А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған қосымша ақпарат

Көркем ауыстырулар немесе троп дегеніміз не?

Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:

  • көріктеу,
  • меңзеу,
  • әсерлеу дейді.

Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимиясинекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафоратеңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гиперболалитотакейіптеуирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).[1][2]

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%80%D0%BE%D0%BF

[attachment=27566:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_5-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу