Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 21-сабақ.


САБАҚ: 21

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты:

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары

Т/Ж 8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
  • Шығармада көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

 Дифференцияция

Барлық оқушылар:

Шығарманы оқиды, тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтінді талдап, ұлттық мүдде тұрғысынан өз көзқарасын білдіреді.

Құ Құндылықтар

Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет;
  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Тілдік мақсаттар

Жырау, туындылар, дәуір, жинақтар мен басылымдар, қазақтың көне әдебиеті, ғұмыр, Ноғай ордасы т.б.

Осыған дейінгі оқылғандар

Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

5 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылар «Қазақ хандығы» киносынан Шалкиіз жыраудың дүниеге келген кезін, сол кездегі заман көрінісін көріп, кинодан алған әсерімен бөліседі. /7-бөлім 10:36 - 14:42/

Топқа бөлу «Менің тобым»

Мұғалім 4 оқушыны таңдап алып тақтаға шығарады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанша оқушылар жылдам өз тобын жинайды. Тақтаға оқушыларды бір-бірден шығарулары керек. Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

«Миға шабуыл»

Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады.

Жырау

Жыршы

https://www.zharar.com/kz/olen/10311-temir.html

Ортасы

8 мин

2 мин

15 мин

5 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. Топтар таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

1-топ.

- Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?

- Қай бидің ақылшысы болған?

2-топ.

- Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?

- Қазақ ордасына қашан оралады?

3-топ.

- Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?

- Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер?

4-топ.

- Шалкиіз шығармалары алғаш қағаз бетіне қашан түсті?

- Шалкиіз шығармалары қай тілдерге аударылған?

2-тапсырма Ж.,ЖЖ.

«Есте сақтау» стратегиясы

Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. Жұбымен жауаптасады.

Сөздік:Қу – аққу Көкшілі – сұңқарАрабы торы – «асыл тұқымды» дегенді білдіреді Алдаспан – наркескен қылыш Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны Күлік – сәйгүлік жылқы Кепке – бас деген мағынада Ғазизлеген – құрметтеген 

Мұғалім толғау жолдарын оқушыларға бөліп береді. Әр топ өзіне берілген үзіндіні төмендегі кесте бойынша талдайды.

3-тапсырма ТЖ.

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Тақырыбы

Идеясы

Көтерілген мәселелер

Заман көрінісі

Жаңа сөздер

Әр топтан 1 спикер жұмыстарының нәтижесін айтып, өзге топ мүшелеріне таныстырады. Мұғалім таңдап алған 4 оқушы өз топтарының бағалаушысы болып, жұмыстарын бағалайды. Басқалар бағалаушыны бағалайды.

Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін бейнелейді.

Жаңа сөздерді теріп жазып, мағынасын топта анықтайды;

Топтық талдауға белсене қатысады, сыныптастарының жұмысын бағалайды.

ПОПС формуласы Ж.

«Менің ойымша, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде, толғаудың идеясы мен пафосы ... ».

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Шалкиіздің дүниеге келуі «Қазақ хандығы» 7-бөлім 10:36 - 14:42

https://www.youtube.com/watch?v=5diwJHsQoDA

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5157-tolhauy

Соңы

5 мин

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Дифференциациясіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғарылау оқушыларды қалайша ынталандыруды жоспарлайсыз?

Бағалау – сіз оқушылардың оқу деңгейін қалайша тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАТ сілтемелерМағына сілтемелері

Мұғалімнің сабақ басында 4 оқушы таңдап алғаны кейінгі сабақтарда басқаларды да ынталандыратын болады. Алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы басқалардан неғұрлым көбірек мәлімет жинақтап келу оқушының өз мүмкіндігін көрсете алуына себепкер болады. Көнерген сөздерді есте сақтау үшін бірнеше рет оқу барысында да оқушы өз жадысын жаттықтыра алады.

Мұғалім сабақ басында таңдап алған 4 оқушы өз топтарының бағалаушысы болып, топ жұмысын бағалайды. Мұғалім ұсынған дайын критерийлер уақытты үнемдеуге және оқушылардың өз жұмыстарын тиянақты орындауларына көмектеседі.

Сабақта денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға ерекше мән беріледі. Оқушылардың сабақ үстіндегі көңіл күйлері үнемі мұғалім назарында болады. Сынып бөлмесіндегі аптекада алғашқы көмекке қатысты барлық жабдықтар ескерілген. Оқушылардың алаңсыз сабақ оқулары үшін барлық жағдай ескерілген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу