Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Құрманғазы атаға». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. «Құрманғазы атаға» Б.С. Қошым-Ноғай
Оқу мақсаттары:
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.
Бағалау критерийлері
- өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді табады;
- өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді;
- шығарма кейіпкеріне арнап өлең жазады.
Қажетті ресурстар: түрлі-түсті қима қағаздан табан іздері, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, флипчарт.
Сабақ барысы
Сабақ басы:
Ширату тапсырмасында «Бес қадам» стратегиясы арқылы бастапқы білімді еске түсіруге және сабақ мақсатын анықтау үшін қолданыңыз. Ол үшін еденге бес табан ізін қойыңыз. Оқушыларға әр қадамды баса отырып мақалдың және Абай өлеңдерінің жартысын айтуды тапсырыңыз. ("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз ( тапқанға қолқа жоқ", "Сөз түземегенді түз түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас".
Тапсырма соңында қорытынды шығарылады. Оқушылармен бірге мақал-мәтелдер мен өлең жолдары туралы талқылып, қандай сөздар қолданылғанын айтуды сұраңыз.
Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.
Сабақ мақсаты: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізу және кейіпкерлерге хат жазу. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
Берілген тапсырманы орындау барысында оқушы тыңдауға және қажетті ақпараттарды белгілеп оқуға дағдыланады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,Ұ) Байбота Серікбайұлының «Құрманғазы атаға» өлеңін тыңдап, көркем-бейнелі сөздерді тауып оқуды тапсырыңыз.
- (МТ) Өлеңді 2-3 қайтара оқып беріңіз.
- (Ұ,Т,ЖЖ) Оқушыларға өлеңді оқып отырғанда қолдарындағы түрлі-түсті стикерлерге түсінген көркем-бейнелі сөздерді жазып отыруды тапсырыңыз.
- Оқушылар өз топтарында көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.
- Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген сөздердің үшеуін мұғалімге тапсырады.
- Барлық топтардың берген сөздерінен қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетіңіз.
Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.
Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.
2-тапсырма
Берілген тапсырманы орындау үшін оқушылар өлеңді пайдаланып, жұмыс істейді. Сұрақтарға жауап іздейді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1. (МК, Ж,Ұ) «Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт» деген тапсырма беріңіз. Тапсырманы орындау үшін «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісін пайдаланыңыз.
1. (Ұ,Ж) Алдымен өлеңнен анықталған үш сөзді тақтаға жазып көрсетіңіз: бұғауын бұзған, қуғын-сүргін, қаһарын шашқан. Қажеттілік болса оқушыларға жазылған сөздерді қайта оқып, мағынасын ашуға көмек беріңіз.
2. (Ұ,Ж) Оқушыға тақтадағы жазылған сөздің біруін таңдатыңыз. Таңдаған сөз бойынша келесі сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз: Мыс: «қуғын-сүргін»
Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
Қалай? Өлеңде осы сөздерді неге қолданғанына мысалдарын келтіре аласың ба?
Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?
Бірнеше оқушының пікірін тыңдаңыз.
Саралау: : сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі.
Қ/Б: Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады.
3-тапсырма
Бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын, сөйлемді жүйелі түрде құру дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) «Жандандырып», «күй шырқалды», «шаттық әуен» деген сөздерді қатыстырып, үлгі бойынша өлең құрастыру үшін «Модельдеу әдісін» қолданыңыз.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1. Оқушылардың алдына маркер және өлең сөздері жазылған флипчарт беріңіз. Флипчартта үлгіні ұсынылады. Бос орынға сөздерді қойып, өлеңді құрастыруды тапсырыңыз.
____ ____ көңілді, ____ ____ өмірді. Домбырасынан атамның, ____ ____ төгілді. |
Құрастырған өлең нұсқасы
Күй шырқалды көңілді,
Жандандырып өмірді.
Домбырасынан атамның,
Шаттық әуен төгілді.
2. Құрастырған өлеңдерін басқа топтарға беріп, топтар өлең сөздерін дұры немес қате қойғандарын тексерді.
Саралау: «Ресурс» тәсілі арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.
Қ/Б: «Таңба қою» «Өте жақсы»- тапсырманы жоғары деңгейде орындағанда қойылады, «Жақсы» - жақсы орындағанда қойылады, «Талпын» - орташа деңгейде орындағанда қойылады түрлі түсті таңбасымен бағалау.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қысқаша мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беруді ұйымдастырыңыз.
1. Мәтінді мұқият тыңда.
Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың атақты сазгері, дарынды күйшісі. Құрманғазы қандай тақырыпта күй жазса да, онда адам сезімінің барлық түрі – махаббат та, мейірімділік те, жақсылық та бар. Құрманғазы өмірде көп қиындық көрді. Патша үкіметі оны жазықсыз жазаламақшы болды. Сібірге жер аударайын деп жатқан жерден ол қашып құтылды. Түрме тақырыбына «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» деген күй шығарды.
2.Мәтіндегі көркем сөздерді теріп жаз.
3.Көркем сөздерді қолдана отырып, Құрмаңғазының қандай адам болағанын сипаттап айт.
Сабақтың соңы
Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суретін қоланыңыз. Оқушылардан алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстыруларын сұраңыз.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?