Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 17-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ : № 17 | Мектеп: | |||||
Пән: қазақ әдебиеті | ||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» толғауы | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.А/И2.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау | |||||
Сабақ мақсаты: | .Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды. | |||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||
Пәнаралық байланыс: | Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады. | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнеролик пен слайд | |||||
Бағалау критерийі: | Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасын жан-жақты талдайды. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Атымтай Жомарт, нөкер сайлау, шүлеңгір мырза атану, дұшпаннан кек алу Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылықты ояту
«Көршіме айтамын» әдісі
| |||||
Сабақтың ортасы 2 мин 2+3 мин 10+8 мин
| Мағынаны тану
Толғау мәтініндегі сөздікпен танысыңыздар. Сөздік: Кепиет – кесір, кесапат. Келеке – мазақ, тәлкек. Араз болсаң алты ауыз – ауыз бірлігі жоқ. Әреке – бүлік, лаң. Лайым – әрқашан, әрдайым, үнемі, әмсе. 2-тапсырма Ж/ЖЖ/ТЖ. «Балаларыма өсиет» өлеңін түсініп оқыңыздар. Өлең туралы ойыңызды жұппен бөлісіңіз. Өлеңдегі жырау өсиеттерін ментальді картаға түсіріңіздер. Балаларыма өсиет Балаларыма өсиет, Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айрылма, Бірлікте бар қасиет. Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке. Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірер әреке. Талпынып салдым егінді, Ішсін деп әркім тегінді, Ақылың барың ұғарсың, Ойың болса сезімді. Тоқсанға жас келген соң, Өлім жақын көрінді. Бар арманым, айтайын, Батырларша жорықта Өлмедім оқтан, қайтейін! Ел аман болсын лайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым! 3-тапсырма ЖЖ.,ТЖ. Әр топ «Оқырман пікірі» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. Талдау аяқталғаннан кейін, өз ойларын «Дастарханға» түсіреді. Мәтін мағынасына байланысты қойылатын сұрақтар:
Шығарманың тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:
4-тапсырма Ж. «Шешендер мінбері» Шығармада қандай мәселе көтерілген деп ойлайсыз және оған көзқарасыңыз жайлы 2 минут дәлелді, шешен тілмен сөйлеп, өз ұстанымыңызды қорғаңыз. Қалыптастырушы бағалау | |||||
Сабақтың соңы 4 мин | Кері байланыс | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||
Оқушылар өздерінің сөздік қорларын дамытып, «Шешендер мінбері» арқылы өзінің зияткерлігімен басқаларды таңғалдыра алады. | Оқушылар бағалау критерийлерін өздері ұсына алады. | Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ. Оқушылар сабақта өздерін еркін сезіне отырып жұмыс жасай алады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?