Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.
Жыр басталғанда Байбөрі бектің перзентсіздік зарын тартып жүргендігі айтылған. Архаикалық және қаһармандық жырдың көпшілігі осылайша басталатыны белгілі. Кәрі әке-шешенің перзентсіз болуы, олардың әулие-әмбиелерге сыйынып бала сұрауы, түсіне аян беруі – осының барлығы келешек кейіпкердің артықша болып дүниеге келуінің көрінісі ретінде айтылып өтеді. Бұл жырдың бір ерекшелігі көнелігінде деуге болады. Перзентсіз жүрген Байбөрі перзент сұрап әулиелерді жағалап кетпейді, яғни, мұсылман әулиелерден тілек сұрамайды. Ол тілекті оғыздардың бегі Баяндүр ханнан сұрайды. Хан бектің бұл тілегін қабыл алады, барлық оғыз бектері Тәңірден бала сұрап қол жаяды. Жырда былайша баяндалады: «Бұл сөзді есіткен барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», – десті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, Тәңірі маған да бір қыз берсе екен», – деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға оқыды. Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», – десті. «О, бектер, егер көк Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған
сіздер куәлік етіңіздер», – деді». Жырда хандар мен бектердің берген батасын Тәңірі қабыл етеді, біріне ұл, біріне қыз сыйлайды. Бұл да көне сюжет.
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көнеден сақталған ырымның бірі – әлі дүниеге келмеген балаларды бір-біріне атастыру салтының ұшырасуы. Бұл салт қазақтың ғашықтық дастандары мен ертегілерінде жиі ұшырасады.
Жырдағы ең көне сюжеттер қатарына Бамсы-Бәйректің Бану-Шешекпен танысуын
жатқызуға болар еді. Қыз өзін іздеп келген жігіттің бесіктен атастырған күйеуі екенін
білген соң, өзін алу үшін үш шарт қояды. Бірінші екеуі ат жарыстырады, екінші мергендік
сайысына түседі. Соңында екеуі күреске түседі. Көне жырлардың көбінде өзімен сайысқа түскен қыздың күші жігіттен басым болып көрінеді. Бұл матриархат дәуірінің сарқыншағы болса керек. Бамсы-Бәйрек қызбен күреске түседі: «Байрақ атынан түсіп, екеуі белдесіп күресе бастады. Күрес екі батырдың жекпе-жегінен кем болмады. Біресе Байрақ, біресе қыз бірін-бірі тулап көтеріп, жықпақ болды. Байрақ әлсіреп: «Егер бұл қыздан жығылсам, оғыз еліндегі барлық жұрт мені мазақтап күлер», – деп ойлады да, қыз белбеуін бұрай ұстап, аш белінен қапсыра құшақтап алып, төсін түйістіріп жоғары көтеріп, шалқасынан салып, жықты»,– дейді жырда.
Осы жырдың концовкасында орын алатын тойдың ерекшелігіне қарай оның дәуірін ажыратып алуға болады. Мысалы, «Қорқыт ата жырындағы» Бамсы-Бәйрек біраз жыл жаудың қамауында отырып шыққан соң өз еліне оралады да өз тойының үстінен түседі. Өзі жоқта әкесімен шешесін, жалпы туыстарын құлдыққа салып, әйелін некелеп алғалы істеп жатқан той болып шығады. Бұл секілді оқиға «Бамсы-Бәйрек», «Алпамыс» т.б. көне эпостарда жиі ұшырасатын көне мотивтерге жатады. Батырдың үйлену оқиғасын профессор Ш.Ыбыраев өзге сюжеттерге қарағанда әлдеқайда көне екендігін айтады: «Ғылыми деректерге жүгінер болсақ, батырдың үйлену сюжеті өзге оқиғалардан көнерек, әрі ол эпостан бұрын пайда болған миф, батырлық және қиял-ғажайып ертегіге де тән. Сондай-ақ қаһарман елге оралғанда үйде қалған озбыр құл оның әйелін алмақ үшін жасап
жатқан тойдың үстінен шығуы да көне тарихы бар сюжет.
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көне түркі мифологиясы
Б.С. Әбжет, З. Йылдырым
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?