1.Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_27-сабақ Ч.щ дыбыстары_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

27-сабақ. Ч, щ дыбыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу;

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат алу, жүйелеуді үйренеді;

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

- үлгі негізінде ч-щ әрпі бар сөздерді есте сақтап сауатты жазады;

- жіберілген қателерді талдау арқылы табады.

Оқушылардың көпшілігі:

- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат табу жолын біледі, жүйелейді;

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

- сөз құрамында ч-щ дыбыстарын ажыратып, сауатты жазады;

- жіберілген қателерді сөздермен сәйкестендіру арқылы табады.

Оқушылардың кейбірі:

- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерді іріктеп, ақпарат табу жолын, жүйелейді;

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;

сөз құрамында ч-щ әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;

жіберілген қателерді өз бетінше түзетеді.

Бағалау критерийлері

- ақпаратты іздеу жолын біледі;

берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат алу, жүйелеуді біледі;

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бере біледі;

- сөз құрамында ч-щ дыбыстарын ажыратып, сауатты жаза алады;

- жіберілген қателерді сөздермен сәйкестендіру арқылы таба алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қатаң дауыссыз дыбыстар, чемпион, бокс

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Құндылықтар

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Тіл және сөйлеу, мәтін, мәтін және оның түрлері, сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

(Т, Қ) Ребус шешу. Топ оқушылары үйде құрастырған ребустарын алмасып, шешеді. Сыныпқа жұмыстарын таныстырады. Көрмеге орналастырады. Ең қызық, ең күрделі ребустарды белгілеу.

Кері байланыс: «Қай ребус ұнады? Неліктен?»

(Ұ) Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. Артиуляциядық жаттығу.

 

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

(30 минут)

мин

3.4.1.3 (ОТ; Ө; Ұ; Қ) Есте сақтау диктанты. Ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.

31-жаттығу. Кестедегі сөздерді жаттау (30 сек). Жатқа жазу. Жазған жұмысын тексеру, өзіндік бағалау.

Саралау

- ч-щ әріптерінің астын сызу;

- кестедегі әр бағаннан 1 сөзден таңдап, өзара байланыстырып 1 сөйлем құрастырып жазу.

Ш, щ, ч дыбыстарын жеке-жеке айтып, өзара салыстырады. Сөз құрамында ш, щ, ч дыбыстарының орнын анықтайды. Кестедегі жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді. Анықтамамен танысу.

3.1.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) 32-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқу, тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.

Тірек сөздермен алмасу.

Ащы, ашшы сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстырып, тұжырым жасайды. Щ әрпі қай сөздерде жазылатынын айтып, дәлелдейді.

- Өлеңнен қандай пайдалы ақпарат алдың?

- Автор осы өлең арылы не туралы айтқысы келді?

Сергіту сәті. «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдау.

- Өлеңді тыңдағанда қандай сезімде болдың?

- Бейнебаянда қандай сәттер саған ерекше ұнады?

(МК, Т) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. 34-жаттығу.

(Ө,Ж) 1-тапсырма: өлеңді оқу. «Чемпион» сөзі дыбыстық талдау жасау. Чемпион деп кімді атайды?

(Ұ) 2-тапсырма: «Бұл кім?» дидактикалық ойыны. Қазақстандық олимпиада және әлем чемпиондары суреттерін көрсету. Есімдерін атау, олар туралы білетін ақпараттарын ортаға салу.

- Ол спорттың қай түрімен айналысады?

(Әр түрлі ақпарат көздерін көрсетіңіз: кітап, журнал, қысқа фильмдер, қауіпсіз ғаламтор сайттары және т.б. Мұқабасын, суреттерді, мазмұнын, тақырыбын қолдана отырып, ақпаратты қалай іздеуге болатын үлгісін көрсету үшін қызықты мәтін алыңыз.)

(Т) 3-тапсырма. Дереккөзбен жұмыс.

І. Талдау жұмысы.

1. Бұл қандай афиша?

2. Кімдер кездеседі?

3. Олар спорттың қай түрімен айналысады?

4. Олар қай елдің өкілдері?

5. Бокс қай күні болады?

6. Бокс сағат нешеде болады?

5. Бокс қайда өтеді?

ІІ тапсырма: Спортшылар туралы қандай деректер алуға болады? Кестені толтыру.

Аты-жөні

Спорт түрі

Жасы

Бойы

Салмағы

Жетістіктері

Лақап аты

Қызықты деректер

Хоббиі

Афишада болмаған ақпараттарды қандай дереккөздерден тауып, іріктеп жазуға болады?

ІІІ тапсырма: Чемпион болу үшін...

Жадынама жазу. РАФТ әдісі

Бағалау дескрипторы:

  • дереккөздерден нақты деректерді іріктейді;
  • алынған мәліметтерді жүйелеп, кестеге түсіре алады;
  • алынған мәліметтерді жазу үшін қолдана алады;
  • жадынама құрылымын сақтайды.

Өзара бағалау. Орындалған жұмыстарды таныстыру, шағын көрме ұйымдастыру

 

Сабақтың соңы

Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

Өзіндік рефлексия. «Сөйлемді жалғастыру» тәсілі

Өзіме ұнаған жұмысым...

Менің сұрағым...

Айтар тілегім...

Үйге тапсырма: 33-жаттығу

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

.

Оқу әрекетін бақылау.

«Сөйлемді жалғастыру» тәсілі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу