Махаббат пен абырой. М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ :

Мектеп:

Күні :

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Бөлім: Махаббат пен абырой. М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы.

Поэманың көркемдік ерекшелігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И3. Көркем шығарманың тілі

8.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Сабақ мақсаты:

Поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ ) қолданысын анықтай отырып, білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдау, автор ойын жеткізудегі орнына баға беру.

Құндылықтарды игерту:

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық пен ашықтық;
  • қазақстандық патриотизм және жауапты азаматтық позиция;
  • ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;

Аталған құндылықтар оқушылардың топта жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы және бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, георграфия, өнер

АКТ-ны қолдану дағдылары:

«Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді көреді.

Бағалау критерийлері:

  • поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ) қолданысын анықтайды;
  • білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдайды;
  • автор идеясын жеткізудегі қызметін анықтап, баға береді.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

поэма, намыс, Отан қорғау, махаббат, өкініш, ашу-ыза, кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша...; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін...; оның мынадай себептері бар...; себебін былай түсіндіремін...;

Осыған дейін меңгерілген білім

Поэманың мазмұнын біледі. Кейіпкер бейнесіне қатысты тура және жанама мінездеу түрлеріне талдау ерекшеліктерін меңгерген. Көркемдегіш құралдар туралы теориялық білім негізі қалыптасқан.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 мин

Қызығушылықты ояту сатысы:

«Ой шақыру» 1 мин.

Суреттегі батыр мен оның тұлпарын сипаттайтын 2-3 көркемдік тіркес жазыңыздар.

Мысалы: дулығалы батыр, қаһарлы батыр, айбынды ер, темір сауыт, асау тұлпар, арғымақты ер, ереуіл ат, егеулі найза т.б.

Сұрақтар:

  • Автор батырдың бейнесін қалай сомдаған?
  • Автордың батырлықты жырлаудағы шеберлігі неде?
  • Қандай әдіс-тәсілдер қолданған?

Сабақтың ортасы

18 мин

Мағынаны тану сатысы:

Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

Фильмнен үзінді көрсетіледі. 2 минут

  • Батыр кандай күйді басынан кешіруде? Атап жазыңыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=eecesK63mzw

45.26-дан - 46.35-ке дейін

Проблемалық сұрақ:

Батыр да ет пен сүйектен жаралған адам. Автор Баянның батырлығымен қоса адами бейнесін, оның басынан кешкен махаббат пен намыс, ашу-ыза, ащы қайғы және өзегін өртеген өкініш, қайнаған кек сияқты түрлі сезім шарпысуларын қалай сипаттап жеткізген?

«Сәйкестендіру» 30 секунд

Көркемдегіш құралдарды мысалымен сәйкестендіріңіз.

  • https://quizlet.com/_8q82we?x=1qqt&i=2z5xqe

Көркемдегіш құралдар және оның мысалдары

Терминдер

Мысалдары

эпитет

қандыбалақ батыр Баян, сұм сұлу

теңеу

Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай; тәтті балдай

метафора

Ашуын арыстанның байқаған соң...

Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі...

метонимия

Қан көрсе, қас қыранда шер тұра ма?!

кейіптеу

Құшақтап ақ селеуді жылады жел;

Қамығып, қайғы басып, күрсінді жер.

синекдоха

Қол тұрды, ауқаттанды, хабар күтті,

эпифора

Аяңдап топқа тура келді Баян,

Келді де көпке сәлем берді Баян...

анафора

Балқаш қой бұл айдыны сылдыр қаққан, Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан...

Ескерту

Тапсырма «Teams» платформасындағы каналдарға топ құрып, тапсырманы мұғалімнің алдын-ала жүктеп қоюы арқылы жүзеге асады.

Мұғалім оқушыларға келесі қадамдарды түсіндіріп қоюы керек:

  • Әр оқушы өз тобына өтеді.
  • Топта спикер таңдалады.
  • Спикер Таймкиперді анықтап қояды. Таймкипер МІНДЕТТІ түрде таймер қойып, топқа тапсырманы аяқтауға қанша минут қалғандығын хабарлап отыруы тиіс
  • Спикер тапсырманы ашып, «Экранмен бөліс» деген бөлігін қосады.
  • Топта ақылдаса отырып, мәтін мазмұны бойынша тапсырма орындайды.
  • Тапсырманы орындау уақыты 10 минут.
  • Уақыт аяқталған соң, барлық оқушылар бастапқы топқа оралады.
  • Спикер қорғайтын 1 оқушыны тағайындайды, сол оқушы топтың жұмысын қорғайды.

«ЗЕРТТЕУ және ТҰЖЫРЫМ» 10 минут.

1-2-топ тапсырмасы

Зерттеу нысаны: Баянның батырлығын сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәні.

3-4-топ тапсырмасы

Зерттеу нысаны: Батыр Баянның сезімі мен көңіл күйін сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәні.

Шағын жоба жұмысының талдау реті:

1-қадам. Кейіпкердің сипатын ашатын көркем сөздерді теріп алып, түрлерін ажырат.

2-қадам. Кейіпкер бейнесін танытатын 1 көркемдік қолданысқа 3 аспектіде талдау жүргіз:

  • Көркем сөздің білдіретін (тура) мағынасын анықта.
  • Мәнмәтіндегі мағынасын талдап, кейіпкерге мінездеме бер.
  • Автор идеясын жеткізудегі орнына баға бер, идеяға қатысты түйін шығар.

3-қадам. Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығар.

Тұжырымда қамтылатын сұрақ:

  • Автор кейіпкер бейнесін сипаттау үшін қай суреттеу құралын көбірек қолданған? Неге?

Тұжырым шығаруда басшылыққа алынатын сұрақтар:

  • Автор кейіпкер бейнесін сипаттау үшін қай суреттеу құралын көбірек қолданған? Неге?

Дескриптор:

  • кейіпкер сипатын ашатын кемінде 6-8 көркемдік қолданысты мәтіннен теріп алып, (эпитет, теңеу, метафора т.б.) түрлерін ажыратады;
  • кейіпкер сипатын танытатын 1 көркемдік қолданысты таңдап алып, 3 аспектіде талдау жүргізеді:
  • 1) білдіретін тура мағынасын анықтайды;
  • 2) мәнмәтіндегі мағынасын талдай отырып, кейіпкерге мінездеме береді;
  • 3)образдың автор идеясын жеткізудегі орнына баға беріп, идеяға қатысты түйін шығарады;
  • автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығарады.

«Кесте» сызбасына негізгі жауаптарыңызды қысқаша түртіп алып, жүйелеп, ауызша сөйлеуге дайындалыңыздар.

Кейіпкерді сипаттайтын көркем сөз

Көркем сөзді 3 аспектіде өзара байланыста талдау

Тура мағынасын анықта

Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым ұсыныңыз.

1-2-тоқа ұсынылатын эпизодтар:

№1

«Қанайым, ойың удай, тілің шаян,

Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.

Көп жаудың албастысы, ел еркесі

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты құр атынан,

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат,

Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ батыр Баян!» –

№2

Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,

Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,

Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!

Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,

Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?

Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр

Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді?

Бұл жолы кешігуі жай емес қой,

Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі! 

№3

Қазақтың батырлары бәрі қыран,

Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.

* * *

Тілегім – енді жауға аттаналық,

Қан көрсе, қас қыранда шер тұра ма?!» 

* * *

Алашта ертеде өткен екі арыстан:

Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?

Солардың нәсілінен Сары, Баян,

Барыстай ойын салған сар далада.

№4

Ол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап,

Тартады шабуылмен Іле бойлап.

Алдында ақ сұңқардай батыр Баян,

Екпіні қауға тиген өрттей ойнап,

* * *

Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен.

Қалың қол ортасында батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

* * *

Бұлақтай аспанға атып қан шапшыған,

Жараға тығып тұрып бармақ басын,

Қасқиып қан майданда тұрып қалды

Қайран ер, қайсар Баян жолбарысым!

3-4-топқа ұсынылатын эпизодтар

№1

Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,

Ер Баян қарындас қып, ерік берген.

Алайда ар алысқан жүрегімен

Теңізде алысқандай күшті сеңмен.

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап»,

Баянда жан қоймаған жандырмаған.

Сонда да сыр шығармай батыр Баян,

Жастық қып жанын естен тандырмаған. 

№2

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,

Жаралы жолбарыстай күңіренді.

Ақылға алғыр құстай ашу төнді.

Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,

Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.

Ақыры ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.

Өлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян,

Боз үйден оқ жыландай шыға келді.

Ер Баян сол кеткеннен кете барды,

Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды.

Бауырынан Обағанның орғып өтіп,

Арыстан айдалада дүбір салды.

Көрсе де дауыл гүлді – басылмады

Ер Баян арыстандай жаны жара,

Қалшылдап, көзі қан боп, қолын алмай

Байланған садағынан белде сала.

№3

Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды,

Көр болғыр екі көзім, көрдің неге?

Садақпен жүрегінен тартып кетпей,

Жыландай бауырыма сап келдім неге?

Есалаң жүрекке ерік бердім неге?

Буынып сол боз үйден шықпай өлмей,

Атылып оқ жыландай тұрдым неге?!

* * *

Қайғыдан жарылғандай қайран жүрек,

«Уһ-уһ!» деп үзілгендей есіл өзек.

Қасіреті қара түндей Ер Баянның...

№4

Жапанда жапа-жалғыз еңіретті ерді,

Әлгіде ойды улаған ашу кезеп.

Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл,

Күбірлей бастады енді: «Мұның не?» – деп.

Зарланып күңіренді батыр Баян,

Мезгілде күңгірт тартқан кешке таман:

«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным» деп

Ер едім еркелеткен алаш тамам.

Сындырдым азғана Уақ елім белін,

Елімнен кетіп, елді қайдан табам?

Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

Ісімді мынау ағат немен жабам?

Қарабет болдым алаш баласына,

Ер дер ме енді мені Абылай данам?! 

Ел беті енді маған болсын арам,

Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!»

 Ескерту:

Оқушылар төмендегі талдау үлгісін басшылыққа алып, кесте бойынша қысқаша түртіп алып, ауызша сөйлеуге дайындалуы керек.

ТАЛДАУ ҮЛГІСІ:

Кейіпкерді сипаттайтын көркем сөз

Көркем сөзді 3 аспектіде өзара байланыста талдау

Тура мағынасын анықта

Көп жаудың албастысы, ел еркесі - метафора

«албасты» сөзі - тура мағынасында түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі;

«Ел еркесі» - халықтың, көпшіліктің қалаулысы, сүйіктісі

Топтар жұмысын (әр топтан 1 оқушы) қорғайды. 5 минут

Өзін-өзі бағалау

Бағалау критерийлері

Төмен

Орта

Жоғары

кейіпкер сипатын ашатын 6-8 көркемдік қолданысты теріп алып, түрлерін ажыратып айтады;

1 көркемдік қолданысты таңдап,

3 аспектіде талдау жүргізеді:

бастапқы және мәнмәтіндегі мағынасын ашады;

образды ашудағы орнына баға береді;

автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығарады.

Кері байланыс

Талдаудың қай бөлігі қиындық туғызды? Неліктен?

https://www.youtube.com/watch?v=eecesK63mzw

https://quizlet.com/_8q82we?x=1qqt&i=2z5xqe

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/58343/

Сабақтың соңы

1 мин

Рефлексия

«3-2-1» әдісі

  • Сіз үшін маңызды болған 3 ақпарат;
  • Қиындық келтірген 2 жағдай;
  • Келесі сабаққа 1 ұсыныс.

Үйге тапсырма:

Талдау жасау дағдыңызды жетілдіру үшін 1-2 көркемдік қолданысты «Кесте» сызбасында жазып, мақсатты қолданысын талдап, жаттығыңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу