«Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША 1
Жайық пен Ертіс
Бұл бір тылсым ғажайып,
Балығы көп бағалы,
Батыстағы Ақ Жайық,
Оңтүстікке ағады.
Ал, Ертіс кең сағалы,
Шығысында елімнің.
Солтүстікке ағады,
Үстін басып жерімнің.
Екі өзені бір елдің,
Қарсы ағып жатады.
Мұның сырын білер кім?
Кім анықтап табады?
Кең даламның біле бер,
Географиясының кеңдігін.
Есептеп ойға түйе бер,
Бойлығы мен ендігін...
Қазақстан – алыбым,
Осыдан-ақ сен түсін.
Еуропада – Жайығым,
Азияда – Ертісім.....
Ескен Елубай
ҚОСЫМША 2
ҚОСЫМША 3
ҚОСЫМША 4
- Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
- Қалай? Өлеңде осы сөздерді неге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?
- Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?
____
ҚОСЫМША 5
Құрастырған өлең нұсқасы.
Қырдан төмен ойнақшып,
Ағып жатты бір бұлақ.
Ағып жатты бір бұлақ,
Күле, жырлап, сылдырап.
ҚОСЫМША 6
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?