1. Қазақ тілі_3 сынып_5-бөлім_Өнер_№18-сабақ_Күнделік жазу_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Бөлімі: Өнер

Сабақ тақырыбы:№ 18- сабақ

Күнделік жазу (оқу жоспары бойынша)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ршымбетова Г.А.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/ өмірбаян жазу.

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

 Бағалау критерийлері

Болған оқиғаны сипаттап күнделік жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

күнделік жазу, әсер.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

 Құндылықтар

Өз-өзіне есеп беруге, іс-әркетін, алған әсерін бағалауға қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, музыка

Алдыңғы меңгерілген білім

Хат жазу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Сәлемдесу. Шаттық шеңберіне тұру.

(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жазу дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың ортасы

20 минут

Көркем жазу минутын ұйымдастыру. Лл әрпін, лашын сөзін жазу.

Мақсаты: әдемі, шапшаң, біркелкі етіп жазуға дағдыландыру.

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жазу

1-тапсырма

(МК,Ұ,Ө) Оқушының күнделігін оқу. Күнделік ретінде бүгінгі күннің айтулы тұстарын жазу.

28 қараша 2018 жыл

Бүгін біз сабақта Құрманғазы Сағырбаевтың «Балбырауын» күйін тыңдадық. Маған ерекше ұнады. өте көңілді, делебеңді қоздыратын, бойыңа күш беретін күй. Бұл күй – Құрманғазының асыл мұраларының бірі болған. Күйді тыңдағанда жан дүниеңді балқытып, кейде бекітіп, кейде босатып, еркінен айыратын тамылжыған әуен. Маған күй тартқан, тыңдаған ұнағандықтан интернет желісінен шығу тарихы туралы іздене бастадым. Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйі, бұл күйді жас кезінде шығарған екен. Мен мектептегі домбыра үйірмесіне қатысып, домбыра үйреніп, осы күйді алдағы күндері орындағым келеді.

«Балбырауын» күйін тыңдату. Күйден алған әсерін күнделікке жазу.

- Ал, балалар бұл қандай күй?

- Сіздерге ұнады ма?

- Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?

Сергіту сәті:

Ой сергек!

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан.

Жай, жай, жай,

Шапалақта алақан,

Шапалақта алақан.

Қозғап барлық денеңді,

Қолды қатты соқ енді.

Сарт, сарт, сарт,

Қолды қатты соқ енді, 

Қолды қатты соқ енді. 

Күнделік жазбас бұрын, алдын ала ережесін құрастырып аламыз.

(Т, Қ) Күнделік жазудың ережесін құрастыру.

Күнделік жазу критерийлері:

  • Уақытын көрсету;
  • Іс-әрекетін (көргенін) жазу;
  • Сезімін білдіру;

Пікір жазу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Жазылған күнделіктерін өзара тексеру жүргізу.

Берілген критерийлер орындалды ма?

Күнделік уақыты көрсетілген бе?

Өз сезімін жеткізе алды ма?

ҚБ: 2 жұлдыз, бір тілек.

Дескриптор

  • Күнделік жазуға қойылған идеяларды басшылыққа алады;
  • Күнделік жазу критерийлерін құрастырады;
  • Күнделікті не үшін жазатынын біледі;
  • Жазған жұмыстарын критерийге сай тексеру жүргізеді;
  • Өзара бағалайды.

https://youtu.be/V6US0drXCbI

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар кездесті?

Қиындықтар болса, жеңе алдың ба? Қалай?

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар күнделік жазуда өз ойын толық жеткізеді.Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беремін.

Дескрипторлар арқылы бағалаймын

Денсаулық сақтау ережелері

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Конец формы

Начало формы

Конец формы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу