Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.


1-тапсырма. Қорқыттың тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткішті белгілеңіз.

а) Қорқыт ата кітабы

ә) Қорқыт ата аңызы

2-тапсырма. Оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланған көне жырды белгілеңіз.

а) Бамсы – Байрақ туралы жыр

ә) Алпамыс батыр жыры

б) Алып Манас жыры

3-тапсырма. Жыр мәтінінде көнеден келе жатқан сюжеттерді тізіп жазыңыз.

СЮЖЕТТЕР

ЖЫРДАН МЫСАЛ

перзентсіздік зары

Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеуі Қазан-Салор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге қайғырасың?» - деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап,

қайғырмаспын? Басына менің тажымды киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына ұшыраған жан болдым. 0, бектерім, мен өзімнің тажым мен тағымның қамын жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, үйіме кім ие болмақ?»- деді Байбөрі.

әлі дүниеге келмеген балаларды бір-біріне атастыру салты

Бамсы-Байрақтың Бану-Шешекпен танысуы

Батырдың үйлену оқиғасы

4-тапсырма. Көк түріктер дәуірінен келе жатқан жоқтау жырлары. «Батырдың қарындасының монологы жоқтау айту салтының көнеден келе жатқанын дәлелдейді» деген тұжырымды қолдаңыз не қарсы пікір білдіріңіз.

«Қыз алдыңда тұрған бақсыға қарап, оның сауалдарына төмендегідей жауап береді: «Қобызынды сарнатпа, бақсым. Құлағым бұл кезде қобыз үнін естіп, жыр тындаудан қалған. Мен бір бақытсыз өткен қызбын, бақсым. Қарсы алдыңда тұрған таудың жайлауы кімдікі деп сұрадың сен, ол бір кезде менің ағам — Байрақтың жайлауы еді. Ағам кеткелі мен ол жайлауға шыққан емеспін. Таудың салқын суы кімдікі дейсің, о да бір кезде менің ағам — Байрақтың ішкен суы еді. Ағам кеткелі ол судан біз татып көрген емеспіз. Үйір-үйір жүйрік жылқылар кімдікі деп сұрадың, о да ағам – Байрақтың жылқысы еді. Ағам кеткелі біз ол жылқыға мініп-түскен емеспіз... Менің көз алдымда тұрған Қаратауым құлағалы қашан, бақсым? Ол сенің құлағыңа қалай жетпеген – Есік алдындағы бәйтерегім кесілгелі не заман – Ол сенің құлағыңа қалай тимеген? Дүниедегі тірегім, жалғыз ағамнан айырылдым. Ол сенің құлағыңа қалай жетпеген, бақсым? Мендей бақытсыз қызға дүние деген әлдеқашан адыра қалды емес пе, бақсым?»

ҚОЛДАЙМЫН, СЕБЕБІ ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

ҚАРСЫМЫН, СЕБЕБІ ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

[attachment=28301:az_-d_8-syn_1-tar_3-cab_didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу