Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Мақсаты:
1. “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ - жауап, видеоролик
Барысы:
1. Ұйымдастыру
Көрме ұйымдастыру:
• «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты иллюстрациялық кітап
• Оқушылардың салған газеттері
2. Кіріспе сөз
• Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
3. Тәрбие сағаты:
• Видео
• Викторина
• Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
• Оқушыларға тапсырма
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1)
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. (Слайд №2)
1 - жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2 - жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде - бір мемлекеті, бірде - бір саяси жүйе, бірде - бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н. Ә. Назарбаев. (Слайд №3)
1 - жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
“Сыбайлас - жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
2 - жүргізуші. Келесі кезекте бейнероликке берсек (Слайд №5, 6)
Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?
//видео
2 - жүргізуші: ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №7)
1 - жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
(Слайд №8)
2 - жүргізуші: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: (Слайд №9, 10)
1. ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай - ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілерде қабылданды
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
• ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану
• Коммерциялық сатып алу
• Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану
• Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану
• Пара алу
• Қылмыстық жалғандық жасау
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
// ВИКТОРИНА (Слайд №11 - 21)
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2. 07. 1998 жыл
2. “Сыбайлас - жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
3. ҚҰҚЫҚ деген не? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
4. Заң деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
5. Қылмыстық Кодекстің 366 - бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
6. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)
9. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы” заң қашан қабылданды? (18. 11. 2015 жыл)
10. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31. 10. 2003ж.)
2 - жүргізуші. Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру: (Слайд №23)
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) «Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.
5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?
Тренинг (Слайд №24)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек.
1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.
2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.
3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Бірақ оны бір айдан кейін ала аласыз. Сіздің әрекетіңіз.
Литмонтаж
1 Аймұрат
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.
2 – Райымбек
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.
3 – Рамазан
Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.
4 – Жанарыс
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабық қой анық, «Қазақстан - 2050»- айқын жол, Күресейік, жемқорлықты жояйық.
5 - Тоқтар
Әр ата - ана өнеге берсін балаға, тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең, Жолдан таймас ар болған соң санада.
6 - Саят
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
Сабақты қорытындылау:
Бүкіл әлемге өзінің бір тұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?