Қазақтың бас ақыны. М.Әуезов «Бала Абай». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні:. Оразбекова Г. А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың бас ақыны

М.Әуезов «Бала Абай»

Оқу мақсаттары

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру;

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық: мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады, мәтін мазмұнын айтуда сурет нұсқасын қолданады;

Кейбір оқушылар: бағалауға, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, мәтінге сүйеніп диалог құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұнын айта алады;
  • мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
  • мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды, жауап береді. Мәтінге сүйеніп диалог құрастырады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бала Абай, Ынтыға тыңдайтын, әңгімешіл екен, сыртқаттанып қалып.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Абай ертегі, аңыз, әңгіме, қиссаларды тыңдап өсті, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Адамгершілікті, ана мен бала арасындағы ізгілікті, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Абай туралы білетіндерін айту барысында өз ойларын жүйелі жеткізеді, сөйлемдегі сөздердің байланысын, диалог құрастыруда сөйлемнің тыныс белгілерін интонация арқылы беруде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Ақынның әндерін еске түсіріп, тыңдауда музыка пәнімен байланыс орнайды. Туған жерін картадан көрсетуде дүниетану пәнімен байланыс жасалады..

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушылар өздері тыңдаған геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бірігеді. Фигуралардың келесі бетінде топтың аты жазылады.

І топ. Білімділер

ІІ топ. Дарындылар

ІІІ топ. Еңбексүйгіштер

«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдайды, жетелеуші сұрақтарға жауап береді.

Әнді кім жазған?

Ән қалай аталады?

Қандай өлеңдерің білесіңдер? Сұрақтары бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Геометриялық фигуралар және суреттері, интербелсенді тақта. Қосымша 1,2

Слайд 1,2,3

https://www.youtube.com/watch?v=K794qtyL3-Y

Сабақтың ортасы

4-12 минут

13-24 минут

25-29 минут

30-37 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ө) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы бойынша қағазға берілген үлгіні түсініп оқып, жауап жазады. (Абай туралы мәлімет жинап келу алдын ала тапсырылады)

Үлгі: Қазақтың бас ақыны- Абай (шын аты - Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ.

Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.

Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек.

Мағыналы, маңызды болуына білім керек.

Абайда осы үшеуі де болған.

Бұрыннан білемін

Жаңа мәлімет

Зере – Абайдың әжесі. Ұлжан – анасы. Құнанбай – әкесі. Өлеңдері әртүрлі тақырыпқа арналған. 45 қара сөзі бар.

Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар.

Жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген.

Ол - музыкант

Автор жайлы мәлімет:

(МК, ЖЖ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Мұхтар Әуезов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1.Ол кім?

2.Қайда туған?

3.Қандай қызмет атқарған?

4.Қандай шығармаларын білесің?

Қосымша: Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысындай Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен Ол алты жасында Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып береді екен. «Абай жолы», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» т.б. шығармалары бар.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Күн- белсенді, бұлт - толықтыру қажет, жауын- көмек керек» суреттері арқылы топты бағалау.

2 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «Шеңбердегі әңгіме» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. Мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап береді. Суретке зер салып әжесі мен Абайдың арасында диалог құрастырады.

Үлгі:

-Әже менің шын есімім Ибраһим. Сіздің де шын есіміңіз бар ма?

-Ия, Тоқбала. Мен жастайымнан зерек, мейірімді болған соң Зере деп атап кеткен.

-Мына әңгіме, ертегінің бәрін қайдан білесіз?

- Өмірде естіп өскен едім. т.б.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтін мазмұнын айта алады;
  • мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
  • мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

3-тапсырма

(ЖЖ, ОТ) «Еркін сұрақтар» стратегиясы арқылы мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.

Үлгі:

-Мәтінде кімдер туралы айтылған?

-Бала Абай нені ерекше жақсы көрді?

-Әжесі мен Абай арасында қандай оқиға болды?

-Саған мәтіннің қай тұсы ұнады? Неліктен?

-Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?

-Бұл әңгімені жазған кім?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

(МК, Ө) «Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша Абайдың аналарының аттарын тауып дәптерге жазады.

Үлгі: Әжесінің аты- Зере (шын есімі Тоқбала)

Шешесінің аты- Ұлжан

(ОТ, МК, Ұ)«Ой шақыру» стратегиясы арқылы сөзжұмбақты шешеді.

1. Мәтін қалай аталады? Бала…….

2.... Абайдың жасы он үшке толған еді.

3. Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді?

4. Абай неден көп шықпайтын болды?

5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?

6. Биыл әсіресе Абайдың…… өскен

7. Абайдың шешесінің есімі кім?

8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешеді.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір–бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Оқулықтың 48-бетіндегі сөзжұмбақ жазылған парақша, интербелсенді тақта,

Слайд 4

Дереккөзі: https://www.zharar.com/xfsearch/% © www.ZHARAR.com

Слайд 5

Слайд 6

Оқулық 50-53-беттер, түсіндірме сөздік,Алтынсарин, Қайырбеков суреттері

Слайд 7

Кесте сызылған парақ,маркер,

Слайд 8

дәптері

Слайд 9

интербелсенді тақта немесе сөзжұмбақ жазлыған плакат

Сабақтың соңы

38-40 минут

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Мен толық түсіндім!», «Мен түсінген сияқтымын!», «Маған көмек керек!»

Стикерлер мен смайликтер, слайд 10

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Шеңбердегі әңгіме», «Идеяны толықтыру», «Еркін сұрақтар» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Ой шақыру» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын айта алады;
  • мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
  • мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу