Қазақ тілі мен әдебиеті 3-сынып 5-бөлім Өнер Суретті көркем фантастика ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Өнер

Мектеп: НЗМ

Күні: 10.01.17

Мұғалімнің аты-жөні :

Омарова А.Е.

Сынып:

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суретті көркем фантастика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.2.2 мәтіннің тақырыбы, бастапқы және қорытынды бөлімі негізінде ондағы сюжеттің дамуын болжау

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап диалогке қатысу

3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.3.2 бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

3.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтап кестеге салу/сызба түрінде көрсету

3.4.1.3 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жаз

 Сабақ мақсаттары

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтау; оны түсіну және түсінгенін көрсете алу.

 Жетістік критерилері

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды; оны түсінеді және түсінгенін көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Қол өнері - кілемде,

Сөз өнері - ..........Осы мақалды толықтырып, мағынасын ашу.Өнер туралы тағы қандай мақал білесіңдер?

Суретпен жұмыс. Сурет бойынша бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау.

Тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың ортасы

(МК) Бірлесіп оқуда белгілі суретші немесе көркем туынды жайлы әңгіме оқу. Oқушыларға кітаптың мұқабасын немесе иллюстрацияларды көрсетпей әңгімені оқу. Оқушылардан өздерінің негізгі ойларына сүйене отырып, әңгіменің түрін анықтауды сұрау. Кітаптың мұқабасы мен тақырыбын көрсету. Олардың көзқарастары өзгерді ме? Неге? Мәтін ішінде сілтемелер тауып, олардың қайда апаратыны жайлы болжам жасап, дауыстап оқуды көрсету.

(Ұ) Мәтінмен жұмыс жүргізу.,

Мәтінге тақырып қою:

 Баяғы өткен заманда Бояушы деген суретші өмір сүріпті.Бір күні Бояушы сурет салып отырып, қорқып кетеді. Бір сәтте оның басында қалпақ, қолында алтын қылқалам, үстінде-әдемі костюм пайда болады.Бояушы таңқалғанынан қылқаламмен қағазда сурет салғандай, ауада жолақша салады. Содан кейін жолақша ашық аспан мен бұлттарға айналып кетеді. Бояушы қызығып кетіп,сурет сала бастайды.Жұмысын аяқтаған соң, орындықта отырғандай ауда демалып отырғанын байқайды. Ол тағыда шошып кетеді, басындағы қалпағын ұстай қалғанда, оның ішінен суреттегі қарлығаштар ұшып шығады. Сол кезден бастап, Бояушы өз өнерін байқайды. Болашақта ол әйгілі суретші мен сиқыршы болды.

(Ұ) Әңгімеден алған алғашқы әсерін сұрау. Оқушылардан әңгімені жалғастырып оқуға ынтасы бар болса, неліктен оқығысы келетінін сұрау.Оқиғаны ары қарай жалғастырып оқу үшін жазушы қандай тәсіл қолданды. Жазушы пайдаланған тәсілдердің тізімін жасау.

(Ж, Қ) Әңгіменің аяқталуын сілтемелерді анықтау арқылы болжай ала ма? Қандай шиеленіс болуы мүмкін? Ол қалай шешіледі? Жұптар өз идеяларын топта талқылап, «әңгіме тауына» болжамдарын жазады. Әңгімені оқығанда,болжауларға қайта оралу. Оқушыларға өз идеяларын неліктен өзгерткенін дәлелдеу арқылы нақтылауға және алғашқыда ойлаған идеяларын түзетуге, қосымша толықтыруларды немесе нақты ақпараттарды қосуға мүмкіндік беру.

Әңгімені сыныппен бірге, жеке немесе топпен толық оқуға уақыт беру.

(Ө, Қ) Әңгімені зерттеу. Әңгіменің бөлімін/үзіндісін қайта оқуды ұсыну. Қиялдауға көмектесетін жағдайдың деталін анықтау үшін мәтінді белгілеуді қолдану. Оқиғаның суретін анық салуды өтіну. Қажет болса, бейнелерге мәтіннен алынған сөз тіркестерін қосып жазу.

1.Мәтінді өз бетімен оқу

2. Сөздік жұмыс

3.Мәтінді бөліктерге бөлу

4.Тізбектеп оқу

(Ж) Әр оқушы өздігінен орындайды.

5.Мәтіннен

Соңғы сөйлемді көшіріп, суретші,сиқыршы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

(ЖЖ) Егер менің қолымда сиқырлы қылқалам болса мен..... суретін салушы едім.Өйткені... Әр шағын топқа сөйлемді жалғастыруға тапсырма беріледі.

(Ө/Т, Қ) Оқушыларды топқа бөлу. Әр топқа кейіпкер тағайындау. Топтағы әр оқушыға әңгіменің үзіндісін оқуға беру (үзінді әр түрлі болуы мүмкін). Әр оқушыға өздері оқыған үзіндідегі кейіпкерді сипаттайтын сөз тіркестерін белгілейтін жеке тапсырма беру. Кейіпкердің сыртқы көрінісін, мінез-құлқын және басқа да факторларды анықтайтын түсті код пайдалану. Әр топқа берілген тапсырмаларға қайта оралғанда, кейіпкер туралы жинақтаған мәліметті бөлісіп, келісетінін/келіспейтінін, сұрайды. Кейіпкер әңгіме барысында бұрынғыдай қала бере ме, әлде өзгере ме? Топтың оқушыларына кейіпкерлер жайлы постер жасауды ұсыну.

(Ұ) Шынайы әңгіменің басты оқиғалары енгізілген «әңгіме тауын» жасау. Әңгімені сыныпқа айту үшін «әңгіме тауын» пайдалану. Оқушылардан ең жақсы білетін әңгіменің бөлімдерн айтуға қосылуын сұрау.

Оқушылар басты оқиғалар, кейіпкерлер мен әңгіме тілін есте сақтау үшін әңгіменің маңызды бөліктерін анықтау. Әңгімені қайта айтқан кезде қимылдарды қолдану.

Оқушыларға 5- бөлімде анықталған баяндау техникалары жайлы ескерту. Осы бөлімдегі тиімді баяндауды қолдайтын «Тоғыз гауһар тас» стратегиясын көрсету.

Оқушылар сыныппен бірге әңгімені жақсы баяндай алғанша, бірнеше рет қайталау.

(Т) Әңгімені бір-біріне айтуға мүмкіндік беру.

Презентация , таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Өзімнің жұмысыма риза болсам (қол соғу)

Әліде тырысу керек десем (аяқпен топылдату)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу