Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 18-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : № 18

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақ мақсаты:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Шығарма тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: толғау, борт журналы, ара ұясы, қалпақтар т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=GBXpHXE2AzA

сайтынан әнші Ерлан Рысқалидың орындауында Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=GBXpHXE2AzA

Сабақтың ортасы

3 мин

6 мин

 10+12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2 мин

Мағынаны тану

Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийімен танысады.

  • тапсырма Ж.

«Борт журналы»

Оқушылар алғашқы бағандағы сұрақтарға жауап жазады:

Тақырып бойынша

не білемін?

Сабақта қандай жаңалық білдім?

  • тапсырма ЖЖ.

«Ара ұясы» техникасы

  • Мұғалім жұптағы оқушыларға Ақтамберді жырау, Қорқыт ата шығармашылығы туралы не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Осы техника негізінде Ақтамберді жырау, Қорқыт ата шығармашылықтары туралы мәліметтер қорытындыланады, өңделеді.

3-тапсырма ТЖ.

 «Ақылдың алты қалпағы»

 Ақ қалпақ – ақпараттар, фактілер

Ақтамберді жырау өсиеті мен Қорқыт бабаның нақыл сөздерінің тақырыбы мен идеясындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын баға беріңіздер.

Қызыл қалпақ  – ішкі сезім

Ақтамберді жыраудың «»Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы

мен Қорқыт бабаның «Бәмсі-Байрақ туралы жырындағы»

отаншылдық сезімдерді салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын эмоциямен білдіріңіздер.

Қара қалпақ  – логикалық негативті ойлау

Бәмсі-Байраққа Жарташық суайттың көзімен мінездеме беріңіздер.

Сары қалпақ  – логикалық  позитивті ойлау

«Бәмсі-Байрақ туралы жырындағы» әйелдер образының қазақ қыздарына үлгі боларлық тарихи және көркемдік құндылығы туралы позитивті пікір білдіріңіздер.

Жасыл қалпақ  – шығармашылық ойлау

Бабалар өсиетінің бүгінгі таңдағы, келешектегі маңыздылығын замандастарыңызға арнап үндеухат жазыңыздар.

Көк қалпақ  – ойлау процесін басқару

Топтардың жұмысын бағалау үшін бағалау критерийіне сай дескриптор құрастырыңыздар.

Қалыптастырушы бағалау

4-тапсырма Ж.

«Борт журналы»

Оқушылар 2-бөліктегі сұрақтарға жауап жазады:

Тақырып бойынша не білемін?

Сабақта қандай жаңалық білдім?

Сабақтың соңы

4 мин

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

 Оқушылар сұрақ-жауап арқылы мазмұнды сұрақ қоюға төселеді. «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы бойынша оқушы түрлі рөлдерге ену арқылы өз білімін ұштайды, түрлі эмоцияларды бастан кешіру барысында қалай әрекет ету керектігін үйренеді.

Оқушылар бағалау критерийіне сай дескрипторларды өздері ұсынад және бағалайды.

Сабақ жоспарын құру кезінде толғаду ойдағыдай орындай алатын әншіні таңдау кезінде өнер пәні мұғалімдерінің көмегі керек.

Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу