Қорқыттың нақыл сөздері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

І Дананың сөзі – ақылдың көзі

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыттың нақыл сөздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • үзіндіні не мақсатпен таңдағанын түсіндіре алады;
  • үзіндіге сүйене отырып көзқарасын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

көркем шығармалардан үзінділер таңдайды;

өз көзқарасын дәлелдеу үшін оларды орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: үзінділерді мақсатты түрде іріктейді, таңдайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: шығарма үзіндісі, афоризмдер, қанатты сөздер, ұрпақтар сабақтастығы, адамгершілік құндылықтар т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, көзқарасымды дәлелдеу мақсатында, үзіндінің негізгі ойы т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы топта жұмыс жасау, өзінің /өзгенің оқуы алдындағы жауапкершілік, өзара ынтымақтастық, бір-бірінің пікірін құрметтеу, сыйластық таныту секілді құндылықтар сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Мәдниеттану ғылымымен байланыс. Әлемдік мұралар тізімі, матералды емес мәдени мұраларды сақтау.

Музыка. Жыр үзіндісін тыңдатуға болады.

Алдыңғы білім

Оқушылар осы сабақтың алдында Қорқыт атаның «Бамсы-Байрақ туралы жыры» мен қазақ эпосы «Алпамыс батыр» жырын салыстырып, тарихи-көркемдік құндылықтарын бағалады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-5

6-12

1. Жаттығу-тренинг

«Бір сөзбен» жаттығуы. Бір оқушы өз қалауымен сыртқа шығады. Қалған оқушыларға «Қорқыт – қобыз» әнінің екі тармағы таратылады. Олар оның әр сөзін бір-бірден бөліп алады. Сыртта тұрған оқушы ішке кіргенде барлығы дауыстап, өздеріне берілген сөзді ғана айтады. Ол қандай өлең жасырылғанын тауып айтуы керек.

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

3. Ойқозғау. Бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші «Қорқыт ата кітабы» мазмұнында батырлық жырлармен қатар даналық сөздер жинақталған.

4. «Кластер» құру.

қанатты сөздер бата-тілек

афоризмдерөсиет сөздер

адамгершілік

құндылықтар

ұрпақтар сабақтастығы

тәлім-тәрбиесалт-дәстүр

МД слайд

Сабақтың ортасы

13-17

18-27

28-30

31-35

Т. Оқушыларға Қорқыт атаның нақыл сөздері таратылады. Нақыл сөздермен танысып, оқып шыққаннан кейін оларды тақырыптық ерекшелігіне қарай топтастырады.

5. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен

танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын сынып алдында қорғайды.

6. Қорқыт ата нақылдарының тақырыптары:

  • ата салтын қастерлеу;
  • жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтар;
  • отбасындағы ананың рөлі.

Дескриптор

  • нақыл сөздерді қайталап оқып шығады;
  • тақырыбына қатысты ойын жинақтайды;
  • жеке пікірін жазады;
  • ортақ пікірді тұжырымдауға ат салысады;
  • сынып алдында қорғайды.

7. «Серпілген сауал»

- ... (оқушының аты) жауабы туралы не ойлайсың?

- ... (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

Қорқыттың нақыл сөздері жазылған таратпалар, флипчарттар, маркерлер

Сабақтың аяғы

36-40

8. Рефлексия «Көңіл-күй себеті»

Оқушыларға түрлі смайликтер таратылады. Өзіне ұнаған смайликтің артындағы пікірді аяқтап, себетке салады. Нәтижесінде, өзінің дамуындағы оқу әрекетінің маңызын түсінеді.

Тапсырма қиын болды, сондықтан ............................................................................

Тапсырма мен үшін жеңіл болды, себебі...................... ............................................

Тапсырма түсінікті болды, бірақ мен ..............................................................................

смайликтер, себет суреті

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс)

Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың жауаптарына қатысты мұғалім тарапынан сындарлы кері байланыс («Серпілген сауал») беріледі. Мағынаны тану кезеңінде топтар бір-бірінің жауабын критерийлерге сай бағалайды.

Оқушыларға сабақ үстінде:

- смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау;

- сабаққа кешікпеу;

- белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу