1.Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім Сәулет өнері_Өткенді пысықтау БЖБ_МАН
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым. Жазылым.
Сабақ мақсаттары
3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/ стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. |
Бағалау критерийі:
-тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
-негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды.
Ресурстар: Сұрақтар және тапсырма жазылған үлестірме қағаздар
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сынып оқушыларымен бірге талқылау ұйымдастыру. Оқушылардың еркін пікірін білдіруіне қолайлы жағдай жасау.
«Сәулет өнері» тақырыбын оқып аяқтадық. Өздеріңнің бойыңда қандай қасиеттеріңді дамытқыларың келеді? Ендеше мына суретке назар аударыңдар.
1. Бұл тұрғын үй ме? Әлде қоғамдық орын ба?
2. Неден жасалынған?
3. Мұны кім құрастыруы мүмкін?
4. Қалада бола ма, ауылда бола ма?
5. Мұнда кімдер тұрады?
6. Сәулетші болсаң, айналасына не салар едің?
Бөлім бойынша алған білім, игерген оқу дағдыларымызды байқау мақсатында жиынтық бағалау орындаймыз.
Оқу мақсаттары мен тапсырманы орындау ережесі таныстырылады.
Егер БЖБ тапсырмасын интерактивті тақтадан көрсету мүмкіндігі болса, оқушылар жұмысты дәптерлерінде орындауына болады. Тапсырманы қағаз бетіне басып шығару орнына алдын ала тақтаға жазып қою мүмкіндігін де қарастыруға болады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын оқушылар өз бетінше орындайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру.
Тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Бұл тұрғын үй ме? Әлде қоғамдық орын ба?
2. Неден жасалынған?
3. Мұны кім құрастыруы мүмкін?
4. Қалада бола ма, ауылда бола ма?
5. Мұнда кімдер тұрады?
6. Сәулетші болсаң, айналасына не салар едің?
( Т) Тапсырманы жүзеге асыру үшін «Кластер» әдісін қолданады.Топта тақырып бойынша талқыға салып, жалпы топ атынан жауап дайындайды.
Содан соң үй сөзіне түбірлес сөздер тапқызады: үй, үйшік, үйсіз.
- Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар?
- Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады?
1-тапсырма. Мәтіндерді оқы. Мәтін қандай үлгіде жазылған? Сәйкестендір.
Мәтіндерді оқы. Мәтін қандай үлгіде жазылған? Сәйкестендір.
Мәтіндердің қандай ұқсастығы бар?________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
2-тапсырма.
Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жаса.
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
4.____________________________
Оқушылардың өз жұмыстарын қайта оқып, тексеріп шығуына уақыт беру.
Өз-өзіңді тексер
- Жазған жұмысыңды оқып, тексер.
- Мәтін түрлерін дұрыс таптың ба?
- Мәтіннің стилін анықтай алдың ба?
- Түбірден туынды сөздер жасай алдың ба?
Оқушылардың БЖБ тапсырмалары жиналып алынады.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Мәтіндерді салыстырады және стилін анықтайды | 1 |
|
| ||||||||
Негізгі түбірден туынды сөз жасайды | 2 |
|
| ||||||||
Барлығы | 7 |
Оқушылардың әр тапсырманы орындауы тексеріледі. Дескрипторға сәйкес ұпай беріледі.
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
|
|
| ||||
Мәтіндерді салыстырады және стилін анықтайды | 1 | Мәтіннің стилін анықтауда және мәтіндерді салыстыруда қиналады. | Мәтіннің стилін анықтауда/ мәтіндердің ұқсастығын табуда қателеседі. | Мәтіннің стилін ажыратады және мәтіндерді салыстыра отырып, ұқсастығын анықтайды. | ||||
Негізгі түбірден туынды сөз жасайды | 2 | Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасауда қиналады. | Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасауда қателіктер жібереді. | Түбір сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?