Шығармадағы оқиғаны болжау. «Сыбызғы сыры» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Мәдени мұра

 Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау

 «Сыбызғы сыры» ертегісі

 Оқу мақсаттары:

 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады.

 Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады;

 Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады.

 Бағалау критерийлері:

  • шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды;
  • болжау себебін түсіндіреді;
  • шығарманың композициялық құрылымын анықтайды;

 

 Сабақ барысы

І.Сабақтың басы

  Сабақтың басында ширату жаттығуы «Әуенді тап» ойыны арқылы орындалады.

 (Ұ) Тақтаға әртүрлі музыкалық аспаптар ілінеді. Оқушыларға әуенді тыңдап, қай аспаптың дыбысы екенін анықтап, сол аспаптың жанына тұру ұсынылады. Ойын аяқталған соң музыкалық аспатар туралы пікір алмасу жүргізіледі. Мысалы:

 Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.

 Сыбызғы - Үрмелі аспап. Халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды.

 Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.

 Талқылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

 Оқу мақсатын хабарлау:

 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, себебін талқылаймыз. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаймыз.

 Бағалау критерийімен таныстыру.

 

ІІ. Сабақтың ортасы

 Оқушылардың белсенді оқу тәсілдерін арттыру мақсатында оқулықтағы мәтінмен танысады.

 1-тапсырма

 (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады.

 «Сыбызғы сыры» ертегісін, «Бірлескен оқылым» тәсілімен кейіпкерлер іс-әрекетінің бейнеленген тұстарын белгілеп отырып оқу ұсынылады.

 Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұныны бойынша шығарманың комзициялық құрылымын анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.

 Үлгі сұрақтар:

  • Асан мен анасының жағдайы қандай еді?
  • Тахир Ханның іс-әрекеті қалай бейнеленген?
  • Неге Таһир ханның жалғыз баласы келе Асанды қамшының астына алды?

 Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді.

 Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады.

 ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.

 

 2-тапсырма

 (Ө)«Допты лақтыру» әдісі

Мұғалім доп лақтырып оқылған мәтін мазмұны бойнша кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез құлқын бағалауға байланысты сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Мысалы:

  • Асанның киік пен оның егіз лағына деген сезімі қандай еді?
  • Кенеттен тарс еткен мылтық даусы естілген соң киіктерге не болды деп ойлайсыңдар?
  • Асанның қолындағы сыбызғының сыры неде деп ойлайсыңдар?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) «Шаршылар» әдісі

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.

 3-тапсырма

 (Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Ж.Әлмашев «Күн тәртібі»шығармасындағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:

 

1. пікір

Кейіпкерлердің бірінің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

Досалының мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. дәлел

Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өзінің мінез-құлқы туралы пікір жазады

Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өз күн тәртібін жазады

3. мысал

Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

4.қорытынды

Асан мен анасының өмірінің қалай өзгергенін болжап, оның себебін түсінідіріп бір сөйлеммен қорытындылайды .

Досалыға күн тәртібін жасай отырып, өмірінің қалай өзгергенін, бір сөйлеммен қорытындылайды .

 Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

 (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;
  • тақырыпқа байланысты мысал келтіре алады;
  • кейіпкердің іс-әрекетіне баға бареді.

 4-тапсырма

 ; МК) «Қатені тап» әдісі

 Ойын шарты:

 Оқушылар үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.

 1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.

 2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.

 3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

 

 ІІІ.Сабақтың соңы

 5-тапсырма

 (Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша шығарманың композициялық құрылымын анықтап, соған сәйкес әңгімелеу тапсырылады.

 «Оқиға картасы» үлгісі

  • 1.мінез құлқы
  • 2. іс-әрекеті
  • 4.сюжеттің дамуын болжау
  • 3.оқиға барысы

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісі бойынша жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

 (ҚБ). Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 Рефлексия

 «Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасайды.

 Оқушылар сабаққа «Блоб ағашы» әдісіне сүйене отырып, бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгенін қағаз бетіне түсіреді.

 Оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді.

 Үйге тапсырма беру. «Сыбызғы сыры» ертегісідегі компзициялық құрылымныі біріне байланысты сюжетті сурет салып келуді ұсынуға болады.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.

[attachment=26524:nsauly-shyarmaday-oiany-bolzhau-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу