Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Кейіпкерлерді сипаттап жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 3

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 Жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу.

3.3.9.3 Мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Кейіпкерге сипаттама беріп үйрену.

 Бағалау критерийлері

  • бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны тиісті қолданады;
  • оқырманды қызықтыру барысында көркем және сипаттама тілді қолданады.

 Сөздік қор

 

Мәтін жазу және оқу барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды.

 Құндылықтарды дарыту

Жақсы істер жасауға ұмтылады.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ

АКТ-да сюжетті суреттер қарастырады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Әңгімелердегі кейіпкерлерге сипаттама беріп үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ж) Оқушылардан өздері жасаған жақсы істері туралы ой бөлісуді ұсыну.

Сабақ ортасы

35 минут

(МК) «Нұсқаумен, бірлесіп жазуды» қолданып, кейіпкерге қысқаша сипаттама жазу. Кейіпкердің сыртқы көрінісі мен мінез-құлқын оқырманға сипаттайтын тиімді сөйлемдерді құрастыру үшін алдын ала жасалған постерлер, рөльдік ойындар, суреттерден алынған идеяларды қалай қолдану қажет екенін көрсету. Кейіпкердің физикалық қасиеттерін бейнелейтін сын есімдерді және оның тұлғасына тән зат есімдерді қолдануды көрсету.

Сын есім – бұл зат туралы дерек беретін сөз. Мысалы: қызыл жіп, жауыз кемпір, үлкен алма.

Әр зат есімнің функциясы – заттың атын білдіреді. Сөз адамның, мекеннің, жануардың, заттың не идеяның атауы болса – бұл зат есім, мысалы: Жанар, Астана , ит, шам, Әділет. Зат есімдер жалқы және жалпы есімдер болып екіге бөлінеді. Жалқы есімдердің барлығының бас әріптерден жазылатынын үнемі ескертіп отырыңыз.

Кейіпкерге жетіспейтін зат туралы оқырманның түсінуі үшін көріністің нақты тиімді жолын толық түрде талдауды көрсету, мысалы: Дала суық болса да, ол бас киімсіз жүрді.

Кейіпкердің не ойлағанын білу үшін қажетті кілт сөздерді оқырманға қайталап айту арқылы бейнелеп көрсету қажет екенін түсіндіру. Мысалы: Мен оны жақыннан барып көруім қажет, неткен жақсы адам, шыныменен жақсы адам.

Тыныс белгілері арқылы (сұрақ/ леп белгісі, тырнақша) дұрыс пунктуацияны көрсету.

Мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қолдану.

Оқырманға кейіпкер жайлы ақпарат беру үшін оның қимыл-қозғалыстарын сипаттауды көрсету. Мысалы: Көшенің көлеңке жағымен аяқтарын тырпылдатып, бірдеңе күбірлеп келе жатты.

Оқушыларға белгілі бір жағдаятқа сипаттама беру үшін теңеуді қалай пайдалану керек екенін ескерту.

Кейіпкерге есім беруді көрсету. Өз тұлғасы жайлы оқырманға айтып берген кейіпкерді таңдау. Мысалы: Періште Сайра немесе Жалмауыз кемпір. Постерлерде ұсынылған мысалдарға қарау.

Өткен сабақтар нәтижесінде негізгі ойдан алынған ақпаратты анықтау арқылы сипаттаманы жақсарту және толықтыру үшін «Бірлесіп жазуды» өткізу.

(Ө, Қ) Алдын ала жасалған постерлер, рөльдік ойындар және бейнелерді пайдаланып, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге сипаттама жазуды ұсыну.

(Т) Әр топқа сурет бойынша шағын мәтін жазуды ұсыну.

1-топ. Сипаттау мәтінін жазады;

2-топ. Әңгімелеу мәтінін жазады;

3-топ. Пайымдау мәтінін жазады.

(Дифф) Екі кейіпкердің кездесетін жерін жазу қабілеті жоғары оқушыларға жазуды ұсыну. Не болар еді? Бір-бірімен олар қалай сөйлесер еді?

Оқушыларға кейіпкерді нақты сипаттау үшін сөздерді іріктеуде «Нұсқаумен жазуда» көмек көрсету. Түрлі сипаттама әдістерін қолдануда оқушыларға көмек беру.

(Ө, Қ) Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны дұрыс қолдануды,

оқырманды қызықтыру барысында көркем және сипаттама тілді қолданып жазуды ұсыну.

(Ұ) Оқушылар жазған мәтіндерін оқиды.

Аттары қызық кейіпкерлер: http://www.youtube.com/watch?v=VFNkeSrfiS0

Сабақтың соңы

  • минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Дифференциациялық тапсырмаға екі кейіпкердің кездесетін жерін жазу қабілеті жоғары оқушыларға жазуды ұсыну. Не болар еді? Бір-бірімен олар қалай сөйлесер еді?

Оқушылар жазған мәтіндерін оқыған кезде кері байланыс алады.

.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу