Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Кейіпкер сипаттамасын жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сынып: 3 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З Қатысқаны: Қатыспағаны:
| ||||||||
Сабақ тақырыбы | Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу. Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | ||||||||
Сабақ мақсаттары | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру- ге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Сөздік қор | қамқорлық,қажырлы еңбек, риясыз,ащы, тұщы. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз бетімен және жұппен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойын еркін айтады. | ||||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Қамқорлық жасаудың маңыздылығын біледі | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер | ||||||||
АКТ | Презентация | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу мен айтуды біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақты ОМ таныстыру
|
| |||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Ойымызбен бөлісейік Суреттерге қара. Жұбыңмен ой бөліс. Айналаңдағы адамдарға қандай қамқорлық көрсете аласың? Өзіңнен кіші балаларға қамқорлық көрсеткен кезің болды ма?
Оқушылар тапсырма нұсқаулығымен танысады. Суреттерге қарап, жұпта ой бөліседі. Содан кейін ойларын сыныпта айтады. Сыныптағы жұмысты басқару. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда сыныпта еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі. (Ұ) Оқиық және жауап берейік Шынайы қамқорлық Мәтінді талдау. Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, дәп- теріңе жаз. Нұржаубек атаға тас не үшін керек болды? Қарияға ауыл тұрғындары неліктен риза болды? Нұржаубек ата жолды жөндеуге міндетті ме? Мәтін негізінде Нұржаубек ата сөзіне «бес жолды өлең» құрастырып жаз. Дифференциация Кейіпкерге сипаттама беру кезінде қабілеті төмен оқушыларға мынадай кесте ұсынуға болады. С....Е....Қ....М....А.... Оқушылар сипаттама беруде осы әріптен басталатын сөздер арқылы сипаттама береді. Толтырып болған соң бірбірінің кестесімен салыстырып толықтырады. Қабілеті жоғары оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды. Бірге орындайық Мәтінде щ әрпімен жазылатын сөз кездесті ме? Құрамында щ дыбысы бар тағы қандай сөздерді білесің? Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап болған соң, щ дыбысы бар сөзді табады. Ащы сөзін қатыстырып ауызша бірнеше сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы, ащы тер, ащы тағам, ащы дәрі т.б. Щ дыбысы бар басқа да білетін сөздерін айтады. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. Грамматикалық қоржын «Щ»дыбысын дыбыстағанда, екі «ш» дыбысы айтылады. Щ – қатаң дауыссыз дыбыс. щ әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасау (Т) Ойымызбен бөлісейік және жазайық Ауыл тұрғындары атынан Нұржаубек атаға алғысыңды білдіріп, хат жаз.«Қабырғадағы сұлба» әдісі. Олар Нұржаубек атаны басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Ал сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады. Осы әдіс арқылы кейіпкерге халықтың ризашылығы және кейіпкердің қамқор көңілі жайында ой түйеді. Осының негізінде оқушылар кейіпкерге арнап, алғыс хат жазады. Топта жазып болған соң сыныпқа оқып береді. Дифференциация Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер ұсынуға болады. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасау кезінде сынып ішінде еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі.
| Бағалауға арналған стикерлер; Кеңсе заттары Оқулық: 62–63 беттер Жұмыс дәптері: 31бет Пәнаралық байланыстар: «Әдебиеттік оқу», «Өзінөзі тану» пәндері | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Білімді бекітуге арналған тапсырма Айналасына қамқорлық жасау барлық адамның қолынан келе ме? деген сұрақ беріліп талқылау жүргізу. «Көрінбейтін қамқоршы» ойынын ойнау Қағазға оқушылардың аттары жазылып, бүктелген қалыпта оқушыларға үлестіреді. Кімнің есімі шықса, сол адамға айтпай, білдірмей бір ай бойы қамқорлық көрсетіп жүру тапсырылады. Рефлексия. «Алған әсерім» Не үйрендім? ... Не ұнады?... Не ұнамады? ... |
| |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Нұржаубек атаға алғысыңды білдіріп, хат жазуды қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер ұсынылады | Әр тапсырма соңында оқушыларды бағалау іске асады | Сергіту сәті өткізіледі. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?