Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді
Интернет кеңістігінде қысқа мерзім ішінде жоғары табыс көзі туралы және үміткерге саусақпен санаулы талаптар қоятын хабарландыруларды жиі кездестіруге болады.
Абай болыңыз, мұндай бос жұмыс орындарының артында алаяқтар тұруы мүмкін.
Мұндай хабарландыруларда ақша аударымдары және қолма-қол ақшаға айналдыру, құжаттар ресімдемей, яғни ешқайда тіркелмей, толық «қашықтан» режиміндегі жұмыс ұсынылады. «Жұмыс берушілер» «бірнеше сағат ішінде жақсы табыс», «тексерулерсіз және құжаттар толтырмай жұмысқа орналасу», «жоғары табысқа кепілдік» деген сөздерді жиі пайдаланады. Олар не жалақыны көрсетпейді, не болмаса бір-екі сағат жұмыс үшін көп ақша ұсынады. Алаяқтық бос жұмыс орындарында ізденушіге ақша аударуды жүзеге асыру және жұмыс берушімен онлайн іс-әрекетке түсуден басқа, не білімінің деңгейі, не жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын нақты кәсіби талаптар көрсетілмейді. Есіңізде болсын, жұмысқа қабылдайтын мұндай адамдарды дропперлер немесе дроптар деп атайды.
Дропты әр түрлі шоттар арасында заңсыз алынған ақшаны аудару үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлерге іздерін жасыруға және тергеу жұмысын қиындатуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алаяқтық аударымдар әр түрлі елдерде және әр түрлі адамдардың атынан жасалуы мүмкін. Дроппер өз жұмысы үшін қаскүнемдер оның көмегімен аударған ақшаның пайызын ала алады.
Онлайн-алаяқтықты тергеу кезінде тергеушілер бірінші кезекте дроптарға шығады. Әдетте, олар қылмыскерлердің сыбайлас қатысушыларына айналады және ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» 190-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейін тиісті жаза алуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?