Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары.16-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №16
Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы | Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы |
Оқу мақсаты | 8.Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. |
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады. |
Бағалау критерийі | Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Толғау үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданып айтады; Толғау үзіндісін жазылым жұмысында дәлел ретінде тиімді пайдаланып жазады. Пәндік лексика мен терминология: жырау, толғау,заман, нөкер, мерген, желілеп бие байласам, тентегін түзеп,ошақтың оты,қиуадан ақыл, т.б. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығарма жайында былай ойлаймын... Ойымды қорыта келе: |
Құндылықтарды дарыту | Отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік. |
Пәнаралық байланыс | Тарих пәнімен байланыс болады. |
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының композициялық құрылымын анықтап, сюжеттік желісін таныды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||
Сабақтың басы 8 минут | 1.Миға шабуыл «ВАК» (визуалдық, аудиториялық, кинестетикалық) тәсілі Әр оқушыға кейіпкердің жан толғанысын сипаттайтын толғау шумақтары жазылған үлестірме қағаздар таратылып, оны белгіленген уақыт ішінде жатқа айту тапсырылады. Топ мүшелеріндегі өлең шумақтарының бірдей болмауын мұғалім қадағалауы керек. Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Жыраудың ішкі қиналысын сезіну арқылы нені түсіндің?, Үзіндіні жатқа айту арқылы нені үйрендің? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Ақынның көңіл- күйі сенің сезіміңе қалай әсер етті? » сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
| http://bilim-all.kz/olen/1907-Kuldir-kuldir-kisinetip интерактивті тақта, флипчарт, шығарма үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар. | ||||||||
Сабақтың ортасы 29минут
| 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі Сынып оқушылары алдымен Ерлан Рысқалидың орындауындағы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын(https://www.youtube.com/watch?v=GBXpHXE2AzA ) тыңдайды.Тыңдап болғаннан кейін интерактивті тақтадан көрсетілген жұппен «Сөздер банкісі» бөлігінен шығармаға қатысты түйінді сөздерді анықтайды. Шығармаға қатысты сөздерді «Біздің тақырып» деген бөлікке ауыстырып жазады. Сөздерді қатыстырып мәтін құрастырады. Сөздер банкісі Біздің тақырып
3. Мағынаны тану 2-тапсырма «Үштік талдау» әдісі Оқушылар ой бөліктерімен берілген үзінділерді оқи отырып, талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы.
1-үзінді: Асқар бір тауды жайласам, Желілеп бие байласам, Күнде жиын, күнде той, Қыз-бозбала ойнатсам, Тентегін түзеп байқа деп, Ішінен биді сайлатсам, Құлым бір ұлдай киінсе, Көркемін көрген сүйінсе, Атымтай Жомарт секілді Атағым жұртқа білінсе... 2-үзінді: Өзім бір бөлек жайласам, Жігіттен нөкер сайласам, Ойпаң жерге он отау, Қыраң жерге қырық шатыр тігіп, Қонағымды жайғасам! Пышақтан малым кетпесе Қазаным оттан түспесе, Ауылдан топыр үзілмей, Ошақтың оты өшпесе! Май жемесе қонағым, Қан жемесе барағым, Он кісіге жараса Бір кісіге арнап тартқан табағым! Халыққа атым білініп, Шүлеңгір мырза атанар ма екеміз?! 3-үзінді: Төскейде кеңес топтанып, Жақсылар үйде баптанып, Нөкерлер жүрсе сап түзеп, Қос-қосымен шаттанып. Қиуадан ақыл алатын, Қияннан айла табатын Ерлерден салсам нөкерді Дұшпаннан кекті алатын! Жоны бір жалпақ жотадай, Мойны бір жалпақ бұқадай, Балуаннан нөкер барлатып, Күреске салар ма екенбіз.. 3-тапсырма. «Лауазымды адам» әдісі Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, туған айларын айтады. Әрбір төртінші оқушы өзінің туған айын бір қадам алға шығып айтып, кіші шеңбер құрады. Бұл оқушы «Лауазымы жоғары адам» тәсілі бойынша лауазымды адам болып есептеледі, оқушыға оны ерекшелейтін бас киім беріліп, оқушы тәжді басына киеді. «Лауазымы жоғары адам» энциклопедиялық сөздікті жарнамалауы керек. Ол сыртқы шеңберден үш баспа қызметкерін таңдап алып, топ құрады. Бір топта төрт оқушы болады. Топ мүшелеріне тапсырма жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Үш оқушы үлестірме қағаздағы кестені постерге сызып, «Өсиет, кепиет, әрекет, араз болсаң алты ауыз, лайым, разылық» сөздерінің мағынасын ашып жазады. Төртінші – «лауазымы жоғары адам» оқушы постердегі сөздердің мағынасының дұрыстығын тексеріп, жұмысты жарнамалау үшін сынып бөлмесінің қабырғасына апарып іледі. Сынып оқушылары «Галерея» әдісі арқылы жарнамаланатын жұмыстарды қарап, өз көзқарастарын білдіріп, қорытындысын шығарады. Мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды топонимикалық сөздікпен жұмыс жасауға, қабілеті орта оқушыларды мағынасы анықталған сөздерді дәптеріне көшіріп жазып алып, есіне сақтауға бағыттайды. 4. Бекіту 4-тапсырма «Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі « Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімі бекітіледі. Неге ...? Егер былай болса...? Сен не істер едің...? Түсіндіруіңді өтінемін...? Сенің көзқарасың бойынша ...? 5.Салыстыру 5-тапсырма Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген топтарымен отырады. «Лауазымды адам» рөліндегі оқушы постерлерді қабырғаға іліп болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінде тұрған екінші тапсырманы алып, топ мүшелеріне таратып береді. Әр топ мүшесі жеке тапсырма нұсқасымен танысады. Тапсырма нұсқасының астына толғау үзінділері да жазылады. Топ мүшелерінің әрқайсысы «Идея» тәсілі бойынша берілген үзінділердегі оқиғаларға байланысты болжау тақырыптарын айтады. «Лауазымды адам» олардың идеясын ақ параққа жазып отырады. Топ мүшелерінің барлығы болжау тақырыптарын айтып болғаннан кейін әр тақырып «3 – 2 – 1» тәсілі арқылы қысқартылып, ең соңғы идея таңдалып алынады. «Лауазымды адам» топтың таңдаған болжау тақырыбын келесі топқа апарып, олардың идеясымен таныстырады. Осылайша әр топ өз жұмыстарын екінші топпен салыстырып, болжау тақырыптарынан бір тақырыпты іріктеп алады. 6.Бағалау Топ спикері «Лауазымды адам» жұмыстың нәтижесін « Біз жақсы меңгердік..., Топ жақсы меңгерді..., Олардың идеясы ... болды, Сендер қазір 40 минут бұрын білмеген идеяны білесіңдер...» кері байланысы арқылы бағалап, қорытындылайды. Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болады. | Ақтамберді - Күлдір-күлдір кісінетіп... | ||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс: «ББҮ» кестесі Оқушылар «ББҮ» кестесімен жұмыс жасайды.
Топ спикері кері байланыс парағымен сыныпты таныстырады.Мұғалім кері байланыс парағын жинап алады. | Кері байланыс парағы | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | ||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Үштік талдау», «Лауазымды адам»,«Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Лауазымды адам» әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуындай етіп орналастырылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?