Қазақ тілі_3 сынып_5-бөлім Өнер_Тақырыбы_ Көрініс сценарий оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: «Өнер» | Мектеп:Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көрініс сценарий оқу | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 33.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтіннен тірек сөдерді белгілеуге, қойылған срақтарға жауап беруге дағдыландыру. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тірек сөздерді белгілейді; Ашық сұрақтар құрастырады; Жабық сұрақтар құрастырады; Қойылған сұрақтарға жауап береді. | ||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Ашық, жабық,тірек сөздер, өнер, сала, | ||||||||||||||||||||
Құндылықтардыдарыту | Жауапкершілік, еңбекқорлық. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, дүниетану | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кітап жайлы әңгімелеу. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жағымды көңіл күй орнату. Ойын: «Мен саған, сен маған» Мақсаты: Оқушының бойында байқампаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Шарты: Оқушылар бір-біріне кез келген ертегі кейіпкердің сөзін немесе қимылын келтіреді және қай ертігінің кейіпкері екенін анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін анықтау. Үй тапсырмасын тексеру:Үйге берілген «Көктем сәні» ертегісін рөлге бөліп оқыту, шапалақтап бағалау. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 25 минут | ІІ. Қызығушылықты ояту. (Ұ) СЦЕНАРИЙ сөзін әріптерден құрастыру С Е Н И Ц А Р Й -Сценарий дегеніміз не? -Ненің сценарийі болуы мүмкін? -Сендер ненің сценарийін құрып көрдіңдер? (Т,Қ) Мәтінмен жұмыс Әр топқа мәтін таратылады.Оқушылар мәтінді оқиды.Тізбек бойынша оқыту. Мақсаты: Оқушылар ертегіні оқып, көрініс ұғымымен танысады. Мәтіннің қалай берілгенін, мәтіннің кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, оқиға орнын, т.б. талдау. Мәтін қандай мақсатпен берілгені туралы талқылайды Тауық, тышқан және құр.Ерте заманда тауық,тышқан, құр – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:- Дән таптым!- деп айқалапты.- Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?- депті тауық.- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.- Мен де апара алмаймын,- депті құр.Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Тиірменге тарттырыпты.Тауық:- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.- Мен апара алмаймын,- депті тышқан- Мен де апара алмаймын,- депті құр.Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.- Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.- Мен де илей алмаймын,- депті құр.Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:- Кім от жағады?- деп сұрапты.- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.- Мен де жаға алмаймын,- депті құр.Отты да тауық өзі жағыпты.- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.- Мен де сала алмаймын.,- депті құр.Нанды да тауықтың өзі салыпты.- Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.Тауық нанды алып қойыпты да:- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.- Мен,- деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.- Мен де жеймін,- деп,құр да стол қасына келіп отырыпты. Ой қозғау -Нан туралы не білесіңдер? (Т,Қ)Мәтіннен кейінгі жұмыс Ашық сұрақтар: Қайда? Қашан? Неге? Неліктен? Қанша? Жабық сұрақтар: «Ия» немесе «Жоқ» жауаптары берілетіндей қойылады. Әр топ ашық/жабық сұрақтарды құрастырады. Құрастырған сұрақтарын көрші топқа береді.Көрші топтың құрған сұрақтарына жуабын табады да жазады. Топтар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды, бағалайды. | Қосымша №1 Қосымша №2 | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия -Мен сабақта ________________________білдім. -Сабақта ___________________________ үйрендім. Бағалау Үйге тапсырма: Мәтінді рөлге бөліп оқу, сахналау. | Бағдаршам түрлі түсті стикерлер | |||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
|
| Сандық техникаларды қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?