Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С.К. | ||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | А/И1. Әдеби шығарманың композициясы | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Менің ойымша, оған дәлел, ойымды қорытындылар болсам, келісемін т.б. | ||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Құрмет: Отанға, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет теориясы | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтауы қалыптастырылды. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Басы 5 минут | Қызығушылықты ояту Ана тілің арың бұл, Ұятың боп, тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әли Оқушылар өлеңді «Дыбыс шкаласы» әдісімен мәнерлеп оқиды. Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады. | ||||||||||||
Ортасы 15 минут 15 минут | Мағынаны тану кезеңі «Ойлан,бөліс,талқыла!» Аварлықтың «Елді аңсау»суретінде өзін тауды басқан тұманға теңеуінің мәні мен сыры неде деп ойлайсыздар? Кері байланыс «Бармақ» Тапсырма. Әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау жасаңыздар. ЖЖ. 1.Оқиғаның басталуы: Париждегі дағыстандық суретші. 2.Оқиғаның дамуы: Суретші шығармаларымен танысуға құштарлық. Шебердің «Елді аңсау»суреті. 3.Оқиғаның шиеленісі:Сурет салуға арқау болған аварлардың көне аңызының желісі.Автор сұрағы. 4.Оқиғаның шарықтау шегі:Суретшінің туған-туысқандарымен, анасымен болған әңгіме. Ананың бетіне қара орамал жабуы. 5.Оқиғаның шешімі: Менің ұлым баяғыда өліп қалған. Өзара бағалау. Дескриптор
Сұрақтармен жұмыс. «5 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 1. Неліктен автор мен Париждегі дағыстандық суретші кездесті? 2. Неліктен суретші туған еліне қайтпады? 3. Неліктен құстың жан күйі мен аварлық жігіттің тағдыры ұқсас? 4. Неліктен суретші өз сағынышын сурет арқылы жеткізген? 5. Неліктен анасы «Менің ұлым баяғыда өліп қалған» деді? Қалыптастырушы бағалау. «Егер ертең тілім болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін – ақ» тақырыбында «Менің Дағыстаным» әңгімесімен байланыстырып,ойтолғау жазыңыздар. (30-40 сөз) Дескриптор
«Еркін микрофон» Өз жұмыстарын сынып алдында оқиды. Бағалау: «Ең, ең, ең» | Презентация | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «3-2-1» Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін. | Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс, дескриптор,өзара бағалаулары арқылы анықтаймын. | Әдебиет теориясы пәнімен байланысы бар. Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар). Құрмет құндылығы қалыптасады. | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?