«Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі бала бейнесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы құндылықтары

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Үсен Айгүл

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 11

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі бала бейнесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы

 Сабақтың мақсаттары

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

 Бағалау критерийлері

Кейіпкерлерге қатысты сыни көзқарасын білдіре алады;

Шығармаларды заманауи мәселелермен салыстыруда өз пікірлерін орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрметтеу: оқушыларға мәтін талдату отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға шақыру;

Пәнаралық байланыс

экономика

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Т.Нұрмағамбетовың «Анасын сағынған бала» әңгімесін қомпозициялық құрылысына қарай талдаған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Адасқан сөздер» ойыны арқылы топтарға біріктіру.

Мұғалім оқушыларға адасқан сөздер салынған конверттен сөздер жазылған карточкалар таңдатады. Олар сөздерді дұрыс орналастыру арқылы жаңа топтарға бірігеді. Ол үшін қабырғада ілініп тұрған мақалдарға өз сөздерін сәйкестендіріп, өз топтарын анықтайды және мақал-мәтелдерді құрастырып, мағынасын ашады.

І топ:

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,Атадан тағылым алмаған ұл жаман

ІІ топ:

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді. Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

ІІІ топ:

Аналы баланың өзі тоқ, Анасыз баланың көзі тоқ.

ІV топ:

Балалы үй — базар,Баласыз үй — қу мазар.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

7 минут

7 минут

7 минут

7 минут

Білу

Әңгіменің басты кейіпкері Сержан қандай бала? Оның ақкөңілдігі, жанашырлығы, мейірімділі, ақылдылығы

әңгіменің қай жерінен айқын көрінеді?

Оқушылар Сержанның бойындағы

І топ: ақкөңілдігі

ІІ топ: мейірімділігі

ІІІ топ: жанашырлығы

ІV топ: ақылдылығы суреттелетін эпизодтарды еске түсіріп айтады.

Түсіну

Берілген эпизодтан кейін әңгіме кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз. Егер сіз автор болсаңыз, әңгімені қалай жалғастырып жазар едіңіз.

(Оқушылар топта талқылап, өз болжамдарын ұсынады)

Қолдану

«Өткенге көз жүгірту/келешекке көз жүгірту» әдісі (Flashbacks and Flash forwards)

Оқушылардан жұп болып импровизация жасауды сұрау.

«Өткеннен кадр» жасау үшін жұп болып:

І топ: Есмағамбет пен Сержанның

ІІ топ: атасы Балмағамбет пен әжесі Мейіркүлдің

ІІІ топ: анасы Күміскүл мен баласы Сержанның

ІV топ: әжесі Мейіркүл мен анасы Күміскүлдің әңгімелесіп отырған жерінен көрініс қойыңыздар.

Талдау

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деп ата-бабамыз айтқандай, қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өсіп келе жатқан балалар жетерлік. Қалай ойлайсыздар, толық отбасыдан шыққан бала мен толық емес отбасыдан шыққан баланың тәрбиесінде айырмашылықтар болады ма?

Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.

Жинақтау

Әңгімедегі кейіпкерлердің орнына өздеріңізді қойып,оның психикалық жағдайын, көңіл-күйін түсініп, монолог жазыңыздар.

І топ: Сержанның

ІІ топ: анасы Күміскүлдің

ІІІ топ: атасы Есмағамбеттің

ІV топ: әжесі Мейіркүлдің атынан монолог жазады.

Бағалау

«Сана саяжолы» әдісі (Conscience Alley)

Бұл әдістің мақсаты хикаяда проблема шешумен немесе дилеммамен бетпе-бет келгендегі кейіпкердің санасын зерттеу болып табылатынын түсіндіру.

Қалай ойлайсыз, Сержанның ата-әжесінің тәрбиесінде болғаны дұрыс па, әлде қалаға барып анасының жанында болуы керек пе?

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Мәтін

Флипчарт, маркер

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Тазалық» ойыны.

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Үйге тапсырма: Әңгіменің басты кейіпкері Сержанға хат жазу

Үлестірме матриалдар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ________________ Турлыбекова С.К.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу