Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал. 19-сабақ


Оқушыларға арналған дидактикалық материалдар

ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Атадан балаға, жыраудан жыршыға көшіп, ертелі-кешті қағаз бетіне түсіп,Күлдір, күлдір кісінетіп, Күреңді мінер екенбіз. Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз. Жағасы алтын, жеңі жез, Тонды киер ме екенбіз. Шығыршығы торғай көз, Торды киер ме екенбіз. Әрине, архаизмдер тек қазіргі заман тұрғысынан қарағанда ғанаҚоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қан төңкерер ме екенбіз немесе Балпаң, балпаң кім баспас, Басарға балтыр шыдамас. Батырмын деп кім айтпас, Барарға жүрек шыдамас. Ақын-жыраулардың өмір құбылысын суреттеуде мол қолданған, ерекше алуан түрдеБұлттан шыққан ай бетті, Мұнардан шыққан күн бетті, Төбел бие сойғызып... Боталаған боз інген. «Төбел» және «боз» эпитеттерінің ақын-жыраулар поэзиясында қолдануы көне дәстүрМойны бір жалпақ бұқадай, Жоны бір жалпақ жотадай. Дауысы қар азандай, Желіні бар қазандай. Жаралы қудай ыңырантып, Жарылған мұздай күңірентіп. Қайрауықтың ащы күйіндей Қайырып боздап күйлентіп. Беттерім мінсе шұбарын Жұлындай қылып жаратып. От басар орны отаудай, Қабырғасы халық арнаған жонсаудай. Ор қояндай қабақты, Қиған қамыс құлақты. Сарымасақтай азулы, Саптаяқтай ерінді, Қидасын кәрі жілікті Омырауы есіктей, Ойынды еті бесіктей. Біз осы теңеулерге қарап, бірқатар сыр аңғарамыз. Ол жыраудыңСалпақ да, салпақ жортармын, Сары азбанға қосымды артармын. Торлаусыз өскен құланмын, Мезгілсіз жусап өрермін. Байраққа біткен құрақпын, Саусағым жерге түсірмен. Жапанға біткен терекпін, Еңсемнен, жел соқса да теңселмен. Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, Балталасаң да айрылман. Сыртым – құрыш, жүзім – болат, Тасқа да салсаң майрылман! Осы толғауындағы бастапқы екі жолдан басқасы түгелдей метафораға құрылған.

Ақтамберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой-арманымен, мақсат-мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халкының мінез-кұлык ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көзкарастары анық аңғарыларды. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпенділер өміріндегі орны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтамбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.

Ақтамберді жырларындағы негізгі сарын - ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете сокқы беруді армандайды. «Балпаң-балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен шайқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп біледі.

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айқайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан,

Жалынды жүрек қан қайнап,

Ел-жұртымды қорғайлап.

Ол - суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табан асты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу аркылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға карсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен кауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.

«Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын шығармасы - ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттык туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ел қамымен автор өз мүддесін бірге ұстайды. Сұлу құшу және батыр деген атаққа ие болу, бұл сайып келгенде, жалаулы найза қолға алып, жау қашыра білуіне, ерлік қимылдарына байланысты немесе жігіттің ерлік көрсетуге даярлығына тәуелді армандар дегісі бар. Автордың ойынша, ел үшін аянбай еңбек етіп көзге түссең дегеніңе жетесің. Ер азаматтың алдына қояр талаптарын ол өзінше термелейді:

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз.

Күрек тісін қасқитып,

Сұлуды құшар ма екенбіз.

Күдеріден бау тағып.

Кіреукеден тон киер ме екенбіз...

Жалаулы найза қолға алып,

Жауға қашырар ма екенбіз.

«Актамберді қолы» деп,

«Жанайдың салған жолы» деп,

Жақсы атанар ма екенбіз.

1973 ж. шықкан «Алдаспан» жинағында осы толғаудың екі нұсқасы басылған. Асылы, олар - әркайсысы әр тұста айтылған өзінше бөлек жырлар. Себебі, қайталау көп кездеспейді (113,117-беттер). Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанменен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Белгілі жазушымыз С. Мұқанов жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз» толғауын 1942 ж. шыққан «XVIII - XIX ғғ. қазақ әдебиетінің очеркі» кітабында жариялаған-ды. Бұдан кейін «Ерте дәуір әдебиеті нұсқасы» (1967), «Алдаспан» (1973), «Бес ғасыр жырлайды» (1984) жинақтарына енді. «Айқап» баспасынан 1994 ж. басылып шыққан Әзімбай Бижанұлының дастаны бар. Онда Ақтамбердінің біз сөз еткен «Күлдір де күлдір кісінетіп» толғауы тағы жырланып, жыраудың өмір жолы толғанады. Батыр жыраудың ерлік бейнесі жасалады. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтамберді: «Дұшпаннан көрген қорлығым сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп кұдай тілекке» деп, өзі айткандай, он жеті-ақ жасында қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың акындық даңкымен балуандық, батырлык даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып, алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасылык кабілетімен көзге түседі.Сака батырлар санатына қосылған кезде «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады. Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттык күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды да тағы мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтамберді айтарлықтай рөл атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.

Ол қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткері, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді творчествасы көп жылдар бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып калуға айналған асыл мұралар қатарына жатады.

Ақтамберді Сарыұлы - суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу аркылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен калың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды. Қысқа да нақыл, шешен сөздердің шебері.

1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738-1752 жылдарда қазақ-калмақтың қанды кақтығыстарының барлығына дерлік қатысады. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау.

М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» кітабында да Ақтанберді ақындығы біркелкі сөз болған еді. Аталмыш еңбектерде жырау шығармашылығын толық танытуға белгілі дәрежеде көңіл бөлген.

Ақынның батыр мінер тұлпарды бейнелеген өлеңі оның суреткерлік шеберлігінен де хабар береді. Кей жерлері жоғарыдағы жолдарға үндесіп жатады.

Келбетіне қарасаң,

Омырауы даладай.

Әлпетіне қарасаң,

Сырлап соққан моладай.

Жолбарыстай жон түйген,

Аш күзендей бүгілген.

Ор киіктей жүгірген...

Осы келтірілген жолдар жоғарыдағы «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын өлеңнің жалғасы десе боларлық. Екеуінде де бір идея көрсетілген. Ер азаматтың армандары термеленеді.

Ақтамберді «ермін» деген жігіттің алдына асқар таудай асыл мұраттар қоя біледі.Соның ең асылы - ерлік. Ел басына қиындық түскен кезде сыналар және елі үшін жанын отқа салуға даяр жігіт қана ер атанбақ. Ақын заманы мұқтаж етіп отырған ер-азаматты үлгі етіп, әр тұста елі үшін ерлік көрсете білуге үндейді.

Қалыптастырушы бағалау

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Халықтың бейбіт, бақытты өмірін жырау қалай елестетеді?
  • Жыраудың

«Қиуадан ақыл алатын,Қияннан айла табатынЕрлерден салсам нөкердіДұшпаннан кекті алатын!» деуінің мәні неде?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[attachment=28224:az_debieti_8-synyp_1-tarau_-19-saba_didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу