А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!
А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Сабақ : № 25 | Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ | ||||||||||||||
Күні : | Мұғалім: Меңдібаева С.Ә | ||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақ мақсаты | Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. | ||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер Ойға жию, балалықты қию, сәнқой, даңғой | ||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | А.Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі Сыныптағы оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бір жол айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Келесі жолын жалғастырып айта алған оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша жауап берген әр оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. |
| |||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 – 7 минут 5 минут 7 минут Ауызша кері байланыс 3 мин 10 минут Ауызша кері байланыс беру 2-минут Саралау тапсырмасы | Мағынаны тану кезеңі 1-тапсырма Сынып екі бөлікке бөлініп, бір бөлік «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», екінші бөлік «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген мәселені анықтайды «Фишбоун» әдісі. Балықтың басы – Өлең идеясы Үстіңгі сүйектері – Өлеңде көтерілген мәселелер Астыңғы сүйектері – Ақын ұсынған шешу жолдары Құйрығы – Мәселенің шешімі 2- тапсырма Төмендегі зерттеу мақалаларын оқы. Жұпта талда. 1-мәтін Абайдың ұлттық идеясы ғылым, халыққа сауаттылықты, жастарға ғылымның қасиетін жеткізу. Қоғам ғылымның қасиетін биік түсінген сайын ғылым ел өмірінде мәдени сананың бір бөлігіне айналады. Ғылым мен халықтың арасында мәдениет орын алса ғалымдардың қызметі дамиды, ғылым қоғамдық сананың тарихи деңгейін иеленеді: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Ғылым табу - адамның өмірлік парызы, кісілік міндеті. Халыққа қызмет ететін нағыз ғылымның иесін халық таниды. Ғылымды халықтың игілі деп түсінетін адам өмірден орынын белгілейтін адам. Адамның өмірдегі орны тазалықпен келіп, адамгершілігімен сақталап отырған. Өмірде орын табатын адамның мақсаты, тілеуі, қажеті санасымен, ақылымен, түсінігімен орнығады. Болашаққа сенім арқылы қарайтын адам, үнемі өзіне оралып отырады, адамның өзіне өзі ақылымен оралып отыруы орнын табуға икемдейді. 2-мәтін Өлең ақынның кеудесін кернеп, жүрегін тербеген қуатты ойдың жемісі, ойды сырттай сұлу етіп өрнектеп, көркемдеп жеткізу үшін ақындық шеберлік, шалқар шабыт қажет. Абай поэзиясында өлең сөзге, ақындық өнерге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамдағы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылар талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады. Ол шын мәніндегі өлең сөздің мақсатын нысана тұтқан, азаматтығы пендешіліктен жоғары тұратын ақынның ғана көкірегінен шыға алатын ғажайып құбылыс екенін айтады. Реалистік поэзияны қалыптастыру жолындағы ақындық мұратын білдіреді.Өлең тілінің кіршіксіз таза болуын, бөтен сөзбен былғанбауын талап етеді. Осы орайда өзінің алдында өткен кей ақындарды сынға алады.Абайдың өлеңге, ақындық өнерге қоятын талабы аса биік. Ол, ең алдымен, өлеңнің көркемдік сапасына зер салады.
3- тапсырма Ғалымдар пікірін сараптай отырып «Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең» тақырыбына сыни хабарлама жаз.
Бағалау дескрипторы
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады. Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма: «Білімдіден шыққан сөз...» тақырыбында ауызша сыни хабарлама дайында. Аудио ретінде жазып ал. |
http://abai.kz/post/49426 презентация | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ рефлексиясы Сабақтың соңында оқушыларға өздерінің жұмыстарының жетістіктерін әр кезең бойынша баспалдақ жетістігінде көрсетуге болады . Бұл оңай ғой ! Мен жасадым Мен жасай аламын Жасап көрейін Қалай жасауыма болады Жасағымда келмейді Мен жасай алмаймын Мен жасағым келмейді | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?