қылып жаратып!

Елден елді аралап,

Тектіден текті саралап,

Беглердің қызын айттырсам,

Нұсқасын байқап шамалап -

Сынға толса сияғы,

Әлбеті шамның шырағы,

Мұхиттан сүзіп шығарған

Қымбатты гауһар бағасы.

Жүз нарға кілем жаптырып,

Қазақтан сәнін арттырып,

Ұзатып алсам сәнменен,

Көңлімді хош таптырып!

Бала берсе тезінен, -

Пірлердің бітсе демінен,

Шілтеннің тиіп шылауы,

Артылып туса өзімнен!

Осындай берген дәулетті

Көтеріп түра алар ма екеміз?!

Бағалау критерийі

Дескриптор

А/И3. Көркем шығарманың тілі

Үзіндідегі көркем сөз қолданыстарын тауып, астын сызады.

Қандай көркемдегіш құрал түрі екенін анықтайды.

Көркем сөз қолданыстарының мәнін, автордың айтпақ болған ойын түсіндіріп жазады.

5-шығармашылық бағыттағы тапсырма Ж.

«Креативті жазу»

Өз таңдауыңыз бойынша төмендегі үзінділердің ұнағанын бөліп алып, қайта өңдеп, көркемдегіш құралдарды жиі және тиімді қолданып, креативті жазылым тапсырмасын орындаңыз.

Ұсынылатын үзінділер:

  • ... Сол шұбарға мінген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол төңкерер ме екеміз?!

Тұмар мойын ат мініп,

Қоныс та қарар ма екеміз!

Ел жазылып жайлауда,

Жақсылар кеңес құрғанда,

Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екеміз?! 

  • Кеуде бір жерді жол қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам!

  • Бала берсе тезінен, -

Пірлердің бітсе демінен,

Шілтеннің тиіп шылауы,

Артылып туса өзімнен!

Осындай берген дәулетті

Көтеріп тұра алар ма екеміз?!

Бағалау критерийі

Дескриптор

А/И4. Шығармашылық жұмыс.

Шығармадан алған үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазады.

Көркемдегіш құралдарды жиі және тиімді қолданады.

Үзіндіні өз сөзімен дамытып, жүйелі, мазмұнды жазады.

[attachment=28329:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_15-saba_osymsha-resurs_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу