Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала». Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

 Сабақтың мақсаттары

  • Отбасы құндылығын түсінеді;
  • Әңгіменің негізгі идеясын мен тақырыбын анықтайды

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушы орындайды:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады;

Көптеген оқушы орындайды:

Эпикалық шығарманың мазмұнын біліп, автор атынан болжамын жасай алады;

Кейбіір оқушы орындайды:

Әңгімеде автор қолданған құралдарды таба алады;

Сабақта қамтылатын құндылықтар

-Жауапты азаматтық позияция

-Құрмет

- Отбасы мүшелерінің бірін-бірі құрметтеуі.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өнер, валеология

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Қолданылатын тақырыпқа қатысты тірек сөздер

Ана, бала, мұң, сағыныш, мейірімділік, пендешілік, тіршілік, бала психологиясы, күту, уәде, үміт.

Күтілетін нәтижелер

Автор көзқарасын анықтай алады, шығарманың түйінді ойын анықтайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Көркем шығарма бойынша әдеби сын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту:

«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына отбасы құндылықтарына қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ата –ана, баланың борышы т.б. туралы өз ойларын айтып, болжам жасайды.

Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында,

  • Суреттерден қандай құндылықтарды көре алдыңдар?
  • Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесің?
  • Өз отбасың туралы не айтар едің?
  • Отбасы неден басталады деп ойлайсың?
  • Отбасы мүшелерінің міндеттері қалай болады? т.б. сұрақтар қояды

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

7 минут

5 минут

5 минут

Ой шақыру

Білу

  • «Анасын сағынған бала» деген ойды естігенде көз алдарыңа не елестейді?

(Тақтада А3 форматта плакат ілініп тұрады, балалар түсінгендерін, елестеткендерін жазады.)

  • «Жауапты ата-ана болу» ұғымын талдау, талқылау
  • Түсіну
  • ОҚЫЛЫМ. Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
  • Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
  • «Джигсо» әдісі

-Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір мәтіннің 4 бөлігі бөліп беріледі. Оқып болған соң, әр оқушы 1,2,3,4 – топтарға барады, яғни жаңа топ құрылады.

-Әр оқушы келген тобындағы мәтіннің бөлігі туралы айтып түсіндіреді.

-Оқушылар тұтас мәтінді талқыға салған соң, басты кейіпкерлерін, оқиға өрбуін, қарама-қайшы тұстарын талдайды.

-Балалар, шығарма сіздерге ұнады ма?

-Шығарманың басты идеясы не екен?

  • -Шығармадағы басты құндылық не болды?
  • -Мектептің құндылығымен қаншалықты байланысты екен?
  • Қолдану
  • 1.Жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді?

Шығармадан үзінді

Жазушы қалай суреттеген

Сенің алған әсерің

-Моо-маааа, моо-мааа...

-Сенсің ғой да-нааа...

-Мәңгііі дос сен ға-нааа...

Мамам әкелген қып-қызыл гүлдері бар көйлегім ше... Соны кимеймін бе? Ақ сызықтары бар қара костөмім ше? Оны да киемін. Мамам айтқан... Алматыда жаз кезінде де түн суық болады деп...

-Мама-а, тағы бір сүйші...

  • Дескрипторлар:
  • -автордың суреттеуіне талдау жасай алады;
  • -өз әсерін жеткізе алады.

Талдау

ТЖ

1.Топта берілген үзіндіні талдап, жалпы проблеманы және әңгіменің негізгі идеясы мен тақырыбын анықтаңыз

  • Автордың Ананың әрекетіне деген көзқарасына сен қандай ойдасың?

Дескрипторлар:

-проблеманы анықтайды;

-мәселені шешуде ұсынысын білдіреді.

1-топқа

-Мамамды тауып алсақ... әр жағында папамды да іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді деп... Құжынаған халық деп...

2-топ

Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмағамбеттің көзіне Сержан түскені. Ол қолына ойыншық ұстаған күйі, шығарып салушылардан бөлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Өткір көздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірақ жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: «Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?» деп тұрғандай еді.

Жинақтау

Автор оқырманды қызықтыру мақсатында қандай көркем әдеби құралдарды қолданған?

(2 топқа тапсырманы бөліп берсе де болады)

Теңеу

Эпитет

Одағай

Шырайлар

мұң ұялағандай, ұшқындап тұрғандай өткір, сесті, еркелегендей

Мөлдіреген қап-қара көздері, өткір көз

-Ойпырмай, осы бала...,

Қып-қызыл көйлек, қап-қара мұрты, жалт-жұлт, бей-жай

Бағалау

«Егер автор болсам... не істер едім?» тақырыбында авторға баға беріңіз.

«Егер Сержан болсам... не істер едім?» тақырыбында Сержанның атынан жазушыға баға беріңіз.

«Егер Күміскүл болсам.. не істер едім?» тақырыбында Сержанның анасы Күміскүлдің атынан авторға баға беріңіз.

(әр оқушы қалаған тақырыбы бойынша сөйлесе болады)

Сабақтың соңы

3 минут

Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Неге?Неге?Неге? Оқушылар шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсіреді. Осы сабақта не үйренгендерін айтып, сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс.

Үлгі:

1-оқушы: Адамдардың қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде отбасы құндылығының маңызы мен қызметі зор. Неге?

2-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу