Шығарманың жоспарын құру. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Су – тіршілік көзі

 

 Сабақ тақырыбы: 3.1 Шығарманың жоспарын құру. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай

 

 Оқу мақсаттары:

 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

 3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлел келтіріп баға беру

 Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.

 Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.

 Бағалау критерийлері

  •  мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  •  әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  •  кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

 Сабақ барысы

 І. Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.

 Сабақ мақсаты: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін ертегіден дәлел келтіріп баға беру. . Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл тапсырманың негізгі идеясы оқушыларға әңгіменің белгілі бір ойды білдіретінін түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол оқушылардың оқи отырып, ақпараттарды белгілей алу дағдыларын дамытады. Тапсырма жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқуға беріледі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) «Белгіле» әдісі. «Бұлақ пен құрақ» Б.С.Қошым-Ноғай

 1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.

 2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

 Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Қ/Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

 2-тапсырма

 Тапсырманы орындау арқылы мәтін мазмұнын түсінгендерін білуге болады. Жоспар құрастыру арқылы сауатты жазу дағдылары дамиды, ойын дамытады

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) 1. Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.

 2. Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

 3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

 4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

 Жоспар:

 1. Бұлақ пен Құрақтың іс-әрекеті

 2. Тау атаның жасағаны

 3. Құрақтың бұлаққа жалынуы

 4. Өз қателерін түсінуі

 Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

 

 3-тапсырма

 Тапсырманы орындау арқылы мәтін мазмұнын түсінгендерін анықтауға негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 ) «Төрт сөйлем» әдісі

 Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқының қандай екенін ертегіден тауып, дәлелде.

 1.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден оқығандары бойынша өз топтарында талқылайды.

 2.Алдын-ала дайындалған қағазға (бұлақ пен құрақтың суреті бар ) төрт пікір жазады:

 Пікір: Іс-әрекеті мен мінез-құлқы қандай? Сенің пікірің (бір сөйлем).

 Дәлел: Ертегіден дәлел келтіріп жаз (бір сөйлем).

 Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтір (бір сөйлем).

 Қорытынды. Оларға қандай баға бердіңдер? Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

1-топ. Бұлақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден тауып, дәлелде.

2-топ. Құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқын ертегіден тауып, дәлелде

 3. Топтар өз жұмыстарын барлық топқа түсіндіреді.

 Қ/Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 4-тапсырма

 Бұл тапсырманың негізгі идеясы оқушылардың өз тәжірибесіндегі деректерді пайдаланып, айтылым дағдыларын дамытады және топпен жұмыс істеу барысында талқылауға, бағалауға және түсінуге көмектеседі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Бұлақ пен құрақтың іс-әрекеті мен мінез-құлқы неге өзгерді, себептерін ертегіден тауып, баға бер. Сол бөлікке ат қой.

 1. Оқушылар ертегіден кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы өзгерген тұстарын табады.

 2. Сол бөлікке ат қояды.

 3. Не себебті олай атағанын түсіндіреді.

 Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

 Қ/Б «Бағдаршам»

 Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

 Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

 Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

 Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

 ІІІ. Сабақтың соңы

 Рефлексия: «Бес саусақ» әдісін қоланыңыз.

 1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

 2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

 3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

 4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

 5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26233:nsauly-shyarmany-zhosparyn-ru-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу