1_Қазақ тілі мен әдебиеті 3-сынып 5-бөлім Өнер Суретті көркем фантастика ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Мектеп: Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 10.01.17

Мұғалімнің аты-жөні :

Боранбаева А.К.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суретті көркем фантастика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.2.2 мәтіннің тақырыбы, бастапқы және қорытынды бөлімі негізінде ондағы сюжеттің дамуын болжау

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап диалогке қатысу

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.4.1.3 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жаз

 Сабақ мақсаттары

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтау; оны түсіну және түсінгенін көрсете алу.

 Жетістік критерилері

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды; оны түсінеді және түсінгенін көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушалырдың сабаққа дайындығын тексеру, жағымды көңіл-күй орнату.

Қазақ тілі сабағының ұранын айтқызу.

(Ұ) «Жалғасын тап» ойыны

Қол өнері - кілемде,

Сөз өнері - .......... тілдеОсы мақалды толықтырып, мағынасын ашу.

-Сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз деп ойлайсыңдар?

-Өнер туралы тағы қандай мақал білесіңдер?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін анықтау.

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел дер мен суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

5 минут

10 минут

2 минут

5 минут

3 минут

(МК) Суретпен жұмыс.

Мақсаты:Сурет бойынша бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау.

Оқушылардың ойларын/жауаптарын тыңдау.

(Ұ) Мәтінмен жұмыс жүргізу

Баяғы өткен заманда Бояушы деген суретші өмір сүріпті.Бір күні Бояушы сурет салып отырып, қорқып кетеді. Бір сәтте оның басында қалпақ, қолында алтын қылқалам, үстінде-әдемі костюм пайда болады.Бояушы таңқалғанынан қылқаламмен қағазда сурет салғандай, ауада жолақша салады. Содан кейін жолақша ашық аспан мен бұлттарға айналып кетеді. Бояушы қызығып кетіп,сурет сала бастайды.

Жұмысын аяқтаған соң, орындықта отырғандай, ауада демалып отырғанын байқайды. Ол тағы да шошып кетеді, басындағы қалпағын ұстай қалғанда, оның ішінен суреттегі қарлығаштар ұшып шығады.

Сол кезден бастап, Бояушы өз өнерін байқайды. Болашақта ол әйгілі суретші-сиқыршы болды.

(Ұ)Мәтіннен кейінгі жұмыс

Әңгімеден алған алғашқы әсерлерін анықтау. Оқушылардан әңгімені жалғастырып оқуға ынтасы бар болса, неліктен оқығысы келетінін сұрау. Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтау.

-Балалар, мәтін не туралы?

-Бояушы неден шошыды?

-Ол өз бойында қандай өнер байқады?

-Бұл мәтін фантастикаға жатады ма? Неліктен?

-Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?

, Қ) «Тау шыңы» стратегиясы

Мақсаты:Әңгіменің аяқталуын ары қарай болжау, әңгіменің соңын құрастыру.

-Оқиға қалай жалғасуы мүмкін?

-Ол қалай аяқталады?

Топтар өз идеяларын топта талқылап, «әңгіме тауына» болжамдарын жазады. Әңгімені оқығанда,болжауларға қайта оралу. Оқушыларға өз идеяларын неліктен өзгерткенін дәлелдеу арқылы нақтылауға және алғашқыда ойлаған идеяларын түзетуге, қосымша толықтыруларды немесе нақты ақпараттарды қосуға мүмкіндік беру.

(Ұ)Оқушылар сыныппен бірге әңгімені жақсы баяндай алғанша, бірнеше рет қайталау.Әңгімені бір-біріне айтуға мүмкіндік беру.

(Ө,Ж) Дәптермен жұмыс

Тапсырма:Мәтіннен соңғы сөйлемді көшіріп, суретші,сиқыршы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

(ЖЖ) «Егер мен.....»

Егер менің қолымда сиқырлы қылқалам болса мен..... суретін салушы едім.Өйткені... Әр шағын топқа сөйлемді жалғастыруға тапсырма беріледі.

Оқушылар жұпта отырып, бір-бірінің ойларымен/қиялдарымен бөліседі.

Үлестірмелі парақтар

«Тау шыңы» сызбасы А3 парақтарында

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

-Бүгін мен ........................ үйрендім.

-Маған сабақта ................... қиындық туғызды.

-Келешекте маған .................. назар аудару керек.

Бағалау: Сабақтың басында құрған бағалау критерийлеріне қайта оралу.

«Тау шыңы» бойынша өзін-өзі бағалайды.

Слайдта жазылған сөйлемдер

Стикерлер мен тау шыңы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу