1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_7-сабақ_Зат есімнің тәуелденуі_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Өнер Сабақ тақырыбы 7-сабақ. Зат есімнің тәуелденуі | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | ||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді; | ||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер: Зат есімнің тәуелденуі. I-жақ, II-жақ, III-жақтар. Тәуелдік жалғаулар. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ; Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, математика | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз таптары. Сөз таптары туралы түсінік. Сөз таптарының әрқайсысына сұрақтар қойылатыны. Қазақ тілінде сөз табының 9 түрі бар екенін біледі. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 4 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру сәті
Ақ лағым арық еді, Кеше ғана сымпиған. Әжем бір күн бағып еді, Семіз болды бұлтиған. (Ұршық) Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. (ТЖ) «Сиқырлы суреттер» әдісі 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
«Сиқырлы суреттер» әдісі арқылы топтарға түрлі заттардың суреттері көрсетіледі. Тапсырма «Сен-маған, мен-саған» әдісі бойынша жүргізіледі. 1-топ суреттегі заттарды үш жақта тәуелдеп айтады. 2-топ әр жақтың тәуелдік жалғауларын ажыратады. Осылайша зат есімнің тәуелдену ерекшеліктерін еске түсіреді. Бағалау дескрипторы:
| 4-слайд 5-слайд Суреттер | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 4 минут 5 минут 3 минут 5 минут 5 минут 5 минут | ІІ. Негізгі бөлім (МК, Ө) Көркем жазу. 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөздер жазады. Мысалы: Оо Оо Оо Оо ооо ооо ооо Отаны, орындығым, орамалың, орманымыз, отыны
(ТЖ; Ө) Өлеңді түсініп оқы 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; ............. Әкем менің – қауыншы, Апам менің – сауыншы. Ағам менің – егінші, Жеңгем менің – тігінші. Атам болса, ол – ұста, Бәрі-бәрі жұмыста. Отырмаймын мен текке, Кеттім мен де мектепке. Өлеңнің тақырыбын анықтату үшін «Өлең не туралы?» сұрағы қойылады. Немесе «Тақырып не туралы?» тапсырмасы беріледі. Топтағы оқушылар өз тұжырымдарын ортаға салады, идеяларымен бөліседі:
«Автор орындығы» стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтауда «Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта берілген?» сұрағы қойылып таптырылады. Бағалау дескрипторы:
(ТЖ; Ө) Мәтінді түсініп оқы. 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; Мәтінде өнердің қай түрі берілгенін тап.
Екі сұрақ Академик Қаныш Сәтбаев кеңес делегациясының құрамында Англияға барады. Сол делегацияны Англияның премьер-министрі қабылдап, қонақасы береді. Дастарқан басында премьер-министр Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге балаған сұрақ қояды:
Оқушыларға «Бұл мәтін өнердің қай түріне жатады?» сұрағын қою арқылы мәтіннің сөз өнеріне жататындығын тапқызып, қарамен жазылған сөзге талдау жасатуға болады: «Халық» сөзінің түбірін таптырып, оның тәуелденген кезде қандай өзгеріске ұшырағанын оқушылардың өздеріне айтқызылады. Әр топ жасаған қорытындыларын оқулықтағы «Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: әріп-әрпі» ережемен салыстырып, өз жауаптарының дұрыстығына көз жеткізеді. Бағалау дескрипторы:
(ҰЖ) Сергіту сәті. Бой сергіту жаттығулары жасалады. (ТЖ) «Достық көмек» әдісі 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
Оқушылар тапсырманы өзара топта ақылдаса отырып, орындайды. Тиісті сөздерді көп нүктенің орнына қойып жазады. Әр сөздің қай жақта, қай түрде тұрғанын сынып алдында түсіндіріп, қорғайды және сөздермен сөйлем құрап айтады. Бағалау дескрипторы:
(Ж, ЖЖ) Мәтінмен жұмыс 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Ішік Асанның анасы ішік тігеді. Ішік –қыста киетін жылы киім. Ішік суық күндері киіледі. Ішік киген адам суықта тоңбайды. Оның тысы қымбат матамен қапталады. Анасы Асанға қасқырдың терісінен ішік тігіп берді. Асанның анасы-шебер тігінші. Тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушы жеке орындайды, содан кейін жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, өзара жұмыстарын тексереді. Мұғалім екі-үш жұпқа өз жазғандарын оқып беруін сұрауына болады. (ӨЖ, ЖЖ) Саралау. Тест 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
а) тәуелдік жалғау ә) көптік жалғау б) септік жалғау
а) төрт ә) екі б) үш
а) - ым ә) - ы б) - ың
а) - ің ә) - ңіз б) - сі
а) Менің ә) Сенің б) Оның
а) Сіздің ә) Сенің б) Менің
а) - сі ә)- і б) - ің 8. Тәуелденген зат есімдерді тап. Қол өнері — кілемде, Сөз өнері — өлеңде. а) кілемде ә) өнері б) өлеңде Оқушылар тест тапсырмаларын алдымен өз бетінше ойланып орындайды, болған соң екеуара жұпта тексереді. Бағалау дескрипторы:
| №3 Дәптермен жұмыс Интерак тивті тақта 6-слайд 7-слайд №3 Дәптермен жұмыс 8-слайд №3 Дәптермен жұмыс 9-слайд | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия:
Үй тапсырмасы Тәуелдеулі зат есімдерді қатыстырып, бес сөйлем жазу. | 10-слайд 11-слайд | |||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?