1. Қазақ тілі_3 сынып_5-бөлім_Өнер_№17-сабақ_Күнделік жазу_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: №17- сабақ Күнделік жазу. (оқу жоспары бойынша) | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні : | Мұғалімнің аты-жөні : Ршымбетова Г.А. | ||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/ өмірбаян жазу. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Болған оқиғаны сипаттап күнделік жазады. | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Күнделік жазу жөнінде толық мағлұмат беру, тәжірибеде қолдана білуге баулу, дұрыс әрі қатесіз жазуға үйрету | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дене шынықтыру, музыка | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Хат жазу | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Сәлемдесу. Шаттық шеңберіне тұру. «Идеялар дәлізі» әдісі бойынша алдыңғы сабақтарға қатысты сұрақтарды бір-біріне қойдырту. Топқа біріктіру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Болған оқиғаны сипаттап күнделік жазу. | Қосымша №1 Слайд -2-4 | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут | (Ұ, Ө, Қ ) Көркем жазу минутын ұйымдастыру. Й й әрпін, йод сөзін жазу.
3.3.2.1 ( МК, Т, Ө) Күнделік жазу. МК: Жалпы, күнделік жазу не үшін қажет? Қайда, қашан, жазу керек? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады.) МК: Күнделік жазу арқылы өзімізді ретке келтіреміз. Ол жерде көңіл-күйімізді сыртқа шығаруға болады. Ешкімге айта алмаған сырымызды жазуға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар, өткен күндерде істегендерімізді оқи отырып, өзіңе баға бере аласың. Күнделікті бос уақытта жазу керек. Күнделікті жазғанда, безендіруде ескерілетін идеялар:- бүгінгі күннің айтулы тұстарын сипаттау;- көңіл-күйді қағаз бетіне түсіру;- топсаяхат, кино т.б. жерлерге барған билеттерін жабыстыру;- біреудің берген ашықхатын, гүлдің, көліктің суретін жабыстыру;- тәрбиесі мол өлең шумағын, қанатты сөздер т.б. жазу; - оқыған кітаптарының атын, не/кім туралы екендігін жазу керек.
Парақ, дәптер, блокнот, картон қағаз және т.б. (Т, Қ) Күнделік жазудың ережесін құрастыру. Күнделік жазу китерийлері:
(Т, Ө) Тапсырма. Күнделік ретінде бүгінгі күннің айтулы тұстарын жазу, көңіл- күйді қағаз бетіне түсіру. Мысалы: 2 ақпан 2017 жыл. Бүгін сыныбымызбен Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына бардық. Бұрын Ахмет Байтұсынұлы тұрған үй 1998 жылы мұражайға айналыпты. Мұражайда 3 зал бар екен. Ол кісінің әр жылдардағы фотоларын көрдім. Шығармаларымен таныстым. Мұражай маған ұнады. Бұл күн мен үшін ерекше әсерлі күн болды. А.Байтұрсынұлының мұражайы А Мұражайдан алған әсеріңді күнделікке жаз.
2 ақпан 2017ж. Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барғандағы көңіл- күйім екінші күнді жазу. Оқушылар өздерінің күнделік жазу критерийлерін анықтап, оны топта таныстырады. (Топтың жасаған жұмыстары сынып қабырғасына ілінеді) «Бірлесіп жазу» әдісі | Слайд -5 Қосымша №2 Слайд -6 Слайд -7 Қосымша №3 Слайд -8 Қосымша №4 Слайд-9 Қосымша №5 Слайд-10 | |||||||||||||||||||
0 | (Ө) Мұражайдан алған әсерлерін күнделікке жазу. 3 ақпан 2017 жыл. Қазақ халқының шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражайынан ерекше сезіммен оралдым. Мұражайдың үш залында Ахмет Байтұрсынұлының мектептегі күндерінен бастап өмір жолы мұрағат құжаттары болып сақталған. Оның түрлі естеліктері қойылған. Қазақ әдебиетінің, тіл білімінің, мәдени тарихының негізін салушы атамызды ұмытпау үшін еңбектері мұражайда сақталған. Ол алғаш тіл және әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарын жазған екен. Ахмет Байтұрсынұлы туралы интернет желісінен көптеген бейнежазбаларды тыңдап ерекше әсер алдым. Ахметтің: Оқуға шақыру Балалар!Оқуға бар!Жатпа қарап!Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!Шақырды тауық мана әлдеқашан,Қарап тұр терезеден күн жылтырап.Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,Барады аралар да ұшып балға....деп қара басының қамын жемей, халқын оқуға, білімге, еңбекқор болуға шақырған Ахмет Байтұрсынұлының мұралары ұрпағының есінен мәңгі ұмытылмайтыны хақ. Өзара жұмыстарын тексеру. Берілген критерийлер орындалды ма? Күнделік жазған уақыты көрсетілген бе? Өз сезімін жеткізе алды ма? ҚБ: 2 жұлдыз, бір тілек. Дескриптор
| Слайд -11 | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бүгінгі сабақтан не үйрендің? Не қиын болды? | Слайд -12 | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Қабілетті оқушылар күнделік жазуда, өз ойларын толық жеткізе алады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беремін. | «Екі жұлдыз, бір тілек», дескрипторлар арқылы бағалаймын. | Денсаулық қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сергіту сәті. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?