1.Қазақ тілі_3 сынып _2 бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» _3 сабақ_Жақсы мен жаманды айыра білемін_ ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: 3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің

көмегімен жоспар құрады, мазмұндама жазады;

  • үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі

негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

- көрсетілген бейнетаспа бойынша мұғалімнің көмегімен

жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;

  • сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

- көрсетілген материал бойынша өздігінен жоспар

құрады, көркем бейнелі сөздерді қолданып мазмұндама

жазады;

- сөз ішінде ц әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты

жазады;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

  • көрсетілген бейнетаспа арқылы шағын мазмұндама жазады;
  • ц дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазады.
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Мәтін және оның түрлері, ат қою, негізгі ойды табу. Сұрақтар құрастыру.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мәтін жазғанда қандай талаптарды басшылыққа аласың?Нені ескеру керек?

Әңгімелеу мәтінінің ерекшеліктері қандай?

Құндылықтарды дарыту

Жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге баулу;

Оқушыларды адалдыққа, жанашырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

4 минут

6 минут

5 минут

15 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж, қ) «Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Содан соң мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

І1. Негізгі бөлім

(МК, Т, Ө) Көркем жазу. Ц әрпін жазу:

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Оқушылар топқа бөлініп «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша Ц әрпіне байланысты сөздерді айтып, тақтаға жазады. 1-топ 2-топқа сөздер айтады. 2-топ 1-топқа сөздер айтып жазады. Сауатты, қатесіз жазған топ жеңімпаз атанады. Соңында барлық топ тақтадағы сөздерді дәптерлеріне қатесіз көшіріп жазып алады.

Мақсаты: ц әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.

Цемент, цилиндр, цех, цистерна, цирк, циклон, центнер

Оқушылар диктантты жеке орындайды. Уақыт шектеліп беріледі.

Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында ц әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.

Бағалау дескрипторы:

- құрамында ц әріптері бар сөздерді сауатты жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін

сақтап көлбеу, үзбей, көркем жазады.

3.3.3.1 (Т, Ж.) Тыңдалым. «Кеңпейілділік» атты әңгімені бейнетаспадан қарау. Бірлесіп жоспар құрып, мазмұндама жазуға дайындалу.

Оқушылар топқа бөлініп, бейнетаспадан көргендері бойынша ой қорыту жасап, тапсырмаларды бірге ақылдасып, шешеді. «Кейіпкерлер әлемі» әдісі бойынша әр топ бір-біріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Содан соң «Кейіпкер» әдісі бойынша сызба толтырады.

Шығарманың атауы

Кейіп

кері

Қасиет

тері қалай сурет

телген

Кейіп

керге беріле

тін баға

Ой- тұжы

рым, мақал-мәтел, даналық

сөздер

«Кейіпкерлерге мінездеме» әдісі бойынша әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме береді.

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме

Ойланып, шешім қабылдаған соң әр топ өз жұмыстарын шығып қорғайды. Бейнетаспадағы әңгіменің мазмұнына сай жоспар құрылады. Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұндама жазу керектігі айтылады. Қажет жағдайда бейнетаспа қайтадан көрсетіледі.

Жоспар

1. Ағайынды жандардың кәсібі

2. Ағасы мен інісінің түнгі әрекеті мен ойы

3. Мәди мен Мейірдің бауырмалдығы

1-деңгей: Көрсетілген сюжет бойынша сөйлемдер жазады.

2-деңгей: Оқиғалардың желісі бойынша тірек сөздерге сүйене отырып, мазмұндама жазады.

3-деңгей: Бейнетаспадағы оқиға бойынша өз бетінше мазмұндама жазады.

Берілетін тірек сөздер:егіншілік, жерге, отбасы, жаны ашып, бауырмал, түнде, астық, тасу, кеңпейілділік.

Бағалау дескрипторы:

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы)

сақтайды;

- жоспар бойынша жұмыс жасай алады;

- оқиғаның желісін сақтап, ретімен жазады;

- көрсетілім бойынша шағын мазмұндама құрап жазады;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап,

жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап

көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады;

Рефлексия

стикер

№1дәптер

мен жұмыс

Интерактив

ті тақта

«Асыл арна»

бағдарлама

сының хабары

3-слайд

Қосымша №1

4-слайд

Қосымша №1. 1

Қосымша №1. 2

5-слайд

Қосымша №1. 3

6-слайд

№1дәптер

мен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

аудиовизуалды материал бойынша жоспар құрып, мазмұндама жаза аламын.

ц дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазамын.

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазамын.

Үй тапсырмасы.

Бейнетаспадағы кейіпкерлерге сипаттау мәтінін жазып келу

7-слайд

8-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін қосымша тапсырмалар беріледі. Өз бетінше мазмұндама жазады.

Оқушылардың мазмұндама құрап жаза алуы, сөйлемдерді байланыстырып, қатесіз жазуы, жазу калиграфиясы, мәтіннің мазмұндық ерекшеліктерін сақтауы бағаланады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу