Қорқыт ата


Қорқыт ата - қасиетті қобыз аспабының туындыгері, түркі дүниесінің алып абызы. ✨

Қобыз? үнінен ғасырлар сазын сыздатып, тұтас дәуірдің бейнесін қос шанағына толтырған Қорқыт бабамыздың заманасынан көптеген аңыздар жеткен. Аңызға сенсек, алып бабамызды үнемі бес күндік жалған дүниенің келтелігі ойландырып, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың өтпелі екендігі толғандырыпты.

Ғажап аспаптың күңіренген қоңыр үні тұтас атырапты кезіп, тыңдарманның жан бернесін дөп басыпты.

Міне, содан бері қобыз шалған Қорқыт бейнесі адамзат руханиятында асқақтап, өнердің қайталанбас асыл маржанына айналды. Қобыз болса, адамзаттың алпыс екі тамырын қозғап, шерлі, асқақ, арынды үнімен көпшіліктің жүрегін жылытты. Қобызда тұтас тарихтың, озған дәурен, көшкен заманның шерлі үні бар.✨


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу