4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_43-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 43-сабақ. Түбірлес сөздер
Сабақ мақсаты:
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Ресурстар: кесте, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс парақтары, киіз үй макеттері, интерактивті тақта
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Үйіңді тап!» ойыны ойналады. Денені шынықтыру мақсатында сабақта дене қимыл жаттығулары орындалады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Бір түбірден тараған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.
біл-білім- білімді- білгіш: өнер-өнерлі- өнерпаз.
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге Үү әрпінің жазылу үлгісі көрсетіледі.
(Үү үүү ҮҮҮ үй үйлесім үйреншікті үлгілі үбірлі, үлкен, үнемі)
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада түсіндіріліп, көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыстың ерекшелігі
22-жаттығу. Мәтінді тыңда.
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Осы мәтінді «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстыр. Мәтіндердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
• Досыңнан сұрап алып, оның өмірбаянын айтып бер.
• Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін өзара салыстыр. Олардың түбіріне назар аудар.
«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына басқа топтың оқушылары жауап береді.
Оқыған мәтіндерін «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
Досының өмірбаянын сұрап, әңгіме жүргізеді. Өмірбаян айтудың қадамдары бойынша өз ойын жинақтап, досының өмірбаянын топта жариялауға дайындалады.
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша досының өмірбаянын айтып береді. Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін өзара салыстырып,олардың түбіріне назар аударады. Жаңа ақпаратпен танысады.
- Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қою, жауап беру;
- Мәтіндерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табу;
- Сөздерді салыстырып, түбірлес сөздердің жасалу жолдарына назар аудару;
23-жаттығу.
• Жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жаз.
• Түбірлес сөздерді тап.
Оқушылар жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жазып, түбірлес сөздердің астын сызады.
25-жаттығу.
• Суретке қарап, түбірлес сөздерді оқы.
• Түбірлес сөздерді тап.
• Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды? Неліктен? Себебін дәлелде.
Оқушылар жұпта отырып орындайды. Түбірлес сөздерді табады. Түбірлес сөздер тобына жатпайтын сөздерді дәлелдеп, түсіндіреді. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен іздеп, оқиды.
- Жас атауларын жүйелеу.
- Түбірлес сөздерді табу.
- Түбірлес сөздердің жасалу жолдарын меңгеру.
Шығармашылық үзіліс. Саралау тапсырмасы.
Терме диктант. Түбірлес сөздерді теріп жаз. Сөз құрамына талда.
Суат, көл, өнерлі, оқушы, балықшы, сулық, оқулық, өнерпаз, қазан, дәптер, өзен, жаттығу.
Берілген сөздер тізбегінен түбірлес сөздерді теріп жазады. Жұпта бір-бірін тексереді. Түбірлес сөздерді сөз құрамына талдайды. Соңында тақтаға дұрыс нұсқасы ілінеді. Қателері түзетіледі.
1.Түбірлес сөздерді теріп жазады;
2.Түбірлес сөздерді сөз құрамына талдайды;
Қалыптастырушы бағалау
+, - таңбаларын қолданып, өзіңді бағала.
Бағалау критерийлері | Үйрендім | Сенімді емеспін |
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және жауап беремін | ||
ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылық тарын табамын | ||
негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасаймын, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратамын |
Оқушылардан кері байланыс алынады. Кері байланыс арқылы кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан тақырыпты қайта түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?