Қазақ тілі 3 сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Әңгімелермен зерттеу жұмыстарын жүргізу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

 Сабақ мақсаттары

Шағын мәтін құрай алады, өз ойларын жеткізуде, көркем сөздерді қолдануға талпынады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажырата алады.

 Жетістік критерилері

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысады, оларды сөйлеу барысында қолданады. Сауатты жазып, ойын тиянақты жеткізуге дағдыланады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еңбекқор, адал болуға және әр істі жауапкершілікпен орындауды үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сурет, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерді сипаттау, мәтін кейіпкерін анықтап, оған мінездеме беру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-10 мин)

(Ұ)Оқушыларға слайд бойынша тақтадан көрсету немесе екі оқушының басына екі түрлі тәж кигізіп, бір-біріне сұрақ қою арқылы суреттегі не екенін, электр шамдарының ұқсастығын, айрмашылығын тапқызу.

Венн диаграммасын толтырады.

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

1.Әлсіз жанады;

2. Қуатты аз жібереді

1.Жарық береді; 2.электр шамы;

3.Шыныдан жасалған т.б.

1.Жарық жанады;

2. Қуатты көп жібереді

Слайд суреттері немесе тақырыпқа қатысты тәж, Венн диаграммасы, мәтін, үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы

(10-35 мин)

(Т) Әр топ оқушылары осы екі шамға жан бітіріп, өз ойларынан шағын мәтін құрады.

Үйде ілініп тұрған люстрада Жарық және Қараңғы деген екі электр шамы бұраулы тұрған болатын...

(Оқушылардың құрған мәтінін тыңдап, баға беру)

(Т) Әр топ мәтіннің жалғасымен танысып, қай топтың мәтіні ұқсас болғандығын анықтайды.

Екі электр шамы туралы ертегі

Есімдері қызық екен деп ойлап тұрған шығарсыз. Үй иесі жарықты қосқан кезде Жарық есімді шам жарқырап, Қараңғы есімді шам әлсіз жанатын еді. Қараңғы өз күшін аяп, әлсіз жанғандықтан, оған осы атты қойыпты.

 Әрине, үйдегі адамдардың барлығы жарық болғанды ұнатқандықтан, Жарық шамды жақсы көріпті. Күнге қарсы көзілдірікті киіп алған үй иесі:

 -Ой, ой, ой! Қандай жарық жанатын шам! Жарайсың, шамым!

 - Бұл шам болмаса біз не істер едік! – деп үйдің анасы сөзді қоштады.

 Жарық шамға бұл сөздер қатты ұнайтын және ол одан да жарық жануға тырысатын. Келген қонақтардың барлығы үйдің жағымды жағдайын ұнатса, қызы Сәуле сабағын жаттап, ұлы Еркін конструктор жинайтын; әкесі өз диссертациясын жазса, анасы картопты тазалайтын. Әжесінің өзі жіппен шұлғау тоқып, атасы газет оқығанды жақсы көретін. Сол себепті, отбасында татулық пен тыныштық, тазалық болатын.

 Ал Қараңғы деген шамды ешкім жақсы көрмейтін. Сол үшін оның ызасы келетін.

  • Фу, неменеге сені сонша мақтайды, осылар? – деп Жарық шамға пысқырып қоятын. – Жарық жансаң қайтейін? Күшіңді бекер жұмсағаннан басқа? Жақында сенің күшің бітіп, ешнәрсең қалмайды!
  • Енді мен сол үшін жасалған жоқпын ба! – деп Жарық таң қалды. –Егер мен жарық болып жанбасам, үйдің іші қараңғы болмай ма? Сәуле уақытымен сабағын жаттай алмай, мектепте екілік баға алып, ал Еркін көлік құрастырып, ойнай алмас еді. Анасы ас әзірлеп, әкесі мақаласын жаза алмаушы еді. Әжесі мен атасының да көңіл күйлері болмаушы еді ғой. Мен солар үшін жарық болып жанып тұруға тырысуым керек.
  • Көресің әлі, қуатың таусылып, күйіп кеткенде сені олар қоқысқа тастай салады! – деп Қараңғы ашулана айтты. –Ал мен болсам, еш жерім зақымданбай, бүтін болып люстраның сәнін келтіріп тұра беремін.
  • Жарық болып жанбайтын шамның не қажеті бар? – Сенің адамға қандай пайдаң бар? деп Жарық таңдана сөйледі.
  • Сен ешнәрсені де түсінбейсің! – деп көңілі қалған Қараңғы шам досыменен сөйлеспей қояды.

(Ж) Мәтіннің басты кейіпкерлерін ата, төмендегі кестені толтыру арқылы оларды сипатта.

Жарық

Қараңғы

(өзімшіл, ақылды, қызғаншақ, мейірімді, ашушаң, еңбекқор, адал, жалқау)

Деңгейлік тапсырмалар:

  • Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата, сұрағы мен жасалу жолын түсіндір.
  • Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз, сұрақ қой

Әжесінің өзі жіппен шұлғау тоқып, атасы газет оқығанды жақсы көретін. Сол себепті, отбасында татулық пен тыныштық, тазалық болатын.

Мәтін үлестірмелі

Сабақтың соңы

(35-40 мин)

(Ө) Мәтіннен жалқы зат есімді тауып, астын сыз. Жасалу жолын түсіндір.

Рефлексия. Жарық және қараңғы шамның жанына барып тұру арқылы сабаққа кері байланыс жасау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу