Жаңадан бастаушы инвестор жіберетін он қателік
Қазақстандықтар бағалы қағаздар нарығын белсенді игере бастады. «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ деректері бойынша инвесторлардың брокерлік шоттарының саны 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 573 мыңнан асты.
Қор нарығында бағалы қағаздармен сауда жасамас бұрын, ойынның негізгі ережелерін білу керек. Жаңадан бастаушы инвесторлар қандай қателіктер жіберуі мүмкін екендігін Fingramota.kz-тен білейік.
Ойланбай жасалған стратегия
Жаңадан бастаушы инвесторлардың негізгі қателіктерінің бірі – инвестициялаудың нақты стратегиясы мен мақсатының болмауы. Қор нарығына жаңадан келгендер толық тәуекелге баруға дайын және бәрін бірден алуға тырысады, көбінесе кірістілігі жоғары бағалы қағаздарды мүмкін болатын барлық тәуекелдерді талдамай сатып алады. Мұның салдары сатып алуға арналған бағалы қағаздар тез және тек олардың кірістілік деңгейіне қарай таңдалуы мүмкін. Нәтижесінде инвестор барлық салымын жоғалтып алуы мүмкін.
Айталық, егер сіз бір жылға ақшамен бөлісуге және ең көбі 20% ғана жоғалтуға дайын болсаңыз, онда сіз активті бір жылдан кейін немесе оның бағасы 20%-ға көтерілгенде немесе төмендегенде сатасыз. Сіздің инвестициялық стратегияңызда сіз қосымша салымдардың жиілігін және мүмкін болатын шығыстарды қамтамасыз етуіңіз керек.
Қысқа мерзімді көрсеткіштерге бағдарлану
Сауатты талдаудың болмауына байланысты жаңадан бастаушы инвестор қағаздарды олардың өткен жылдағы немесе аптадағы, айлардағы кірістілігіне ғана назар аударады сатып ала алады. Бұл ретте ол инвестицияларды досының, танысының ықпалымен, алғашқы әсермен, эмоциямен және т.б. жасауы мүмкін. Сондықтан бағалы қағаздарды болжамды кірістілігі ықпалымен жоғары бағаға сатып алу, бірақ соңында қағаздардың бағалары кенеттен тез төмендей бастағанын көру қаупі бар. Қорқып, жаңадан бастаушы инвестор активтен асығыс құтылуға тырысады және оны тіпті өзіне шығын әкелетіндей болса да сатуға дайын. Дүрбелең оны одан да үлкен шығындарға әкеледі.
Тәжірибелі инвестор әлі де тұрақты және аз құбылмалы акцияларды таңдауға тырысады. Бағаның ауытқуы неғұрлым аз болса, болжау дәлірек болады, демек сіз тыныш ұйықтай аласыз. Ол тез нәтижеге жету стратегиясы көбінесе пайдасыз, ал ең сәтті инвестициялар ұзақ мерзімді екенін түсінеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?