Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Әңгімелердегі Кейіпкерлерді сипаттап жазу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлерді сипаттап жазу

Мұғалімге нұсқау

  • Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын аладайындалған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін кұрайды.Алдымен мұғалім суретке байланысты кіріспе әңгіме жүргізеді. Тақтағасуретті іледі, оның атын жауып қояды.Оқушыларға суреттегібейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң мұғалім суреттегітабиғат керінісіне, адамдарға, заттарға көңіл аударады. Суретке ат қояды.Суретке балалардың қойған аты мен автордың аты салыстырып, осы сурет бойынша алдын ала кұрастырып, дайындап алып келген мәтін тактаға ілінеді. Оны бір оқушыға окытады. Мұғалім мәтінді ырғағына келтіріп, өзі бір рет окып шығады.Мәтінге жоспар жасалып, мазмұндама жазылады.
  • Оқылган мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастыру.Бұл үшін мұғалім алдымен мәтінді тандап алады. Мәтін суретке құралған,жігі оңай ажыратылатындай болуы тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіреекі-үш рет оқылып, оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұрақ-жауап арқылы талқыланады. Әңгіменің мазмұнын балалар толыкмеңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатынысұралады. Окушыларға ойлануға уақыт беріледі. Олардың бергенжауаптарынның ішінен дұрысы таңдалып алынады. Мұғалім мәтіндібейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуы тиіс. Бұл суретті мәтіндіталдау жұмысы аяқталып, ол бойынша қандай сурет салуға болатыныанықталғаннан кейін тақтаға ілінеді.

Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінде көп қолданыла бастады. Кино оқушылар арасына тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті кұралдың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күші. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте-бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жұмысын жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп, біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Қандай да болмасын кино, диафильм көрсетілгенде оны өмірмен, не «Ана тілі» окулығындағы материалдармен байланыстыру немесе мұғалімнің өзі алдын ала мәтін кұрастырып алуы қажет. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.

Сонымен мазмұндама жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру оқушылардың ойы мен тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының озық тәсілдерін колдануға, тілді өмірмен байланыстыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды.2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер.3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин).5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин).7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін.8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай).9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу