Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

3.2.9.1 Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтап кестеге салу/сызба түрінде көрсету.

3.2.8.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

 Сабақ мақсаттары

Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден табу. Кейіпкерлерді сипаттап үйрену.

 Бағалау критерийлері

Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден табады; Кейіпкерлерді сипаттап, бағалайды.

 Сөздік қор

Жаңа сөздерді еске сақтау, қайталау /Саундтрек. Стереотип/

 Құндылықтарды дарыту

Фильмді көре отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.

  Пәнаралық

 байланыстар

Белсенді тақтадан фильм іздеу, қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, өнермен байланыс жүзеге асады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ғимараттар

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында таныстырылым қолданылады. Ақпарат іздейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ) Оқушылар «Жақсы деген немене? Жаман деген немене? өлеңін тыңдап, талдайды.

Аудио материал

Сабақ ортасы

35 минут

(Ұ) Екі не одан артық жағымды және жағымсыз кейіпкерлері бар қысқаша фильм немесе көркем фильмнен алынған үзінді көру.

«Күміс қылыш» фильмін көру.

Аяқталар алдында фильмді тоқтату. Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжауды ұсыну. Оқушылар өз ойын айтқан соң фильмді аяғына дейін көру. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге ынталандыру – не ұнады/ұнаған жоқ? Не қызықты болды? Фильм бір нәрсені естеріне түсіре алды ма?

, Қ) Фильмді қайта көру. Оны маңызды жерінде тоқтату. Оқушыларға фильмдегі әрбір кейіпкер не жайлы ойланғанын, сезінгенін және айтқанын жұпта талқылауды ұсыну.

(Ұ) Оқушылардан жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге көңіл бөлулерін сұрау. Кейіпкерлердің аттары, суреттері мен иллюстрациялары қосылған сынып постерін жасау. Кейіпкерлерді салыстыру, мысалы: жағымсыз кейіпкерлердің келбеттерінде, қимылдарында, сөйлеу үлгілерінде және мінез-құлықтарында қандай ортақ қасиеттер бар?

Кейіпкерлерді сипаттап, бағалау.

(Ұ) Осы жолы (камераға) түсіру орындарына көңіл бөліп, фильмді қайта көру. Камерада түсіру орындары өзгерген кезде фильмді тоқтату. Осы кезде қандай түсіру орны пайдаланылып жатқанын және оны неге пайдаланғанын анықтау. Камераға түсіру орындары көрерменге әңгімені «оқуға» және кейіпкерлерді түсінуге қалай көмектеседі? Жарық пен қараңғыны зерттеу.

Саундтрек көмегімен ол қалай жүзеге асырылған? Оқушылардан әрбір көріністегі түстер мен жарық эффектілерін байқауды сұрау. Әрбір көріністердегі түстер, жарық беретін аспаптар және көлеңкелердің маңызын, берер әсерін талқылау. «Cтереотип» сөзін оқушыларға ескертіп, фильмнен қандай да бір стереотиптер табуға ынталандыру.

(Ө,Қ) Дереккөздерден ақпарат іздеу, кестеге түсіру.

Стереотип (Stereotype) - 1) шаблон, штамп ретінде өзгермейтін, жалпы қабылданған үлгі; 2) сараптау жүйелерінде — пәндік саладағы абстрактыланған, жалпыланған объект түсінігі.

Фильмге арналған саундтрек дегеніміз - сол киноның музыкасы ойналып қысқаша түрде фильмнен кадрлар көрсетіліп шығатын жарнама

(Т) Әрбір топқа нақты тапсырма беру, мысалы: түсіру жоспарына, түс және дыбыстарға аса көңіл бөлу. Әрбір сұрақтың тұсына жазбалар жасау арқылы оқушыларға фильмді бірнеше рет қайтара көруіне мүмкіндік беру. Әрбір топқа жауаптарын бөлісуге және сұрақтарға жауап беруге уақыт беру. Әр топтың мүшелеріне рөл беру.

Әңгімелердегі кейіпкерлерді талқылау. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлер қалай бейнеленеді? Олар стереотипке сай ма? Жақсы және жаман кейіпкерді жасау үшін жарық пен қараңғы түстер қай жерде қолданылғанын анықтату.

Топтық тапсырмалардың көмегімен оқушылардың сөзбе-сөз және болжалды мәлімет арқылы кейіпкерді сипаттайтын ақпаратты анықтай алатынын бағалау.

(Ұ) Репортерлер топтарының жауаптарын сыныпқа жариялап, режиссер нақты әсер жасау мақсатында дыбысты, камера немесе түсті қалай қолданғанын айтады.

Бақылаушылардан топтар қалай жұмыс жасағандығы, не болғандығы және осы жұмыстың жағымды жақтары туралы сұрау.

(МК) Грамматика. Дауыссыз п-б дыбыстарының емлесі туралы түсіндіру.

Т. Молдағалиев. «Күзгі дала»Өлеңді мәнерлеп оқиды, п әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, астын сызады. Б мен п дауыссыздардың қай тобына жататынын анықтайды.

Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып сөздерді көшіріп жазады.Әде..., тала..., жі..., шө..., қора...., мекте..., до... ым, кіта..., шта..., тала..., клу... .

https://www.youtube.com/watch?v=BLiuiHlTPk4

Сергіту сәті.

https://www.youtube.com/watch?v=-ym88MnQ0sQ

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

«Аяқталмаған сөйлем» Бүгінгі сабақтан мен өзім үшін... алдым, ... үйрендім? ...маңызды болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастыру оң нәтиже береді.

Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден табады; Кейіпкерлерді сипаттап, бағалайды.

Фильмді 15 минутқа екі бөліп көру жоспарланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу