БАЛАБАҚША БАЛАЛАРДЫ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІНЕ БАУЛУ
БАЛАБАҚША БАЛАЛАРДЫ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІНЕ БАУЛУ
Бала өмірінің қауіпсіздігі мен оның денсаулығын қорғау – мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті міндеттерінің бірі. Баланы қауіпсіздіктен сақтап қана қоймай, сонымен қатар қиындықтарды жеңе білуге дайындап, оған қауіпсіз тәртіп дағдыларын үйретіп, қажеттілік, қатерлі жағдайлар туралы ұғымдарын қалыптастыру керек.
Қазіргі қоғамда баланың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайларды жақсартып қана қоймай, балалармен жұмыста тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды ізденіп, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта, мектепке дейінгі мекеменің қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болу керек. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімсізденуі төмендеп, кездейсоқ болатын жағдайлардың алдын алу мен зардабын кеміп, мектеп жасына дейінгі балалардың тәртіп мәдениеті қалыптасады.
Осындай мәдениетке тәрбиелеу адамгершілік, психологиялық, қатынас және экологиялық, дене дайындығына мүмкіндік туғызатын әртүрлі жағдайларда биязы тәртіп дағдыларын меңгеру, өте қауіпті оқиғалардың алдын алу мен оны жеңе білу, осы тәжірибені әркез өзгеріп тұратын жағдайда қолдана алу дайындығын қалыптастыруды жорамалдайды. Мектепке дейінгі баланың жеке тұлға болып қалыптасуының негізін қалаушы факторы ретінде адамгершілік тәрбие балаға қоршаған әлем мен өз өмірін сақтауға ұмтылуға жетелейтін, өзінің бірегейлігімен қатар Жер шарындағы кез келген өмірдің байлығын сезінуге көмектеседі.
Ата-аналар балабақшаға өздерінің бар байлығын-балаларын сеніп тапсырады.
Ал балабақша – бұл біртұтас организм, яғни басшыдан бастап, шаруашылық жұмыскерге дейін өздеріне сеніп тапсырылған балалардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығын сақтауға деген толық жауапкершілікті сезінуі керек. Мектепке дейінгі білім беретін ұйымның барлық қызметкерлері балалардың денсаулығын сақтаудың маңыздылығы мен мағынасын түсініп, оларды қауіпсіз тәртіп дағдыларына үйретіп, өз жұмыс орындарында жайлы жағдайлар құра білу керек. Бақылаулар көрсеткендей, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі аумағындағы МДҰ қызметкерлерінің құзырлылығы бұдан да жақсырақ болғанын қалайды.
МДҰ тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін білмеуі себептері:
-МДҰ қызмет көрсететін қызметкерлердің көбінің қажетті білімінің болмауы;
- өмір қауіпсіздігін қорғау сұрақтарына дұрыс көңіл бөлінбеу;
- осы сұрақ бойынша жағдайды жақсартуға мүмкіндік бермейтін үлкен көлемде кадрлардың тұрақсыздығы;
- еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша біліктілікті көтеру негізінен МДҰ әкімшілігі тарапынан, тек педагогтармен жүргізіледі, басқа жұмыскерлерге қатысы болмайды.
Осыған байланысты мектепке дейінгі білімнің негізгі міндеті қызметкерлер мен мектеп жасына дейінгі ересек балаларға әртүрлі өмірлік жағдайларда тірі қалу дағдылары мен ептіліктерін, арнайы білім беру керек.
Мектепке дейінгі білім жеке тұлғаны қалыптастыруда негізгі буын болып саналады.
Қауіпсіз өмір мәдениетін қалыптастыру мектеп жасына дейінгі шақта пайдалылырақ. Өйткені үлкен адамдармен салыстырғанда физикалық әлсіздік пен қозғалғыштық, қызығушылық пен эмоционалдық сияқты жас және психологиялық физиологиялық ерекшелік, мектеп жасына дейінгі балалардың адамдармен, табиғат құбылыстарымен, техникамен қарым-қатынас жасауда өзіндік тәжірибесінің болмауы көптеген жайсыздыққа әкеліп, қайғылы аяқталуы мүмкін.
Бала өмірге келген соң оның ата-анасы оны қамқорлыққа алып, мәпелейді. Бала өскен сайын дербес бола бастайды. Міне, ол ата-анасын, әжесі мен атасын қақпаның ар жағына қалдырып, балабақшаға барады. Бұл – бостандықтың кезекті деңгейі, яғни өзіне белгілілерді еске түсіріп, қауіпсіздік тіршіліктің жаңа ережелерімен тансытын кез келді. Туғаннан біз балаларға қауіпті объектілер мен оқиғалардан аулақ жүруге үйретеміз, ал мектепке дейінгі мекемеге келгеннен соң бұл ережелер жеке тәртіпті құрайды. Егер білім жеке жүйеде берілсе, бала оны тиімді меңгере бастайды. Мектеп жасына дейінгі балаларда қауіпсіздік тәртіп мәдениетін тәрбиелеу үшін жағдай жасай отырып, тұрмыстық, ойындық, қозғалыс, қатынас және басқа да іс-әрекет түрлері барасында қауіпсіз тәртіп дағдыларын әр баланың меңгеруіне көмектесу қажет. Сонымен қатар қажет уақытта бар ойын жинап, дұрыс шешім қабылдап, өмірінде осындай оқиғаның болғанына баланы психологиялық түрде дайындау өте маңызды.
Қауіпсіз өмір мәдениетіне тәрбиелеу негізінде көшеде жүру мәдениетіне тәрбиелеу, жолда жүру ережелеріне оқыту барлық оқу-тәрбие процесінің кешенімен бағдарлама талаптарына сай жүргізілу керек, сонымен қатар баланың көңіл-күй мен денсаулық жағдайын есепке ала отырып, балаға шектен тыс ақпарат беруге болмайды.
Кішкентай балалар ұшқалақ, шыдамсыз, істеген істері қисынсыз. Бала өмірді танып, білуге ұмтылады, жаңа нәрсе ойлап табуға тырысады, шынайы қауіпсіздіктермен әр кезде келісе бермейді, балаларда үлкен адамдарға тән жолда болатын құбылыстарға психологиялық реакция болмайды.
Балабақшадағы тәрбиелеу бағдарламасында көлікті қолдану ережелері мен көшеде жүру ережелеріне мектеп жасына дейінгі балаларды үйрету қарастырылған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жолда жүру ережелеріне үйрету тәрбиешілерден арнайы білімді талап етеді: олар балалардың немесе ата-аналардың кез келген сұрақтарына жауап берулері керек. Отбасына сүйенбей, балалардың меңгерген білімдерін бекіту бойынша ата-аналарда белсенді, практикалық іс-әрекеттердің сұранысын оятпай жұмыстың тиімділігі қажетті деңгейді ала алмайды.
Көшеде жүру тәртібі мен жолда жүру ережесін үйрету балалар түсінетіндей, анық, айқын формада жүргізілу керек. Іс-әрекет барысындағы эмоционалдық көңіл-күй оқытылатын материалды белсенді қабылдауға ықпалын тигізеді. Тек педагогикалық ұжымның шығармашылық жұмысы мен ата-аналармен тығыз өзара байланыс жақсы көрсеткіштер көрсете алады: балалардың білімін молаяды, оларды ойын әрекетінде бекітеді, ата-аналар мен балалардың, педагог пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасына оң әсерін тигізеді.
Балаларды жолда жүру ережелеріне оқытуда барлық тиімді әдіс-тәсілдер мен жұмыс формаларын қолдану керек. Бұл – әңгімелер, бақылау, ситуацияларды шешу, саяхат, тақпақтарды жаттау, көркем әдебиеттерді оқу және т.б. Бұл жұмысты педагог-психолог-тәрбиеші-ата-ана-бала бірлескен түрде жүргізіледі. Көшеде жүру дағдыларына тәрбиелеу жұмыстары бір рет қана жүргізілетін акция болмай, оны жоспарлы, жүйелі, тұрақты түрде жүргізу керек. Ол жыл бойы барлық іс-әрекеттерді қамтуы керек. Сондықтан тәрбиешілер әр жас топтарына арналған өздерінің педагогикалық шеберліктерін көтеретін өңделген болашақ жоспар бойынша жұмыс істеу керек. Ол үшін мектепке дейінгі білім беретін педагогтар заманауи, ғылыми негізделген, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде өңделген оқытудың көрнекі құралдары мен педагогикалық сауатты оқу-әдістемелік әзірлемелерімен қамтамасыз етілуі керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Белая К.Ю. «Как обеспечить безопасность дошкольников». Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың қауіпсіздігінің негіздері бойынша конспектілер. Балабақша тәрбиешілеріне арналған кітап. /К.Ю.Зимонина, Л.А.Кондрыкинская. – М.: Просвещение, 2004.
2. Бондаревская Е.В. Педагогика: тәрбие жүйесі мен ізгілік теориясындағы жеке тұлға: Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен БКИ тыңдаушыларына арналған оқу құралы / Е.В.Бондаревская, С.В.Кульневич. – М.,1999.
3. Васильева А.И. Старший воспитатель детского сада: мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналған құрал / А.И.Васильева, Л.А.Бахтурина, И.И.Кобитина. – М.: Просвещение 1990.
4. Васильева Ц. Учим правила безопасности /Ц.Васильева// Дошкольное воспитание. -1985. - №2.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?