Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.


1-тапсырма. Қорқыттың оғыздар мен қыпшақтар мекен еткен Жанкент қаласында дүниеге келгенін, Қорқыт денесінің де Сырдария өзенінің бойына қойылғанын алғаш тұжырымдаған ғалымдардың бірі?

а) Әлкей Марғұлан

ә) Әуелбек Қоңыратбаев

б) Этторе Росси

в) Әубәкір Диваев

2-тапсырма. Академик, білікті ғалымдар В.В.Бартольд пен В.М.Жирмунскийдің «Қорқытты қадірлеудің Сыр бойында мың жылдық өнегесі бар» деген сөзінің мағынасын қалай түсіндірер едіңіз?

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3-тапсырма. Қорқыт жырларында кездесетін жер-су атауларын Қазақстан картасынан белгілеп көрсет. Олар:

«Қорқыт көл», «Өгізтау», «Өгіз су», «Өгіз жылғасы», «Өгіз сай», «Тас өгіз», «Баршын көл», «Түн қыры», Ұлытау, Кішітау, Ортау, Кертау, Құтты қия, Борсықтың құмы, Қарақұм, Сыр суы, Арал, Каспий теңізі, Қаратау, Қараспан, Қазығұрт.

4-тапсырма. Жауабыңды академик Ә.Марғұланның қорытындысымен салыстырып, бағала.

«Қорқыт көл» - Торғайда, «Өгізтау» - Атасу бойында, «Өгіз су», «Өгіз жылғасы», «Өгіз сай», «Тас өгіз» - Сыр бойында, «Баршын көл» - (Торғайда, Атбасарда, Арқада, «Түн қыры» - Сарыарқа, Ұлытау, Кішітау, Ортау, Кертау, Құтты қия, Борсықтың құмы, Қарақұм, Сыр суы, Арал, Каспий теңізі, Қаратау, Қараспан, Қазығұрт.

5-тапсырма. Салыстыру нәтижесі бойынша өз қорытындыңды жаса. Ойыңды 5-6 сөйлеммен жеткіз.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

[attachment=28298:az_-d_8-syn_1-tar_4-cab_didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу