Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім_Сәулет_№52сабақ_Бастауыш_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлімі Сәулет өнері № 52-сабақ. Тақырыбы: Бастауыш | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М. | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауышты) анықтайды. Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады. | |||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Қимыл, іс-әрекет иесі. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Киіз үй неден жасалады? Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған? Қазір киіз үйлер бар ма? Киіз үй жобасына қарап нелер құрастырылған? | |||||||||||||||
Құндылықтар | Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану . | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөйлем. Сөйлем мүшелері. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.«Сәлемдесу» ойыны: -Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір – біріңмен тез - тез амандасуларың қажет. Достарша амандасу; ғарышкерлер; сәулетшілер; балықшылар, футболшылар, оқушылар ретінде. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Слайд№1 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 34 минут 3 минут 3 минут 10 минут 1 минут 5 минут 12 минут | (Т) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; Оқушылар киіз үйдің түрлерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топқа киіз үй макеті беріледі. «Түртіп алу» әдісі бойынша топта жүргізіледі. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде киіз үйдің құрылысын жазып шығуы тиіс.
Топ мүшелері орындап болған соң бір-бірімен жұмыстарын алмастырады. Киіз үй сүйектері тексеріледі, түзету жасалады. Дұрыс болған топ мүшелері бас бармақтарын көрсетіп, жұмыстарының дұрыс орындалғаны туралы белгі береді. Осы тапсырмада «сықырлауық», «босаға» сөздерінің мағынасы ашылады (сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған есігі). Киіз үй есігі тек қана ішке қарай ашылады. (Ж) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 1.Оқушылар оқулықтан 5-жаттығуды орындайды. «Консенсус» әдісі бойынша таладанады. Алдымен іштей оқиды. Содан соң екі бөлікті екі оқушы оқиды. Оқушылар жұптаса отырып, «Сұрағын тап» әдісі бойынша сұрақтарға жазбаша жауап береді. - Ата-бабамыз неліктен киіз үйлерді пайдаланған? - Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады? - Кереге неден жасалады? 2.(Т) Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге болатындай етіп бір сұрақ құрастырып жазу тапсырылады. «Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған сұрақтарын тексереді. Құрастырылған сұрақтарды топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар жапсырма қағазға пікірін жазады. Саралау: «Блум түймедағы» әдісі бойынша шығармашылық немесе интерпретациялық сұрақтар талап етіледі. Дескриптор: -мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; -мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады; - сұрақтың құрылымын сақтайды. 3.Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады. 4. Киіз үй жиһаздары қалай өзгерді? Мына суреттер бойынша не айтуға болады? Оқушылар жұпатаса отырып, ақылдасады. «Фишбон» әдісі бойынша жұмыс жүргізеді. Өз ойларын топта талқылап, ортада «Ашық микрофон» әдісі бойынша қорғайды. Не өзгерді? Қорытынды Не өзгермеді? 5. Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды. Дөңгеленіп тұрайық. Шеңберді біз құрайық Кереге болып керіліп, Уықтар болып иіліп, Шаңыраққа керіліп, Киіз үй біз құрайық. Сықырлауықты да ұмытпай, Оны жауып қояйық. 6.(Ө). 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. Оқушылар оқулықта берілген 6-жаттығуды көркем етіп көшіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып, көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Дескриптор: - сөйлемдерді қатесіз көшіреді; - бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды; - бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды; - сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады; - әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды. (Ж) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; Сөйлемде қарамен жазылған сөздерге назар аударылады. Оқушылар жұптаса отырып сұрақ қояды. - Киіз үй, атам, балалар сөзінен не байқадыңдар? - Сөйлем ішіндегі сөздерге Кім? Кімдер? Не? Кімі? Кімің? Несі? сұрақтары қойылса, ол сөйлемнің бас мүшесі – бастауыш болады. Ол қимылдың иесін білдіреді. Оны бір сызықпен сызады. Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады. Оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген ережені оқиды. «Бастауышты табайық» дидактикалық ойын. Тақтадан сөйлемдегі бастауышты табады. .... ұшып кетті. .... жауды. .... көрінді. (Т). Оқулықта берілген (7-жаттығу) сурет бойынша әңгімелету мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады. Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Әр топ мәтін бойынша әрқайсысы үш сөйлем ойлайды. Жазған сөйлемдерінен бастауышты табады. Дескриптор: - сурет бойынша үш сөйлемді ойлап табады; - бастауышты анықтайды; - сұрақ қояды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | http://kartik.ru/wp-content/uploads/2017/05/ суреттер Қосымша материал №1 https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/09a0/ Қосымша №2 Қосымша материал № Оқулық, жұмыс дәптері Слайд№2 Оқулық, жұмыс дәптері | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Өзіндік рефлексия» жүргізіледі. -Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз? - Сіз үшін не жеңіл болды? - Сізге қай жерде көмек қажет болды? - Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма? Үй тапсырмасы оқулықтағы 8-жаттығу: -нақыл сөздерді көркем етіп жазу; -алғашқы сөйлемнен бастауышты табу; -үйге қатысты тыйым сөздерді жазып келу. | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Саралау.Сөйлем мүшесі бастауышты сөз табы - зат есіммен салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығы табады. | Оқушылардың -мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруы; -сұрақтарға жауап беруі; -сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауышты) анықтай білуі; -каллиграфиялық нормаларды сақтап жазуы бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?