«Ұлт көсемі Әлихан» атты әдеби-тарихи кештің сценарийі


Қарағанды облысының білім басқармасы Шахтинск қаласы білім бөлімінің « Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ Музыка пәнінің мұғалімі Ниетпаева Зауреш Ермановна «Ұлт көсемі Әлихан» атты әдеби-тарихи кештің сценарийі Мақсаты: Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхан туралы көрермендерге қосымша мағлұмат беріп, олардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ояту, Әлихан Бөкейхан бейнесін ашу. Аккулова М. «Ақтоғай» әні. Бишілер тобы «Шаттық» «Ақтоғай» әніне билейді. Көрініс «Әлиханның дүниеге келуі». Фон. Күй. Рольдерде: Әжелер, әйелдер, немерелер, аталар, әкесі Нұрмұхамед Фон. Күй. Баланың дауысы. Дауыстар: Сүйінші, сүйінші. Сол жақтан анасы, әкесі, әжесі, атасы немере ұстап кіреді. Оң жақтан ауыл адамдары Көрші әже: Бауы берік болсын, дүниеге келген нәресте ат ұстар ма? Әлде ине ұстар ма? Әлиханның әжесі: Ат тізгінін ұстар, шаңырақ иесі дүниеге келді. Көрші әже: Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Әйелдер: Қуаныштарың қайырлы болсын. Сәби аман болсын. Таудай жігіт болсын. Көрші әже: Нәрестеге ат қойылды ма, атың кім деп қойдыңдар? Әлиханның әкесі: Ал ортамыздағы ақсақал- қария ат қою жолы сіздікі. Дауыстар: Дұрыс, дұрыс сіздің жасыңызды берсін (Баланы ақсақалға береді) Ақсақал: Ал қойсам қояйын. Бисимиллә рахмани рахим, Затың – қазақ, дінің — мұсылман, Пайғамбарың – Мухаммед, өзіңнің атың – Әлихан болсын. Атың –Әлихан болсын. Әкең аты –Нұрмұхаммед, атаң – Мырзатай, бабаң – Бөкейхан, арғы атаң — Көкжал Барақ сұлтан! Дауыстар: Бәрекелді, атына заты сай азамат болсын. Әжесі: Ал, қария батаңызды беріңіз. Ақсақал: Ия, жаратқан Алла, бүгін дүние есігін ашқан сәбиімізге ұзақ ғұмыр, нәсіп ете көр! Ақылды дана болсын! Аман сау өсіп, ер жетіп, ел – жұртына пана болсын! Білімді, әділ болсын! Халқының тірегі болсын, Қабыл болсын тілегім! Дауыстар: Әумин! (Барлығы сахнадан шығып кетеді.) Музыка қобыз. Айтмуратов Азизбек «Алаш ұраны» оқиды. Алаш Ұраны: Алаш туы астында, Біз – Алаштың баласы, Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы. Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған. Қанымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Ерімізді айдаған, Елімізді лайлаған, Жерімізді шимайлаған. Өшті залым қарасы, Жасасын, Алаш, жасасын! Алаш партиясы он мәселені қарады. Бірінші – Басқару түрі, Екінші- Автомия алуды көздеді, Үшінші – Азаматтың негізгі құқықтары қаралды. Төртінші – Дінге де көңіл бөлінді Әрі қарай – Сот, қорғаныс, салық енгізілді. Жұмыс мәселесі, халық ағарту ісі де қосылды. Ең соңында жер мәселесі қаралды. Көрініс «Бағдарлама». Музыка. «Алаш Әлиханы» Деректі фильм. (Ә.Бөкейханов, А,Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Торайгыров, М.Дулатов.) Әлихан: Қадірменді мырзалар! Партиямыздың негізгі ұстанымдары бес түрлі тұжырымнан тұрады. Бірінші ұстаным: Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді» Екінші ұстаным: Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет ету керек. «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек. Үшінші ұстаным: Қазақтың жерінде өндірілген «бір ұыс жүн, сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек!» Төртінші нысана: Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы аса маңызды. Ұлттық мәдениетті сақтап, тәуелсіз сот құрып, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін одақты қағидаларды жасауымыз керек. Бесінші, түпкі мақсат: Ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру. Дауыстар: Келісеміз, дұрыс, жөн. Әлихан: Қадірменді мырзалар, осы ұстанымдарға алып қосарларыңыз бар ма? Дауыстар: Қарсы емеспін! Қолдаймын! Дұрыс! Әлихан: Осы ұстанымдарға қарсы болмасаңыздар, дауыс берулеріңізді сұраймын. Әлихан: Алаш партиясының бағдарламасы бір ауыздан мақұлданды деп есептейміз. Музыка деректі фильмнан «Алаш Әлиханы» Азизбек: Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз Енді ешкімнің Алашты, Қорлығына бермейміз. Адамдықтың жолына, Бастаған ерлер соңында, Басқаға көңіл бөлмейміз, Қандай шайтан келсе де, Алдауына көнбейміз, Өлер жерден кеттік біз, Жасайды Алаш, өлмейміз. Жасасын Алаш, жасасын! Көрініс «Түрме». Музыка «Алаш» фильмнан. (Молдабек –Ә.Б., Дулат – орыс тергеушісі, Бағлан – қазақ тергеуіші. Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Ә.Бөкейхановтан жауап алып отыр. Қазақ тергеушісі: Қалай, Бөкейханов мырза, Қазақстанды Рессейден бөліп алмақ болған әрекетіңізді мойындайсыз ба? Бөкейханов: Әрине, мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар… Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (столды періп-періп қалады). Қалай қылмыс емес?! Егер Рессейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Рессейден не қалады?! Жооқ. Бұл тек жаудың әрекеті. Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз.(қағаз, қалам ұсынады) Бөкейханов: ( қағазға үңіліп ) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын. Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыру керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін. Қазақ тергеушісі: (есікті барып қарап келеді) Ағатай-ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді ғой, бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз. Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінемін. Қазақ тергеушісі: Ағатай-ай, бәрібір де мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба? Бөкейханов: Ей, шырағым-ай, артымда маған қарап қара орманым-халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын. Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді,сол рас па? Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес, шырағым, қайтесің. Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін… Бөкейханов:(күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма? Қазақ тергеушісі:Ағай, сізге не болған, Мә, су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жан алғышта келіп қалар….Құдайым-ай, соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды, бекем болыңыз. Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді) Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес. Орыс тергеушісі: (мырс- мырс күліп) Онда өз обалың өзіңе. (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі береді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді) Ә.Бөкейханов: Ей, халқым Еліміз үшін Етегімізді түрген екенбіз, Бар Алашқа ұран сап, Елдікке шақырып жүрген екенбіз. Шешінген судан тайынбас, Ойымыз бір, мақсат бір, Сорлы елімнің шіркін-ай Жыртылған жағасын бүтіндеп. Жығылған туын көтерсек. Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан, Ұрандап атқа қонсан бір, Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам Сонда менің болмас еді-ау арманым Арнар едім, сол елімнің жолына Мына қысқа ғұмырымның қалғанын. ( ұрып-соғып алып кетеді) Музыка (қобыз) ортаға Ұлан Төлеген шығады: Шайқалды сан мәрте Елімнің тұнығы. Қазағым, асылым-Көк түрік сынығы. Торлап ап тұрғанда Ұлтымды азап-мұң, Оятпақ болыпты Ұлдары қазақтың. Әлихан, Мұстафа, Ахмет, Міржақып орнатпақ болыпты Халқына нұр бақыт. Күресте атсын деп, Елінің ақ таңы. Алаштың айбынды, Асылдай ұлдары, Зиялы, жүректі, Қорғаны тұлғалы Сын жерде елінің намысын сатпады. Бақытқа жетсін деп Келешек ғасырлар, Елінің ертеңін ойлайды асылдар. Еске алса ұрпағы, Кеудеге өрт толды. Алаштың ұлдары Ақ жолда мерт болды. (музыка қатты шығады) Күн туды күлімдеп Асылдар аңсаған. Ұрпағы бүгін кеп, Ақ таңын қарсы алған. Қыранды көк байрақ Биікке көтерді. Елтаңба-кос пырақ, Алысқа жет енді! 1- жүргізуші: Біз-қазақ, ата-бабамызды пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да біз тегімізді атадан, тілімізді анадан таратқан ұлтпыз. Ұрпағымызды жастан жылатпай, қызды аялап, ұлды ұлықтап тәрбиелеуді өмірлік мақсат етейік. Халқымыз ұйымшыл, еліміз тыныш болсын! 2-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, Құдай қаласа, гүлденіп Мәңгі ел болып жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік! 1-жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ, Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ. Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгін, Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ! 2-жүргізуші: Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың, Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын. Көшіңді бастап бақытты болашағыңа, Бірге: Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: тарих