Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 23-сабақ.


САБАҚ:23

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты:

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары

Б/С 8.3.3.1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Cабақ мақсаттары

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
  • Әдеби эссе жазады.

 Дифференциaция

Барлық оқушылар:

  • шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, эссе жаза алады;

Көптеген оқушылар:

  • шығармадан үзінділер келтіріп, өз көзқарасын білдіреді.

Кейбір оқушылар:

  • көркемдегіш құралдарды жазылым жұмысында орынды қолданады.

Құ Құндылықтар

Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет
  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Тілдік мақсаттар

Менің ойымша, қанатты сөздер, астарлы ой, дәлел келтіретін болсам, артықшылығы, ерекшелігі, өзектілігі т.б.

Осыған дейінгі оқылғандар

Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 8-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

3 мин

Қызығушылықты ояту

Ой сергіту

«Комплименттер бұрқасыны»

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплимент жеке сөз емес, толық сөйлем түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң қағаздарды домалақтап, қармен атқыласқандай бір-біріне лақтырулары керек. Содан кейін өздері ұстаған «қарды» ашып оқиды.

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

https://www.zharar.com/kz/olen/10311-temir.html

Ортасы

4-14 мин

15-30

31-37 мин

1-тапсырма ТЖ.

Оқушыларға жыраудан қалған қанатты сөздерді оқып, жұпта, топта мағынасын ашады.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Қанатты сөздер

Астарлы ойы

Тұсында болған  мәртті қорлама – табылмайды керекте.

Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,

Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.

Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артыңда туысқанның көбі игі.

Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,

Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса –

қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.

Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан,

Азаматқа көп ердім – садаға кетсін туғаннан.

2-тапсырма Ж.

Оқушылар Шалкиіз жыраудың өзіне ұнаған қанатты сөздерінің бірін тақырып етіп алып, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Астарлы ой маңынасын толғаумен байланыстырып, өз көзқарасын білдіреді.

Толғау идеясымен салыстыра отырып, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, баға береді.

Әдеби эссе жазуға қойылатын талаптарды сақтайды.

«Бос микрофон» оқушы өз қалауымен эссесін сынып алдында оқиды. Басқалары кері байланыс береді.

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5157-tolhauy

Соңы

3 мин

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Дифференциациясіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғарылау оқушыларды қалайша ынталандыруды жоспарлайсыз?

Бағалау – сіз оқушылардың оқу деңгейін қалайша тексеруді жоспарлайсыз?

Пән аралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАТ сілтемелерМағына сілтемелері

Жыраудан қалған қанатты сөздердің астарлы мағынасын түсіну және тақырып етіп алып эссе жазу кейбір оқушыларға қиындық туғызуы мүмкін нәрсе. Сондықтан жұпта, топта талқылап, астарлы мағынасын бірге түсіну арқылы қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмендерге қолдау көрсетеді.

Оқушылар жыраудан қалған қанатты сөздерді оқып, жұпта, топта талқылап жатқан кезде мұғалім аралап жүріп, журналына бағалап отырады.

Әдеби эссе жазу барысында мұғалім оқушыларға бағалау критерийі мен дескрипторлар ұсынады.

Оқушылар жұптық, топтық жұмыстарды орындаған кезде, түсініспеушілік туындамау үшін мұғалім жұмыс барысын бақылап жүреді. Эссе жазу кезінде ой бөлінбес үшін басқалардың мазасын алмауды; өтініш, сұрақтар туындаған жағдайда қолын көтеріп, ойын сыбырға жақын дауыспен жеткізуді мұғалім алдын ала ескертеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу