Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

І Дананың сөзі – ақылдың көзі

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты

Өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін жыр мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийі

көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: үзінділермен жұмыс жасау, оларды өз мақсатына сай пайдалану жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: рухани болмыс, алтын арқау, мәселе, шешім т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, көркем шығарма үзіндісіне сай ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы топта жұмыс жасау, мәселенің шешімін бірлесіп іздеу, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен байланыс. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, көріпкел. Оғыздар – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» мәтінімен танысты, оның сюжеттік желісін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-6

7-10

Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1.«Қорқыт ата» кітабы. Өмірінен мәлімет» бейнефильмінен үзінді тыңдатылады (2.39-2.57 мин.).

«... Қорқыт бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы» деген Елбасы сөзіне назар аударыңдар. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

https://www.youtube.

com/watch?v=VUF4Ti

_485A

Сабақтың ортасы

11-15

16-25

26-27

3.Т. «Мәселені анықта – шешімін ұсын» стратегиясы

Шығарма кейіпкері қандай қиындықтарға тап болғанын естеріңе түсіріңдер (анықталған мәселе қоршалып қойылады). Оқушылар бірнеше мәселені белгілеп, топ ішінде оларды шешудің жолдарын белгілейді.

1-мұрагерлік мәселесі

Байбөрі бектің тажы мен тағының қамын жеп қайғыруы, көкірегі қарс айырылып, өкіріп жылауы.

Шешімі

Мұрагер – келешек ұрпақты және ата кәсібін жалғастырушы, мал мен мүліктің иесі. Оқушылар, мәселені талқылай келе, мұның ар жағында болашақ кейіпкердің ерекше болып дүниеге келуінің алғышарттары жатқанын да түсіндіреді. Қазақтың батырлық жырларымен байланыстыра алады.

4. Дәл осы үлгімен жыр мәтінінен тағы бірнеше мәселені анықтау:

  • Жырда хандар мен бектердің берген батасының қабыл болуы нені аңғартады?
  • Әлі дүниеге келмеген балаларды атастыру салты туралы не ойлайсыздар?

Қабілеті жоғары оқушылар шешімі анықталуы тиіс мәселені мәтіннен өздері ажырата алады.

Қабілеті төмендеу оқушылар оқиғалар мазмұнын баяндап береді.

Топ мүшелері өздері анықтаған мәселелерді және оларды шешу жолдарын ортаға салып бөліседі.

Дескриптор

  • жыр мәтініне тағы бір шолу жасайды;
  • мазмұны бойынша бірнеше мәселені анықтайды;
  • оларды шешу жолдарын талқылап ұсынады.

5. Мұғалімнің кері байланысы.

Қорқыт ата кітабы. Оғыздардың батырлық жырлары: Эпос/орыс тілінен ауд. Ә.Қоңыратбаев, М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1986.

Сабақтың аяғы

28-34

35-40

6. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы бойынша сұрақтар құрастырып, оларға өзара жауап беру.

«жіңішке» сұрақтар

«жуан» сұрақтар

Кім ...? «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер. Тәңірі маған да бір қыз берсе екен» дейтін кім?

Неге ...?

Не ...?

Үш дәлел келтіріңіз ... Бамсы Байрақ жырының көп оқиғасы «Алпамыс батыр» жырына ұқсас екендігіне 3 дәлел келтіріңіз.

Қашан ...?

Сіз қалай ойлайсыз, айырмашылығы неде ...?

Қалай аталады ...?

Бамсы-Байрақтың тұлпары?

Егер ... болса, не болады?

Мүмкін ...?

Сіз келісесіз бе ...?

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Таңдау бойынша саралау барысында оқушылар өзі үшін қызықты және өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы таңдай алады. Оқушылар көптеген тапсырмалар тізімінің ішінен алға жылжуда өздері үшін бастапқы болып саналатын жұмыс түрін, ақпаратты, материалды, заттар немесе процесті таңдай алады. Сонымен қатар олар жұмыс ауқымын кеңейтуді немесе өздеріне бейімдеуді таңдай алады. Саралаудың бұл түрінің артықшылығы - дарынды балалар өз қызығушылықтарына, сұранысы мен қабілетіне сәйкес келетін жұмыс түрін таңдай алады.

Топ жұмысы сырттай бақыланады, олардың жауабы өзара бағаланады.

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы бойынша тақырыпты қалай меңгергендіктері анықталады. Мұғалім тарапынан сындарлы кері байланыс беріледі.

Топтық жұмыс барысындағы қозғалыс қауіпсіздік тудырмауы керек.

Сынып оқушыларының қалауы бойынша сергіту жаттығуларын өткізуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу