Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№8 сабақ_ Түбір сөздегі-ы,-і өзгерісі _Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №8 сабақ Түбір сөздегі –ы,-і өзгерісі. Орын-орны. Мойын- мойны.

Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі

Оқу мақсаты: 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақтың барысы

Суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жазу ұсынылады.

  • Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап көшіріп жазады.
  • Өзгерген әріптің астын – бір жалғаудың астын екі рет сызады.
  • Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгереді деп ойлайсың? - деген сұраққа жауап

береді. Жауабы: мысығы, алмасы, көбелегі, бұзауы, ешкісі, көзі, шиесі

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап-кітабы, құрық – құрығы, әріп -әрпі.

(МК,Т) «Біз саяхатшымыз» ойынын ойнау. Картаның көмегімен ғимараттардың орналасқан жерін анықтау және олар туралы тілдік нормаларды сақтап сөйлесу.

Қазақ елінің ғажайып сәулетті өнері – ғимараттарға саяхат ойын арқылы ұйымдастырылады. Әр топтың өздеріне берілген ғимарат суреттерін (Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Алаша хан, А.Ясауи) картаға дұрыс орналастыруы және ол туралы жүйелі айтуы мұғалім тарапынан қадағаланады.

(Ж) Қазақстанның сәулет өнерінің туындыларын тізбектеп жазу. Қарамен жазылған сөздерге ы, і әріптерін қосып жазу. «Қазақстан» қонақ үйі, «Астана–Бәйтерек» тәуелсіздік монументі, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ханшатыр» сауда-сауық орталығы.

Сөздерді түсініп оқиды. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап көшіріп жазады.

Өзгерген әріптің астын – бір жалғаудың астын екі рет сызады. Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгереді деп ойлайсың? -деген сұраққа жауап береді.

Жаңылпашты оқып, жатқа айту ұсынылады.

Балалар қар күреді,

Қарды ауладан ары күреді.

Күрегі бардың бәрі қар күреді.

Қарамен жазылған сөздің түбірін табады. Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін түсіндіреді.

 Жақшаның ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жазады. Өзгерген әріптің астын – бір рет, жалғаудың астын екі рет сызады. Әріптердің өзгеру себебін түсіндіреді.

 Үлкен ағаштың тү(п, б)інде әже ұршықпен жіп иіріп отырды. Қасындағы Әсем кіта (п, б) ын қолына алып, ертегі оқи бастады. Кенет шөптің арасынан ала күшік жүгіріп шықты. Ол біресе Әсемнің до(п, б)ына, біресе әженің ұршы(қ, ғ)ына қарады. Әсем кіта(п, б)ын қойып, күшікпен ойнауға кірісті.

 Сөздерді көшіріп жазады. Халық-халқы, ерік – еркі, құлып – құлпы, орын – орны, бөрік – бөркі. Сөздерді салыстырады, олардың бір-бірінен өзгешілігін табады. Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды. Сөздердің жазылуын есте сақтайды.

Тізбектің басында тұратын сөзді тауып, көп нүстенің орнына жазады. Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Мұғалім сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылайды.

  • Бармақты жоғары көтеруі – жақсы.
  • Бармақты көлденең ұстаса -тәжірибені қажет етеді
  • Бармақтар төменге бағытталса - әлі де жақсартуды қажет етеді.

Үйге тапсырма беріледі.

Бірінші жолдағы сөздерге -жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жазады.

Өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ.

Зергер, киіз, күміс, шегіртке, білезік



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу